LG брендінің тарихы

LG жасайтын барлық дүниенің негізінде бір міндеттеме жатыр: сіз өмір сүретін әрбір кеңістікте өмірді жақсарту.

LG-мен әрбір өзара әрекеттесуіңізде біз Life’s Good философиясын сіз үшін жүзеге асыруға ұмтыламыз.

Close-up of a white humanoid robot with a black oval-shaped head display. The screen shows two large white circular eyes, and a small blue dot appears next to the right eye, suggesting a blinking or winking motion. The background is a softly blurred indoor space with warm lighting.

Life’s Good деген не?

«Life’s Good» — бүкіл әлемдегі адамдардың әр күнін жақсартуға деген LG-дің айнымас ұмтылысын білдіретін бренд уәдесі.

LG Electronics компаниясында біз жақсы өмір дегеніміз — әрбір қымбат сәттен ләззат алу деп сенеміз: жақындарыңызбен үйде дайындалған асқа жиналу, достарыңызбен спорттық жарыстардың тікелей көрсетілімдерін тамашалау, демалуға уақыт табу немесе жаңа мекендерге жол тарту.

1958 жылы құрылғаннан бері LG жоғары сапалы теледидарлар, компьютерлер, кір жуғыш машиналар мен тоңазытқыштар ғана жасап қоймайды. Адамдар бізге сенім артып, күнделікті өміріне сенімді серік ретінде қабылдайды. Біз үйде, коммерциялық кеңістіктерде, цифрлық платформаларды пайдалану кезінде, сапарларда және бизнес-инфрақұрылымда олардың өмірін жақсартуға көмектесеміз.

Бүгін де, болашақта да біз Life’s Good философиясын әрбір адам үшін шындыққа айналдыратын инновациялар арқылы адамдардың өмірін жақсартуға және ғаламшардың жарқын болашағын қалыптастыруға ұмтыламыз.

LG не үшін қызмет етеді?

Біздің миссиямыз

Жақсы өмірге арналған инновациялар

LG миссиясы — адамға бағдарланған инновациялық Smart Life Solutions* шешімдері арқылы адамдардың өмірін жақсарту және ғаламшардың жарқын болашағын қалыптастыру. LG өмірдің әрбір сәтінде Life’s Good философиясын жүзеге асыратын Smart Life Solution Company компаниясына айналып келеді.

A horizontal collage of five lifestyle scenes arranged in organic rounded shapes on a beige background. From left to right: a bright living room with a large TV showing a mountain landscape, a sofa, rugs, and indoor plants by tall windows; a minimalist room with a standing display screen showing green leaves, surrounded by potted plants; a woman and a young girl in a laundry room holding a basket of clothes in front of a washer and dryer; a family scene in a modern kitchen where a father, mother, and child interact playfully near a washing machine and oven, with decorative garlands hanging above; a close-up of natural elements showing stones, green leaves, and small round pebble-like objects.

*Smart Life Solutions — үйге, коммерциялық кеңістіктерге, цифрлық платформаларға, мобильділікке және бизнес-инфрақұрылымға арналған өнімдер, сервистер мен технологиялар.

LG қандай қағидаттарға сенеді?

Біздің негізгі құндылықтарымыз

Клиенттік тәжірибенің ымырасыз сапасы

LG пайдаланушылар шын мәнінде бағалайтын өнімдер мен сервистерді ұсынуға ұмтылады. Қажеттілік сұранысқа айналмай тұрып-ақ, LG жоғары сапалы шешім ұсынуға дайын. Біз клиенттеріміз лайық болатын жоғары талаптарға сай болу үшін өнімдерде, сервистерде және коммуникацияларда ең жоғары сапа стандарттарын дәйекті түрде ұстанамыз.

Адамға бағдарланған инновациялар

LG адамдарды өзінің басты құндылығы деп санайды. Біз әртүрлілікті, өзара құрметті және үздіксіз дамуды қолдайтын жаһандық мәдениетті қалыптастырамыз. Адамдарды және олардың сан алуан өмір салтын түсіне отырып, әлемнің жақсы өмірге қарай қадам басуына көмектесетін инновациялық Smart Life Solutions шешімдерін жасаймыз.

Жүзге күлкі сыйлайтын жылылық

LG адамдардың өмірін, қауымдастықтардың әл-ауқатын және қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға ұмтыла отырып, әрбір ісіне қамқорлық пен ықылас танытады. Біз өнімдеріміз бен сервистеріміздің адамдарға күлкі сыйлағанын қалаймыз.