Мұздатқыш камерасы бар инновациялық энергия үнемдейтін тоңазытқыштар: ақша мен электр қуатын үнемдеу

Артық күш жұмсамай таза ыдыс-аяқ: заманауи асүйге арналған озық шешімдер

19/06/2026
Искусство гармонии: LG Electronics по-новому раскрывает концепцию Wallpaper TV

Ас дайындау отбасын біріктіреді, аспаздық тәжірибелерге шабыттандырып, ошақ басындағы ерекше сәттерді туындатады. Алайда әрбір дәмді кештің соңында ұнамсыз шаруа – ыдыс жуу күтіп тұрады. Сондықтан сенімді ыдыс жуғыш машина – заманауи әрі функционалды асүйдің маңызды бөлшегі.

LG DB475TXS ыдыс жуғыш машинасы тазалықты, сенімділікті және өз уақытын бағалайтындар үшін жасалған. Инновациялық шешімдерді біріктірген құрылғы күнделікті күйбең тірліктен арылтып, асүйдегі тазалықты өз мойнына алады.

LG DB475TXS ыдыс жуғыш машинасының басты ерекшеліктерінің бірі – TrueSteam™ технологиясы: бу ыдыстың май-дақтарын дереу кетіріп, мінсіз таза болуын қамтамасыз етеді. Жуылып шыққан кесе-қасықтар жарқырап, су дақтары айтарлықтай азаяды.

img


Мұқият тазалауға QuadWashTM жүйесі жауапты. Әр тарапқа бағытталған төрт бүріккіш ішкі кеңістікті толық қамтып, ыдыстың қуыстарын да тамақ қалдықтарынан тазартуға көмектеседі.

LG DB475TXS ыдыс жуғыш машинасына ыдыстарды салу ыңғайлығын EasyRackTM Plus жүйесі қамтамасыз етеді. Реттелетін себеттер майда кесе-тәрелкені де, көлемді кәстрөлді де, тәтті пісіретін қалыптарды да сыйдырып, ішкі кеңістікті оңай бейімдеуге мүмкіндік береді. Бұл әсіресе отбасылық кешкі астан кейін немесе бірнеше тағам дайындаған соң ыдыс жуған кезде өте ыңғайлы.

LG ThinQTM технологиясының арқасында заманауи ас үй ыңғайлы бола түседі. Мобил қолданба арқылы құрылғының жұмысын бақылап, циклдің аяқталғаны туралы хабарландыру алуға және қосымша баптауларды пайдалануға болады. Мұндай тәсіл тұрмыстық техниканы заманауи өмір ырғағына оңай бейімдеуге көмектеседі.

LG DB475TXS ыдыс жуғыш машинасының маңызды артықшылығы – энергия тиімділігінің жоғары деңгейі. Су мен электр энергиясын үнемдеу тұтынатын ресурстарды ғана азайтпай, күнделікті күтім-тазалық күйбеңін экологиялық жағынан да зиянсыз етуге септігін тигізеді.

Ыдыс жуғыш машинаны таңдағанда, көпшілік оның сенімділігіне, жуу сапасына және пайдалану ыңғайлылығына назар аударады, циклдің қанша созылатынына және үздік нәтижеге жетуге қандай технологиялар көмектесетініне де қызығушылық танытады. Заманауи шешімдер осы параметрлердің барлығын бір құрылғыға біріктіріп, ыдысқа күнделікті күтім жасауды оңай әрі қолайлы етеді.

LG DB475TXS ыдыс жуғыш машинасының кіріктірілетін үлгісі ас үй кеңістігіне оңай үйлесіп, оның эстетикасы мен функционалдығын сақтайды, бұл әсіресе заманауи ас үйді жаңартқанда маңызды.

Технологиялар күнделікті күйбең-тіршілікті өз мойнына алғанда, ас үйде шығармашылықпен айналысуға, туғандармен араласуға және ұйытатын жайлы сәттерге көбірек уақыт қалады.