We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
"Шексіз қарап отырғың келе беретін нәрселер бар дейді. Мен үшін бұл таңның атуы, күннің батуы, стилді дизайн, әр нәрсе өз орнында тұрған кеңістік. Жыл он екі ай бойы жаз да бар тағы. Сондай-ақ LGInstaView™" функциясына ие тоңазытқышымды айтар ем.
Үй – шабыт беретін жер деп әрқашан сенетінмін. Бұл – әр бөлшегі тыныштық пен үйлесім сезімін тудыратын, үнемі тартып тұратын орын. Сондықтан мен интерьерге өте мұқият қараймын және техниканы тек сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен қатар кеңістікке қаншалықты үйлесетініне қарай таңдаймын.
Маған LG InstaView™ ұнайтыны сондықтан. Мен үшін бұл заманауи технологиялардың күнделікті өмірде әдемі, ыңғайлы және шынымен пайдалы болатынының үлгісі.
Дағдыға тез айналатын технология
LG InstaView™ тоңазытқыштарының ең танымал ерекшелігі – екі жеңіл жанасқанда мөлдір болатын шыны панель.
Бастапқыда бұл жай ғана әдемі әсер сияқты көрінеді. Бірақ бірнеше күннен кейін-ақ оның қаншалықты ыңғайлы екенін түсінесің. Тоңазытқышты артық ашпай-ақ, бір секундта ішінде не бар екенін көруге болады. Күнді минутқа бөлсе, мұндай ұсақ-түйектер шынымен де уақытты үнемдейді.
Сонымен қатар, есікті сирек ашасың – демек, ішіндегі тұрақты температура ұзақ сақталады.
Техника интерьердің бір бөлігіне айналған кезде
Маған үйдегі заттардың назарды өзіне аудартпай, кеңістіктің бір бөлігіне айналғаны ұнайды.
LG InstaView™ дәл сондай. Жинақы дизайн, шыны бет, минималистік сызықтар - тоңазытқыш заманауи көрінеді және кез келген интерьермен оңай үйлеседі. Мен үшін техниканың тек функционалды ғана емес, сонымен қатар ас үйге кірген сайын көз қуантатындай болуы маңызды.
Байқатпай жұмыс істейтін технологиялар
Маған тағы бір ұнайтыны – техниканы LG ThinQ™ қосымшасы арқылы смартфоннан басқару мүмкіндігі.
Тоңазытқышқа жақындамай-ақ оның жағдайын тексеруге, Smart Diagnosis™ функциясын пайдалануға немесе кейбір баптауларды өзгертуге болады. Маған технологиялар бейімделуді қажет етпей, күнделікті өмірдің үйреншікті бөлігіне айналып, оны ыңғайлырақ ететіні ұнайды.
Сұлулық – әр бөлшегінде
Мен әдеміліктің ұсақ-түйектерден тұратынын жиі айтамын. Таң шапағынан. Ұқыпты кеңістіктен. Күнделікті пайдаланғыңыз келетін заттардан.
Маған LG InstaView™ ұнайтыны сондықтан шығар. Ол күрделі технологиясымен жай технология үшін таңғалдыруға тырыспайды. Ол жай ғана күнделікті өмірді әдемі, ыңғайлы және жеңілірек етеді. Мен үшін бұл – заманауи үйдегі бәрінен де жоғары бағалайтын нәрсем.
