LG ауа тазарту жиынтығымен кеңседегі ауа әрдайым таза

LG ауа тазарту жиынтығымен кеңседегі ауа әрдайым таза

25/07/2024

Ауаның ластануы — қазіргі заманның ең өзекті экологиялық мәселелерінің бірі.Ірі қалалар мен өнеркәсіптік аймақтарда атмосферадағы зиянды заттардың концентрациясы шекті деңгейге дейін жетіп, бұл қоршаған ортаға ғана емес, сонымен қатар халықтың денсаулығы мен өмір сүру сапасына да елеулі әсерін тигізеді.




Ұсақ қатты бөлшектер


Ерекше қауіп төндіретіндер — PM2.5 микробөлшектері (диаметрі 2,5 микрометрден аз). Бұл бөлшектер соншалықты кішкентай, олар өкпеге терең еніп, тіпті қанға түседі. Шағын өлшемі оларға ағзаның қорғаныс тосқауылдарынан өтіп кетуге мүмкіндік береді, нәтижесінде тыныс алу жолдарының қабынуы, демікпенің асқынуы және басқа да респираторлық аурулар туындауы мүмкін. 2013 жылы Халықаралық қатерлі ісік ауруларын зерттеу агенттігі (IARC) ұсақ шаңды бірінші санаттағы канцероген ретінде таныды.


PM2.5-тің негізгі көздеріне автокөлік газдары, өндірістік шығарындылар, қазба отынын жағу және орман өрттері жатады. Бұл бөлшектер атмосферада ұзақ уақыт сақталып, алыс қашықтықтарға таралып, аймақтық және жаһандық деңгейде ауа сапасына әсер етеді.


2020 жылғы World Air Quality Report (IQAir) есебіне сәйкес Қазақстан 106 елдің ішінде халық санына шаққандағы PM2.5-тің орташа жылдық концентрациясы бойынша 33-орында тұр. Сондықтан ауаның ластану мәселесін шешудің ұзақмерзімді жолдарын іздеу, сондай-ақ үй ішіндегі ауа сапасының нашарлауына шұғыл әрекет ететін құралдарды пайдалану маңыздылығы артып келеді.




LG Air Purification Kit


LG кеңсе, үй және коммерциялық ғимараттарға арналған инновациялық технологияларды ұсынады, олар зиянды бөлшектерден ауаны тазартуға көмектеседі. Солардың бірі - 5 сатылы сүзу жүйесімен жабдықталған LG Air Purification Kit ауа тазарту жиынтығы. Air Purification Kit бар желдету жүйесіне орнатылып, ауаны тиімді тазартады, бұл жиынтық ультраұсақ шаңның 99,9%-ын жояды1. Ол PM1.0 сенсоры арқылы ауа сапасын нақты уақыт режимінде бақылауға, аллергендер, бактериялар мен вирустар болуы мүмкін ұсақ бөлшектерден тазартуға және жағымсыз иістерді кетіруге мүмкіндік береді. LG кассеталық ішкі блоктарына орнатыла алатын бұл жиынтықты күтіп ұстау да оңай. Жуылатын сүзгісінің арқасында оны ауыстырудың қажеті жоқ.


Дөңгелек кассеталық блок – сәнді шешім


LG ауа тазарту жиынтығын әртүрлі кассеталық сплит-жүйенің ішкі блоктарына орнатуға болады, бірақ кеңсе мен коммерциялық кеңістіктер үшін ең сәнді және ерекшесі - дөңгелек кассета.


LG дөңгелек кассетасы талғампаз дизайнымен ерекшеленеді және соқыр аймақтары жоқ ауа ағынының икемді таралуын қамтамасыз етеді.


Дөңгелек кассеталарда ауа келесі кезеңдер бойынша тазартылады:


1-кезең. Бөлшектерден тазарту
Бастапқы сүзгі ірі шаң бөлшектерін ұстап қалады және адам ағзасына зиян келтіретін қатты бөлшектерді жояды.
2 және 3-кезеңдер. Шаңды электрлеу және PM1.0 сүзгісі
Диаметрі 1,0㎛ және 0,05㎛ болатын бөлшектердің 99,9%-ын жояды, бұл бөлшектер денсаулыққа ұзақмерзімді қауіп төндіруі мүмкін.
4-кезең. Иістерді жою Дезодорациялаушы сүзгі шаң жойылғаннан кейін ауадағы иістер мен зиянды газдарды жояды.
Ауа тазарту жиынтығы TÜV Rheinland сертификатынан өтті – сынақтар оның ультраұсақ шаңның 99,9%-ын тиімді түрде жоятынын растаған.Сондай-ақ LG Air Purification Kit жиынтығы British Allergy Foundation қорының сертификатына ие, бұл оның аллергендер, бактериялар мен вирустарды жоюда тиімді екенін дәлелдейді.




Үйде, кеңседе немесе демалыс орнында болсын, LG-дің ауа тазартуға арналған шешімдері тәулік бойы сапалы ауамен қамтамасыз етеді. Қоршаған ортаның саулығын сақтау бүгінде бұрынғыдан да маңыздырақ, және LG компаниясы ауа тазарту саласындағы кешенді шешімдері арқылы сіздің өміріңізді жақсартуға әрқашан дайын.


###


1 - TÜV Rheinland ұйымының 2020 жылғы 27 тамыздағы 60392905 001 нөмірлі сертификаты бойынша PAH-TUP0M моделі ұсынылған режимде жұмыс істеген кезде ультраұсақ шаңның 99,9%-ын жоятыны расталған.