Как избежать утомления глаз при длинных гейм-сессиях

Ұзақ гейм-сессия кезінде көздің шаршауын қалай азайтуға болады

24/02/2026

Қазіргі ойын сессиялары сағаттап жалғасуы мүмкін: бұл сюжеттік кампаниядан өту, рейтингтік матчтар немесе киберспорт турнирлері болуы мүмкін. Алайда экран алдында ұзақ отыру көздің шаршауына, құрғауына, қызаруына әкеледі. Ойыннан толық ләззат алу үшін дұрыс әдеттерді сапалы техникамен үйлестіру маңызды.

img


Ойын кезінде көз неге шаршайды?

Экран алдында ұзақ отыру бірнеше себепке байланысты көзге салмақ түсіреді:

  • Бөлмедегі жарықпен салыстырғанда экран жарықтығының тым жоғары немесе төмен болуы – көз үнемі бейімделуге мәжбүр болады.
  • Экранға зейін қойған кезде сирек жыпылықтау – құрғақтық пен тітіркенуге әкеледі.
  • Монитордың дұрыс орналаспауынан көз бен мойын бұлшықеттеріне қосымша жүктеме түседі.

Жақсы жаңалық – бұл жайсыздықтың алдын алуға болады. Ұзақ уақыт шаршамай ойнаудың құпиясы қарапайым: дұрыс әдеттер және заманауи технологиялар.

Көзді қорғауға көмектесетін пайдалы әдеттер

1. «20-20-20» ережесі

Әр 20 минут сайын экраннан көзді алып, шамамен 6 метр қашықтықтағы нысанға кемінде 20 секунд қараңыз. Бұл көздің босаңсуына көмектеседі.

2. Қысқа үзілістер жасаңыз

Әр сағат сайын 5-10 минут демалу көзге де, дене қалпына да пайдалы: орныңыздан тұрып, жүріп, жеңіл жаттығу жасаңыз.

3. Жыпылықтауды ұмытпаңыз

Экранға берілгенде жыпылықтау жиілігі 2-4 есе азаяды, бұл құрғақтық тудырады. Саналы түрде жиі жыпылықтау немесе қажет болса жасанды жас тамшыларын қолдану жайлылықты сақтайды.

4. Дұрыс жарықтандыру

Бөлмедегі жұмсақ, экранға тікелей түспейтін жарық монитор мен қоршаған орта арасындағы контрастты азайтып, көзге түсетін жүктемені төмендетеді.

img


Монитор көзге түсетін жүктемені қалай азайтады?

Әдеттер маңызды, бірақ техника да жайлылыққа тікелей әсер етеді. LG UltraGear™ 27GX790A-B ойын мониторы көзге түсетін жүктемені азайтуға көмектесетін бірқатар сипаттамаларға ие.

Жыпылықтаусыз бірқалыпты қозғалыс

Жаңарту жиілігі жоғары (480 Гц-ке дейін) OLED-экран және 0,03 мс жауап беру уақыты бейненің ерекше бірқалыпты қозғалысын қамтамасыз етеді. Бұл жылдам ойын кезінде көздің шаршауын азайтып, көріністі жеңіл қабылдауға мүмкіндік береді.

Шағылысты азайту

Антиблик жабыны бөлме жарығының экранда шағылуын төмендетеді. Соның арқасында көз «жарықтың арасынан» бейнені көруге тырысып, артық күш жұмсамайды.

Эргономика және дұрыс орналастыру

Мониторды еңкейтуге және биіктігін реттеуге болады. Дұрыс қалып – көз экранға сәл төмен қарайтын деңгейде орналасуы. Бұл мойын мен көз бұлшықеттеріне түсетін салмақты азайтады.

OLED бейне сапасы

OLED – тек әдемі сурет емес, сонымен қатар көзге қамқорлық. Шексіз контраст пен терең қара түс бейнені барынша айқын етеді. Мұндай көрініске көз тезірек фокус жасайды, сондықтан шаршау баяу жиналады.

img


Ұзақ ойын кезінде жайлылықты сақтау үшін:

  • монитордың жарықтығы мен контрастын бөлмедегі жарыққа сай реттеңіз;
  • көз тез шаршаса, көк жарықтан қорғайтын немесе көруді түзететін көзілдірік қолданыңыз;
  • отыру жайын дұрыс қадағалаңыз: экран сізден шамамен 50–70 см қашықтықта, тура алдыңызда орналасуы керек.

Пайдалы әдеттер LG UltraGear™ 27GX790A-B сияқты озық технологиялармен үйлескенде, гейминг ұзақ ойын марафондары кезінде де әсерлі әрі көз үшін қауіпсіз болады.

LG.kz интернет-дүкенінен техника таңдағанда сіз ыңғайлы онлайн-сервисті пайдаланасыз. Сатып алу жылдам әрі ыңғайлы рәсімделеді, ал LG клубына қатысу тиімді бонустарға жол ашады: 5% сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, кейбір модельдерге тегін жеткізу мен орнату1. Төлемді банк картасымен, Kaspi QR және Apple Pay арқылы немесе пайызсыз бөліп төлеумен жасауға болады.