We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Шаңсорғыш – үйдегі ең көп еңбек ететін құрылғылардың бірі. Ол шаң-тозаңмен және үй жануарларының жүндерімен күресте күн сайын дерлік жұмыс істейді. Алайда бұл сенімді көмекші ұзақ жылдар бойы қуатын жоғалтпай қызмет етуі үшін оған да аздап күтім қажет. Жақсы жаңалық – бұл аса қиын емес. Осы мақалада LG A9T LITE сымсыз шаңсорғыш үлгісі негізінде техниканы дұрыс пайдалану оның қызмет ету мерзімін қалай ұзартатынын қарастырамыз.
Тұрақты қуаттың сыры
Көпшілік шаңсорғыштың тарту күші әлсіресе, мәселе қозғалтқышта деп ойлайды. Алайда көп жағдайда себеп әлдеқайда қарапайым – сүзгілердің бітелуі. Олар шаңсорғыштың «жүрегін» қорғайды, бірақ шаң жиналған сайын ауа айналымына кедергі көбейіп, тазалау тиімділігі төмендейді. Сонымен қатар, бітелген сүзгілер қозғалтқышқа түсетін жүктемені арттырады.
Сүзгілерді дұрыс күту:
- Жуылатын сүзгілерді екі апта сайын жуып тұруды әдетке айналдырыңыз – бұл бірнеше минут қана уақыт алады.
- Сүзгіні орнына салуға асықпаңыз: ол табиғи жолмен толық кепкен болуы тиіс.
- Шығатын ауаның тазалығына жауап беретін HEPA сүзгісін тексеруді ұмытпаңыз.
Көп сатылы сүзгілеу LG жүйесі шаңды іште ұстап қалады, ал тұрақты күтім оның тиімді әрі ұзақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Контейнер мен щеткалар: ұсақ бөлшектерге назар аударыңыз
Шаңсорғыштың өзі де таза болуы тиіс, өйткені бұл үйдегі тазалыққа тікелей әсер етеді. Шаң жинайтын контейнерді бірнеше тазалаудан кейін босатып тұру ішкі ауа айналымының дұрыс сақталуына және тұрақты тарту қуатына көмектеседі.
Сондай-ақ негізгі жұмыс бөлшектері – щеткалар мен саптамаларды да ұмытпаңыз. Білікке оралған шаш пен жіптер оның айналуын баяулатып, тазалау сапасын төмендетеді. Қайшы немесе тазалау щеткасының көмегімен оларды алып тастау саптаманың еркін қозғалуына және кілем мен еденді тиімді тазалауға мүмкіндік береді.
Аккумуляторға дұрыс күтім жасау
Сымсыз модельдердің басты артықшылығы – мысалы LG Клининг Станциясы A9T-LITE, Kompressor™, док-станциясы бар – қозғалыс еркіндігі. Бұл еркіндікті ұзақ сақтау үшін аккумуляторды дұрыс пайдалану маңызды.
Құрылғыны жылыту радиаторларының жанына немесе тікелей күн сәулесінің астына қоймаңыз, себебі қызып кету аккумулятордың қызмет ету мерзімін қысқартады.
Осындай қарапайым әдеттер аккумулятор сыйымдылығын және Kompressor™ шаңсорғыштың тұрақты қуатын ұзақ сақтауға көмектеседі.
Құрылғыны мақсатқа сай пайдаланыңыз
- Ірі құрылыс қалдықтарын немесе өткір заттарды сорғызбаңыз, себебі олар ішкі бөлшектерге зақым келтіруі мүмкін.
- Қуат режимін дұрыс таңдаңыз. Күнделікті тазалау үшін стандартты режим жеткілікті, ал ең жоғары қуатты тек қажет болған жағдайда, мысалы, қалың кілемдерді тазалау кезінде пайдаланыңыз.
Күтім бойынша қысқаша тізім
Ештеңені ұмытпау үшін қарапайым ережені ұстануға болады:
- әр тазалаудан кейін контейнерді босатыңыз;
- аптасына бір рет щеткалар мен сүзгілерді тексеріңіз;
- айына бір рет сүзгілерді жуып, саптамаларды қарап шығыңыз;
- маусым сайын толық тазалау жүргізіп, бітелулердің жоқ екеніне көз жеткізіңіз.
Шаңсорғышқа тұрақты күтім жасау оның қуатын сақтауға, тозуын азайтуға және әр тазалаудың тиімді болуына көмектеседі. Таза сүзгілер, күтілген щеткалар және дұрыс зарядталатын аккумулятор техниканың сенімді әрі ыңғайлы жұмысын қамтамасыз етеді.
Дұрыс күтім жасалған LG шаңсорғыштары, мысалы LG Клининг Станциясы A9T-LITE, Kompressor™ үйдегі тазалықты сақтауды әлдеқайда жеңілдетеді. Құрылғыға аз ғана көңіл бөлу оның ұзақ уақыт бойы тұрақты жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Сізге лайық шаңсорғышты LG.kz интернет-дүкенінен таңдауға болады. Мұнда заманауи технологиялар мен үйден шықпай сатып алу мүмкіндігі ұсынылады. LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустар алыңыз: 5% сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, сондай-ақ кейбір модельдерге тегін жеткізу және орнату1. Төлем жасау тәсілдері де ыңғайлы: картамен, Kaspi QR, Apple Pay немесе артық төлемсіз бөліп төлеу арқылы алуға болады.
