Как создать домашний кинотеатр на Новый год с LG

LG көмегімен Жаңа жылға арналған үй кинотеатрын қалай жасауға болады

03/12/2025

Жаңа жыл – ғажайыптарға, жылы сезімдерге және ең жақын жандармен өткізілетін жайлы кештерге толы уақыт. Елестетіп көріңіз: гирляндалардың жұмсақ жарығы, сүйікті кесеңіздегі ыстық шоколад және үлкен экрандағы фильм. LG-мен бірге мерекелік көңіл күйде болыңыз: айқын бейне, әсерлі дыбыс және интуитивті басқару қарапайым кешті үйдегі нағыз кинотұсаукесерге айналдырып, мерекені ерекше әсерге бөлейді.

img


Үй кинотеатрының жүрегі: Smart TV LG OLED evo AI C5 4K 2025 жылғы және саундбар LG SG10TY

Кез келген үй кинотеатрының басты элементтері – экран мен дыбыс. Smart TV LG OLED evo AI C5 4K 2025 және LG SG10TY саундбары сіздің үйіңізде нағыз кинотеатр әсерін қалыптастырады. Smart TV LG OLED evo AI C5 4K 2025 әр пиксельде қанық түстерді, терең қара реңкті және әсерлі контрастты қамтамасыз етеді. α9 Gen8 жасанды интеллект процессоры бейненің айқындығын арттырып, көріністі барынша шынайы етеді. Brightness Booster технологиясы түстердің 100% көлемін жеткізіп, мерекелік атмосфераға толық бойлатады: гирляндалар жарқырап, қарлы көріністер тірі бейнедей сезіледі. Dolby Atmos және AI Room Calibration технологияларын қолдайтын LG SG10TY саундбары көлемді дыбыс шығарып, әр көріністің әсерін күшейтеді.

LG технологиялары баптауды нағыз ләззатқа айналдырады. Filmmaker Mode және AI Sound Pro секілді бейне мен дыбыс режимдерін таңдап, көріністі өз қабылдауыңызға мінсіз үйлестіре аласыз. Теледидар мен саундбарды AI Magic Remote пульті немесе ThinQ қолданбасы орнатылған смартфон арқылы басқару өте ыңғайлы. Ал дауыспен басқару арналарды ауыстыруға, стримингті қосуға және дыбыс деңгейін реттеуге мүмкіндік береді.

img


Мерекелік атмосфера қалыптастыру

Үй кинотеатры шын мәнінде мерекелік көңіл күй сыйлауы үшін әрбір ұсақ-түйегін ойластыру маңызды, LG өнімдерін жасау кезінде дәл осы қағида басшылыққа алынған. Жұмсақ, шашыраңқы жарық экранға назар аударуға көмектеседі, ал Filmmaker Mode режиссер ойлаған түстер мен динамиканы сақтайды. Теледидарды көз деңгейінде, ал саундбарды алдыңғы жақта орналастырған жөн, сонда дыбыс біркелкі таралады. Жайлы атмосфера жасаңыз: жұмсақ жамылғы мен жастықтарды қойып, бөлмені гирляндалар мен шамдармен безендіріңіз, шағын жаңа жылдық шырша немесе мерекелік әшекейлер қосыңыз. Тіскебасарды да ұмытпаңыз: попкорн, ыстық шоколад немесе шағын бутербродтар көріністі одан әрі жағымды етіп, нағыз кинотеатр әсерін береді.

Жаңа жылдық кинотеатрға арналған контент

Мерекені одан әрі жарқын ету үшін фильмдер мен мультфильмдер топтамасын алдын ала дайындаңыз. Smart TV LG OLED evo AI C5 4K 2025 OLED экраны әр кадрды барынша қанық етіп көрсетсе, LG SG10TY саундбары көріністерге көлем мен өмірлік әсер береді. WebOS жүйесі стриминг сервистерін жылдам іске қосып, сүйікті жаңа жылдық фильмдерді кідіріссіз көруге мүмкіндік береді. Отбасымен бірге тамашалау мен интерактивті ойындар қарапайым кешті шынайы мерекеге айналдырады.

img


Smart TV LG OLED evo AI C5 4K 2025 және LG SG10TY саундбары жиынтығы әр кешіңізді әсерлі киношоуға айналдырады. Кристалдай таза бейне, терең контраст, қанық түстер мен көлемді дыбыс толық қатысу әсерін сыйлайды. Пульт немесе смартфон арқылы оңай басқару көріністі барынша жайлы етеді. LG-мен бірге әр кадр мерекелік атмосфераға толы, ал Жаңа жыл одан да жарқын, жайлы әрі сиқырлы бола түседі.

Жаңа жылға дайындықты ертерек бастап, Smart TV LG OLED evo AI C5 4K 2025 пен LG SG10TY саундабрына арналған тиімді ұсыныстарды LG.kz интернет-дүкенінен пайдаланыңыз. Бұл сайтта сіз заманауи технологияларды пайдаланып, ыңғайлы онлайн сатып алудың барлық мүмкіндігін таба аласыз. LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустар алыңыз: 5% сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, сондай-ақ кейбір модельдерге тегін жеткізу және орнату1. Төлем жасау тәсілдері де ыңғайлы: картамен, Kaspi QR, Apple Pay немесе артық төлемсіз бөліп төлеу арқылы алуға болады.