Индукциялық плитаның күтімі

Индукциялық плитаның күтімі

06/10/2023

    Дизайнерлер оларды өз клиенттеріне ұсынады – мұндай плиталарды кез келген дерлік ас үйдің интерьеріне енгізу оңай, оларды қолдану жеңіл және ыңғайлы, әрі дайындау үдерісін жылдамдатады.

    Мысалы, 4 оттығы және PowerBoost функциясы бар LG Studio индукциялық плитасы қажетті температураға дейін барлық қосылған аймақтардың қыздырылу мерзімін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді, әрі оларға көбірек қуат береді. Бұл плитаның барлық функциялары сенсорлық басқару панелінің көмегімен бір рет түрту арқылы реттеледі. Ал автоматтық таймер қыздыруды белгіленген уақытта өшіреді, сондықтан сізге тағамның қашан дайын болатынын күтіп отырмай, сағатқа ұдайы қарай берудің керегі жоқ. .

    Тағы бір маңызды артықшылығы – қалдық жылу индикаторы. Осы функцияның арқасында сіз оттықтардың қашан толық салқындағаны мен оларға қол тигізу қауіпсіз екенін нақты білетін боласыз. LG Studio плитасының стильді және минималистік дизайны қандай да бір стильге байланбай-ақ оны жұмыс аймағына енгізу мүмкіндігін ескере отырып әзірленген – сіз сүйікті плитаңызды сақтай отырып, ас үйіңіздің интерьерін өзгерте аласыз. Алайда индукциялық плита ұзақ уақыт қызмет етуі мен сатып алынған күндегідей жарқырауы үшін оған дұрыс күтім жасау қажет.

    1. Тамақ дайындағаннан кейін әркез сүртіп отырыңыз. Беттің толық салқындағанын күтіңіз және оны микрофибрадан жасалған құрғақ (немесе қатты ластанған кезде сулы) майлықпен сүртіңіз. 2. Индукциялық плитаны жуу үшін тек қана арнайы құралдарды, не болмаса терезе немесе шыны ыдысты жууға арналған құралдарды қолданыңыз. 3. Индукциялық плитаны қажақ ұнтақтар және кедір-бұдыр немесе металл ысқыштардың көмегімен жумаңыз, сондай-ақ қатты әсер ететін тұрмыстық химияны қолданбаңыз. 4. Егер сіз плитаның үстіне жарма, тұз немесе қантты шашып алсаңыз, оның бетін сырғызып алмау үшін құрғақ әрі жұмсақ майлықпен абайлап алып тастаңыз. 5. Қант және құрамында қанты бар азық-түлік түрлерін пайдаланған кезде абай болыңыз. Бұл пластик және полиэтилен сияқты тез балқитын материалдарға да қатысты. Егер олар қыздырылған плитаның бетіне түссе, олар жабысып қалмауы үшін бірден алып тастауыңыз керек – оларды жою өте қиын. 6. Тек қана индукциялық плиталарға арналған ыдысты қолданыңыз және табалар мен кәстрөлдерді плитаның үстінде ешқашан жылжытпаңыз – қою үшін көтеріңіз. 7. Плитаға қойылатын ыдыс қатты суық немесе сулы болмауы тиіс, әйтпесе уақыт өте келе үстіңгі қабаттың құрылымы өзгеріп, бетінде жарықтар пайда болады.

    Индукциялық плитаны қалай жуу керек

    Индукциялық плиталарды жуу үшін арнайы құралдарды қолданған жөн. Олар құрамында арнайы заттектері бар крем тәріздес және сұйық түрінде болады, әрі жаққан кезде көзге көрінбейтін үлдірді құрайды. Бұл тамақ қалдықтарының плита бетіне жабыспауы мен оларды жою жеңіл болуы үшін маңызды. Құралды толық салқындаған панельге жайлап жағу керек, бірнеше минут күтіңіз және микрофибрадан жасалған сулы майлық немесе жұмсақ ысқышпен кірді алып тастаңыз. Ерекше қиын жағдайларда бетін тырнап тастамайтын шыны қышқа арналған арнайы қырнауышты қолданыңыз. Содан кейін тағы бір рет сулы майлықпен өтіңіз және плитаны құрғақ болатындай етіп сүртіңіз.

    Егер арнайы құрал болмаса, индукциялық плитаны шыны ыдысты жууға арналған гель немесе креммен жууға болады. Алайда бұл үдеріс көбірек уақытты алады. Құралды майлық немесе жұмсақ ысқыштың көмегімен плитаның бетіне біркелкі жағыңыз. Кемінде 10 минутқа қалдырыңыз, содан кейін сулы шүберекпен ақырын сүртіңіз. Гель немесе крем толықтай кетірілген кезде іздер қалмауы үшін панельді қағаз немесе мақта сүлгімен сүртіп шығыңыз.

    Сондай-ақ сіз индукциялық плитаны терезелерді жууға арналған құралмен тазалай аласыз. Алайда оны плитаның үстіне бірден сеппеңіз – әуелі микрофибрадан жасалған майлыққа, содан соң панельдің бетіне жағыңыз. Бетті толықтай сүртіп шығып, кейін таза суға малынған майлықпен өтіп, қағаз сүлгімен құрғатыңыз. Мұндай әдіс болмашы ластанған кезде жарамды.

    Шамалы ластанған кезде көмекке келетін тағы бір нұсқа – меламин ысқыштары. Оларды қосымша құралдарсыз, тек сулап алып қолдану керек. Плитаның бетінде ешқандай қиқымдардың қалмағанын тексеріңіз және сәл ысқылау арқылы плитаның бетін сулы ысқышпен сүртіңіз. Іздер қалмау үшін панельді қағаз сүлгі немесе микрофибрадан жасалған майлықпен сүртіп шығыңыз.

    Маңызды жайт: плитада ешуақытта ылғалды іздерді қалдырмаңыз, әйтпесе уақыт өте келе оларды жою мүмкін болмайды.


    Индукциялық плитаға күтім жасау бойынша осы қиын емес ережелерді ұстана отырып, сіз оның қызмет ету мерзімін ұзартасыз және өзіңізді жөндеу немесе бөлшектерін ауыстыруға жұмсалатын артық шығындардан қорғайсыз.

    Ал егер сіз мұндай плитаны немесе кез келген басқа панельді сатып алу туралы ойланып жүрсеңіз, біздің интернет-дүкеніміздегі науқанға назар аударыңыз. Біз 2023 жылдың 31 қазанына дейін тек қана сайтымызда кіріктірілетін тұмшапешті сатып алған кезде кіріктірілетін плитаға 30% жеңілдікті сыйлаймыз.