Күзгі ауа райы құбылғанда үйде жайлы температураны қалай сақтауға болады
15/09/2026

Таңертең терезе сыртында +8 °C, күндіз күн сәулесі бөлмені жылытып үлгереді, ал кешке қайтадан жылы көрпеге оранғың келеді. Күзде үйдегі температура бірнеше сағаттың ішінде-ақ өзгеруі мүмкін. Терезені қайта-қайта ашып, жылытқыш қосып немесе техниканың баптауларын қолмен өзгерте бермей, үйдегі жайлы температураны кондиционердің көмегіне сеніп тапсыруға болады.

Заманауи LG кондиционерлері тек салқындатумен шектелмейді. Олар салқын күндері бөлмені тез жылытуға, күн күрт жылынып кеткенде ауаны салқындатуға және температураның өзгеруіне қарай жұмысын автоматты түрде реттеуге көмектеседі.

Ауа райы бір күнде бірнеше рет өзгергенде

Маусымаралық кезеңде ауа райының құбылуына оңай бейімделетін техника әсіресе пайдалы.

LG EVO Max DC24RH қос инверторлы компрессормен жабдықталған және бөлмені жылдам әрі тиімді салқындатып, жылытуға мүмкіндік береді. Мысалы, таңертең кондиционер бөлмені жылыта алады, ал күндіз күн сәулесінен үй іші қыза бастағанда, салқындату режиміне ауысады.

Режимді таңдағанда терезе сыртындағы ауа райымен қатар, бөлменің көлемін, күн сәулесінің түсу деңгейін және өзіңіздің күнделікті әдеттеріңізді де ескерген жөн. Осылайша үйдегі жайлы температураны үнемі бақылап, баптап отырудың қажеті азаяды.

img


AI Air: климат жағдайға қарай бейімделеді

Күздің құбылмалы ауа райына бейімделуге көмектесетін тағы бір шешім — LG AI Deluxe H09S1D. AI Air функциясы, яғни жасанды интеллект, температураның өзгеруі мен қоршаған орта жағдайын талдап, температураны, желдеткіш жылдамдығын және ауа ағынының бағытын автоматты түрде реттейді.

Радарлы датчик бөлмедегі адамның орналасқан жерін анықтап, ауа ағынын тікелей немесе жанама бағыттауға көмектеседі. AI Air функциясы салқындату кезінде де, жылыту режимінде де жұмыс істейді.

Мұндай тәсіл әсіресе күзде ыңғайлы: өйткені таңертең қолайлы болған бір режим күн бойы сол күйінде қала бермеуі мүмкін.

img


Бөлмені жылдам салқындату және жылыту

Үйдегі жайлы температура тек термометрдегі көрсеткішке емес, ауаның бөлме ішінде қалай таралатынына да байланысты.

LG AI Deluxe H09S1D моделіндегі DUAL Vane технологиясы қос жалюзи арқылы ауа ағынын жоғары немесе төмен бағыттап, оның бөлме ішінде әрі қарай және жылдамырақ таралуына көмектеседі. Модельде бөлмені жылдам салқындатуға және жылытуға арналған Fast Cooling және Fast Heating режимдері де қарастырылған.

Кондиционерді LG ThinQ қолданбасы арқылы да басқаруға болады. Мысалы, үйге қайтар алдында қажетті баптауларды өзгертіп, келген сәтте бөлме температурасын алдын ала жайлы деңгейге жеткізуге болады.

img


Кондиционер тек жазға арналған техника емес

Құбылмалы ауа райы үйдегі жайлылыққа әсер етпеуі де мүмкін. Салқындату мен жылыту режимдері арасында жылдам ауысу, ауа ағынын интеллектуалды түрде реттеу және қашықтан басқару мүмкіндігі үйдегі климатты күздің әртүрлі жағдайына бейімдеуге көмектеседі.

LG кондиционерлері енді тек ыстық жазда қолданылатын техника емес. Маусымаралық кезеңде олардың мүмкіндіктері үйде жайлы орта қалыптастырып, терезе сыртындағы күзгі ауа райын тамашалап отырып, үйдегі температураны өзіңе қолайлы деңгейде ұстауға мүмкіндік береді.

*Функциялар мен сипаттамалар модельге қарай ерекшеленуі мүмкін. Толық ақпарат LG компаниясының ресми беттерінде ұсынылған.