We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Әдетте, біз тоңазытқышта ет, балық, сүт өнімдері, жеміс пен көкөністер сияқты үйреншікті өнімдерді сақтаймыз. Алайда салқын жерде сақтаудан пайда көретін, көпшілік біле бермейтін өнімдер де бар. Оңтайлы температура олардың балғындығы мен табиғи дәмін ұзақ уақыт сақтап тұруға көмектеседі.
Жаңғақтар мен дәндер
Жаңғақтар мен түрлі дәндер пайдалы майларға бай, бірақ бөлме температурасында олардың құрамындағы май тез тотығып, дәмі ащылау болып кетуі мүмкін. Мұндай өнімдерді герметикалық ыдыста тоңазытқыштың ортаңғы сөресінде сақтау ұсынылады.
LG-дің ақылды технологиялары мұндай өнімдердің балғындығын күн сайын сенімді әрі ыңғайлы түрде сақтауға мүмкіндік береді. Төменгі мұздатқышы бар LG GC-B509SECL моделінде Total No Frost жүйесі салқын ауаны біркелкі таратып, ылғалдылықты оңтайлы деңгейде ұстап тұрады – нәтижесінде жаңғақтар мен дәндер қытырлақ күйінде қалады. Ал егер сіз демалысқа кетсеңіз, ThinQ қолданбасы арқылы арнайы демалыс режимін қосып, тоңазытқышты қауіпсіз әрі үнемді сақтауға оңай ауыстыра аласыз.
Көк шөп пен хош иісті шөптер
Ақжелкен, күнзе және насыбайгүл кез келген тағамға балғындық пен хош иіс береді. Көк шөп ұзақ сақталуы үшін оны дымқыл майлыққа орап, көкөністерге арналған жәшікке қойыңыз. LG GC-B509SECL тоңазытқыштарындағы Total No Frost жүйесі температураның ауытқуына жол бермей, өнімдердің балғындығын сақтауға көмектеседі. Ал егер сіз жиі тамақ пісіретін болсаңыз, ThinQ қолданбасы арқылы температурасын сәл төмендетіп, тоңазытқышты өз әдетіңізге оңай бейімдей аласыз.
Гастрономиялық жеңіл тағамдар мен шарап
Ашық тұздықтар, жұмсақ ірімшіктер немесе шараптың қалдығы салқындықты қажет етеді. LG GC-B509SECL тоңазытқышындағы DoorCooling+™ технологиясы өнімдерді оңтайлы температурада сақтап, есігі жиі ашылғанда да тез салқындатады. Қонақ күтіп отырсаңыз, ThinQ қолданбасы арқылы алдын ала қуатты режимді қосуға болады – тоңазытқыш өнімдер мен сусындарды жылдам салқындатады, ал кейін стандартты режимге қайта оралады.
Құрамында какаоға бай шоколад
Сапалы қою шоколадты ыстықта ақ қабат жабуы мүмкін – бұл бетке шыққан қант немесе май. Тоңазытқышта сақтау бұл құбылыстың алдын алып, шоколадтың бай дәмін сақтауға көмектеседі. Ең тұрақты температура болатын, мұздатқыштан алыс сөрені таңдаңыз.
Жаңғақ пасталары
Қосымша консервантсыз табиғи жержаңғақ немесе бадам кремін тоңазытқышта сақтау ұсынылады – әйтпесе майы бөлініп, өнімнің құрылымы өзгереді. Құтыны ортаңғы сөреге немесе есіктегі арнайы бөліміне қойыңыз.
Косметика
Әсемдік кремдер, бетке арналған маскалар мен патчтар салқын ортаны жақсы көреді – тоңазытқышта олар белсенді құрамын және құрылымын ұзақ уақыт сақтайды. Сонымен қатар, таңертең қолданғанда теріні сергітетін әсері де бар. LG GC-B509SECL моделіндегі Total No Frost технологиясы ылғал мен мұзсыз тұрақты температурасын ұстап тұрады, сондықтан косметика қауіпсіз әрі тиімді күйде қалады.
Тағам үлдірі
Пайдаланған кезде тағам үлдірінің қолға жабысып, үзіліп кететіні таныс па? Оны тоңазытқышта сақтау – қарапайым шешім. Төмен температурада тағам үлдірі тығыздап, оңай тарқатылады.
Фото- және бейнетаспа
Егер сіз әлі күнге дейін фотосуреттер мен бейнені таспаға түсіретін болсаңыз, оны тоңазытқышта сақтау ұсынылады – бұл қызмет мерзімін ұзартуға және түстердің сапасын сақтауға көмектеседі. Салқындық фотоэмульсияның ескіруін баяулатып, кадрларды түсірілген күндегідей айқын күйінде сақтауға мүмкіндік береді.
LG тоңазытқышы – шынайы әмбебап көмекші, көк шөп пен жаңғақтардан бастап косметика мен фототаспаға дейін түрлі заттардың балғындығын, хош иісін және сапасын сақтауға көмектеседі. LG компаниясының заманауи Total No Frost, DoorCooling+™ және ThinQ технологиялары сақтау үдерісін тиімді және ыңғайлы етеді: тұрақты температура, біркелкі салқындату және смартфон арқылы басқару күнделікті күтімді жеңіл етеді.
LG GC-B509SECL тоңазытқыштарын LG.kz интернет-дүкенінен таңдаңыз. Бұл сайтта сіз заманауи технологияларды пайдаланып, ыңғайлы онлайн сатып алудың барлық мүмкіндігін таба аласыз. LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустар алыңыз: 5% сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, сондай-ақ кейбір модельдерге тегін жеткізу және орнату1. Төлем жасау тәсілдері де ыңғайлы: картамен, Kaspi QR, Apple Pay немесе артық төлемсіз бөліп төлеу арқылы алуға болады.
