We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Ас үй – әр үйдің жүрегі. Ал тоңазытқыш таңдау тек тұрмыстық техниканы сатып алу емес, ол күнделікті қолайлылыққа, интерьер үйлесіміне және өнімдерді сақтау сапасына әсер ететін маңызды шешім. Ас үйдің жоспарлануына – тар, бұрышты немесе кең болуына қарай, тек функционалды ғана емес, интерьерге үйлесімді кірігетін модельді таңдау маңызды.
Бұл мақалада тоңазытқыш таңдағанда неге назар аудару керектігін талдап, LG-ден бірнеше тиімді шешімдерді қарастырамыз.
Неліктен тоңазытқышты дұрыс таңдау маңызды
Тоңазытқыш тәулік бойы жұмыс істейді, сондықтан оның сипаттамалары күнделікті жайлылыққа тікелей әсер етеді. Сатып аларда мыналарды ескерген жөн:
- Тоңазытқыштың өлшемдері мен айналасындағы кеңістік. Алдын ала орнатылатын кеңістікті өлшеп, есіктердің еркін ашылатынына көз жеткізу қажет.
- Орнату түрі. Жеке орнатылатын модельдер кез келген ас үйге оңай бейімделеді, ал кіріктірілген нұсқалар дәл есептеуді талап етеді.
- Энергия тиімділігі. Сапа деңгейі неғұрлым жоғары болса, пайдалану соғұрлым үнемді болады.
- Салқындату жүйесі мен сақтау кеңістігінің ұйымдастырылуы. Суық ауаның біркелкі таралуы, ыңғайлы сөрелер мен жәшіктер тоңазытқышты пайдалануды әлдеқайда қолайлы етеді.
LG Objet Collection: тоңазытқыш – интерьер бөлігі
Егер ас үйіңіз кең болса және ішкі жоспарлануы мүмкіндік берсе, модульдік дизайнерлік шешімдерді қарастыруға болады. LG Objet Collection GC-B401FEPM тоңазытқыш камерасы жеке GC-B404FEQM мұздатқыш камерасымен бірге тұрмыстық техниканы интерьердің толыққанды элементіне айналдыратын үйлесімді жұп құрайды. Мұндай шешім әсіресе ас үй-қонақ бөлмелерде және ас дайындауға арналған кең аймақтарда тиімді көрінеді, мұнда симметрия мен визуалды тепе-теңдік маңызды.
Ауыстырылатын сәндік панельдер ас үй стиліне сай түсті таңдауға мүмкіндік береді – минимализмнен бастап жайлы классикалық стильге дейін.
DoorCooling+™ және LinearCooling™ технологиялары камера ішінде тұрақты температураны ұстап тұрады, ал жедел салқындату функциясы жаңа салынған өнімдердің балғындығын ұзақ сақтауға көмектеседі.
Екі модульдің үйлесуі сақтау мүмкіндігін айтарлықтай кеңейтеді: тоңазытқыш күнделікті өнімдерге арналса, жеке мұздатқыш маусымдық азық пен ірі көлемдегі қор сақтауға қолайлы. Екі құрылғының да бір дизайнда орындалуы ас үйге біртұтас әрі үйлесімді көрініс береді.
Кімдерге лайық: кең ас үйі бар, эстетика мен сақтау кеңістігін тиімді ұйымдастыруды бағалайтын пайдаланушыларға.
LG GC-B459FNPW: төменгі мұздатқышы бар әмбебап модель
Егер негізгі талап практикалық және түрлі жоспардағы ас үйге үйлесімді модель болса, төменгі мұздатқышы бар LG GC-B459FNPW моделіне назар аударуға болады. Бұл форматта негізгі бөлім көз деңгейінде орналасып, мұздатқыш төменгі бөлікте болады.
Модель No Frost технологиясымен жабдықталған, сондықтан қолмен мұз еріту қажеттілігі болмайды. DoorCooling+™ және Multi Air Flow технологиялары камера ішінде, соның ішінде есік сөрелерінде де температураның біркелкі сақталуын қамтамасыз етеді.
Қолдану ыңғайлылығы үшін модельде ірі ыдыстарға арналған жиналмалы сөрелер, сыртқы LED дисплей, сондай-ақ LG ThinQ және Smart Diagnosis™ қолдауы бар, бұл параметрлерді смартфон арқылы басқаруға мүмкіндік береді.
Ішкі кеңістіктің тиімді ұйымдастырылуы модельді күнделікті де, апталық қор сақтауға да ыңғайлы етеді.
Кімдерге лайық: әр түрлі отбасыларға және кез келген үйдің ішкі жоспарлануына, сенімділік пен тыныш жұмыс маңызды болған жағдайда.
LG GC-X24FFCBB: премиум көп есікті тоңазытқыш
Үлкен көлем мен жетілдірілген мүмкіндіктер іздейтіндерге LG GC-X24FFCBB көп есікті заманауи тоңазытқышы ұсынылады. Пайдалы көлемі шамамен 570 литр болатын бұл модель үлкен отбасылар мен кең ас үйлерге ыңғайлы.
Модель InstaView™ функциясымен жабдықталған: әйнек панельді екі рет қағып, есікті ашпай-ақ тоңазытқыштағы өнімдерді көруге болады, бұл суық ауаны сақтап, энергия үнемдеуге көмектеседі. Door-in-Door™ технологиясы жиі қолданылатын өнімдерге оңай қол жеткізуді қамтамасыз етеді, ал DoorCooling+™ және LinearCooling™ камера ішінде біркелкі салқындатуды сақтайды.
Сондай-ақ мұнда су мен мұз диспенсері бар, ультракүлгін сүзгілеу технологиясы суды тазартып, 99,99 % бактерияларды1 жояды. LG ThinQ™ жүйесі арқылы құрылғы жұмысын қашықтан басқаруға болады.
Кімдерге лайық: кең көлемді, заманауи әрі мүмкіндігі мол тоңазытқыш іздейтін пайдаланушыларға.
Тоңазытқыш – ас үйдің басты элементтерінің бірі. LG әртүрлі қажеттілікке сай шешімдер ұсынады: дизайнерлік Objet Collection сериясынан бастап әмбебап модельдерге дейін. Заманауи салқындату технологиялары, кеңістіктің тиімді ұйымдастырылуы мен бөлшектерге көңіл бөлу ас үйді шынымен жайлы кеңістікке айналдырады.
Сізге лайық тоңазытқышты LG.kz интернет-дүкенінен таңдай аласыз. LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустар алыңыз: 5% сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, сондай-ақ кейбір модельдерге тегін жеткізу және орнату2. Төлем жасау тәсілдері де ыңғайлы: картамен, Kaspi QR, Apple Pay немесе артық төлемсіз бөліп төлеу арқылы алуға болады.
