[БАССШЫ БЛОГЫ] «ОҢ СЕРПІН ӘКЕЛЕТІН ИННОВАЦИЯ» АРҚЫЛЫ КЕМЕЛДЕНУ»

[БАССШЫ БЛОГЫ] «ОҢ СЕРПІН ӘКЕЛЕТІН ИННОВАЦИЯ» АРҚЫЛЫ КЕМЕЛДЕНУ»

03/07/2024

Бизнесте инновациясыз айтарлықтай өсу мүмкін емес. Егер ұйымыңыздың өсіп-өркендегенін қаласаңыз және адам өміріне оң ықпал етуге ниетті болсаңыз, инновациялар аса қажет.

 




 

Менің инновацияға деген құштарлығым жәнеЗаттар интернеті (Internet of Things, IoT) туралы терең білімім мені өз стартапымды ашып, оны дамытуға итермеледі. Мен дегеніме жеттім. Алайда, бизнес-модель өте тар болғандықтан -өнімді үздіксіз шығаруға, кейін оларды сатуға – менің мүмкіндігім жетіңкіремеді.

 

Компаниямды сатамын деп шешім қабылдап, өзім кибер-физикалық жүйелер саласындағы инновациялар бойынша Президенттік стипендиат (Presidential Innovation Fellow for Cyber-Physical Systems) болып жұмыс істей бастадым.Бұл бағдарламаны Ақ Үйдің ғылыми-техникалық саясат басқармасы (White House Office of Science and Technology Policy) жүзеге асырады. Бұл өте құнды әрі танымдық тәжірибе. Мен өнеркәсіптік заттар интернетін (IoT) және жаһандық ақылды қалаларды дамыту жоспарларын әзірлейтін әрі жүзеге асыратын жетекші технологиялық компаниялармен бірге жұмыс істедім. Америка Құрама Штаттарының Федералды үкіметінде (АҚШ) жеті жыл жұмыс істеп, мен жалпы үкіметтердің ақылды экожүйелерді құру мүмкіндігінің шектеулі екенін түсіндім. Шын мәнінде, тек жеке меншік компаниялар ғана ақылды шешімдерді, бизнес идеялар мен тұжырымдамаларды жүзеге асыра алады.

 




 

Дәл осы кезде LG Electronics компаниясы маған алғаш рет хабарласты. Олар бизнес үшін перспективалы бағыттарды іздейтін жаңа ұйым құруды жоспарлап отыр екен. LG маған өздері жаңадан құрып жатқан команданы басқаруды ұсынып, маған сондай керемет мүмкіндік берді.

 

Мен LG ұсынысын көп ойландым. Компания тұрмыстық электроника саласындағы жалпыға бірдей танылған көшбасшы болса да, сырттан қарағанда оған «серпінді инновация» жетіспей тұрғандай еді. Алайда, мені олардың жігері және бизнестің жаңа бағыттарын іздеуге деген ұмтылысы өте қызықтырды, оған қоса мен компанияның өзгерістерге және дәл сол «серпіліске» қажетті икемділігінің бар екеніне сенімді болдым.

 

Мен білемін, он шақты тамаша идеяның жетеуі немесе сегізі сәтті бизнеске айналады. Көпшіліктің мұндай бизнес құру тәсілін ақымақтық деп ойласа, CEO LG Уильям Чо (William Ch) олардың қатарында емес еді.

 

Мен басшылық ететін LG Nova бастамасындағы біздің миссия - LG нарығы үшін болашағы бар жаңа бизнесті қолдау, дамыту және құру мүддесінде қоғамдастық құру. LG Nova жұмысын бастағанда-ақ біз жаңа нарыққа немесе бизнестің жаңа саласына шығу өте қиын екенін түсіндік, бұл әрине тек компанияның ішкі ресурстарына сүйенген жағдайда.

 

Тұрмыстық электроника саласында әлемдік көшбасшы мәртебесіне ие болып және иелігімізде қажетті сараптама мен тәжірибе болғандықтан, LG компаниясы жаңа тұрмыстық техниканы өз күшімен жасай алады. Алайда, LG Nova-ның миссиясы - LG-дің дәстүрлі қызмет саласынан тыс, мүлдем жаңа тұжырымдамаларды зерттеу. LG ғылыми-зерттеу орталықтарында мыңдаған инженер мен маман жұмыс істесе де, олар тек қолда бар өнімдер мен бизнес бағыттары бойынша сараптама жасай алады. Сондықтан LG басшылығы серіктестерді компаниядан тыс іздеу шешімін қабылдады.

 




 

Біздің мақсат – нәтижесінде LG Electronics-тің дамуына ықпал ететін бизнестің жаңа бағыттарын зерттеу. Бизнесті жүргізу моделіне және нарық қажеттіліктерін жылдам өтеуіне байланысты стартаптар - инновациялық көшбасшы болып тұр. Алайда стартаптар өзіне өтінген әрбір компаниямен ынтымақтаспайды. Сондықтан біз компания ретінде LG-дің тұрмыстық техника мен теледидардан басқа да, зат шығаруға дайын екенін және жасай алатынын көрсетуіміз керек еді. Осы кезде LG Nova ойын алаңына шықты.

 

Нарықта өзімізді жариялау үшін біз ауқымды конкурс өткізуді шештік. 2021 жылғы қыркүйекте біз «Болашақ миссиясы» (Mission For the Future). стартаптары үшін жыл сайынғы жаһандық жарыс басталатынын жарияладық.Байқаудың мақсаты - болашақты жарқын етуге қабілетті инновациялық технологиялар мен бизнес-идеяларды іздеу. Біз қатысушыларға өмір сапасын жақсартуға, қауымдастықты дамытуға және қоршаған ортаны сақтауға арналған технологиялық шешімдерді әзірлеу және ұсыну міндетін қойдық.Назар аударуды қажет ететін салалар: таза технологиялар, денсаулық сақтау және болашақ/жасанды интеллект (ЖИ) технологиялары.

 

Түсінікті болу үшін мысал келтіре кетейін. Медициналық аспаптарға датчиктер әзірлейтін стартап бар делік. Олар инновациялық сервис құру үшін датчиктер теледидарларға кіріктірілетін сценарийді немесе концепцияны ұсына алады. Одан соң, біздің бизнес-сарапшылар немесе резидент-кәсіпкерлер (entrepreneurs in residence, EIR) стартаппен бірлесіп осы идеяны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалайды. Көп жағдайда EIR тесно бастапқы концепцияны өміршең деңгейге жеткізу, екі тарапқа да жарамды жаңа бизнес-идеяға айналдыру үшін стартаппен тығыз жұмыс істейді. Егер идея өміршең болса және LG NOVA мақсаттары мен құндылықтарына сәйкес келсе, серіктестік келісімі жасалуы мүмкін, болашақта осыған сүйеніп LG Nova жаңа бизнесті бастайды. Осылайша, шағын стартап-компания өзінің бірегей тұжырымдамасын коммерциялық өнім ретінде нарыққа тез шығара алады.

 

Осы процесс арқылы және өз мүмкіндігімізді стартап мүмкіндігімен біріктіру арқылы біз LG-дің өзі стартап сияқты жауапкершілікке ие болатын бірлескен бизнес құра аламыз. LG Nova инвесторлармен кездесуден бастап, клиенттерге «соңғы өнімді» презентациялап, ілгерілетуге дейін кезең-кезеімен бастауыш жобаны сүйемелдейді. Осылайша, LG Nova бастамасы арқылы біз стартап жалғыз жасағанна гөрі қарымды, анағұрлым оң ықпал ете алатын жаңа өнім жасап, қызмет көрсете аламыз.

 

Мен LG-дің бір бөлшегі болғанымды мақтан тұтамын және LG NOVA-ны шексіз инновациялар күтіп тұрған жаңа белестерге жетелей алатыныма қуаныштымын. Мен бұл рөлді шынымен жақсы көремін десем, асыра айтқаным емес. Сайып келгенде, мен LG Nova-ның ұраны мен философиясы болып табылатын «Оң серпін әкелетін инновацияға» (Innovation for Impact) ұмтыламын. Басқа да көптеген пайда табу жолдары бола тұра, біз табыстылыққа тиянақты түрде қол жеткізу және әлемге ұзақ мерзімді оң әсер ету мақсатын қойдық.

 

Автор: Ғылым докторы Сокву Ри (Dr. Sokwoo Rhee), LG Electronics компаниясының Innovation бөлімшесінің атқарушы вице-президенті, LG Nova басшысы