Life’s Good: философия оптимизма, вдохновляющая поколения
27/11/2025
Life’s Good: ұрпақтарға шабыт берген оптимизм философиясы

Қазіргі заманда бәрі көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп жатқан кезде, LG әрдайым оптимизмді қолдап, адамдардың өміріне жағымды әсер етуді мақсат етеді.

Life’s Good философиясы

2000-жылдардың басында пайда болған Life’s Good («Өмір тамаша») сөзі LG үшін жай ғана ұран емес, өмірге деген көзқарастың айқын белгісіне айналды. Бұл – бақыттың күнделікті өмірдің қарапайым сәттерінде жасырынатынын еске салатын философия. Пеште дайындалып жатқан кешкі астың хош иісінде, отбасының бір үстел басына жиналуында. Экранның жұмсақ жарығында басталатын сүйікті фильм. Кір жуғыш машинаның баяу дыбысы мен жақын адаммен бөліскен тыныш әңгіме. Міне, дәл осындай сәттер өмірдің жылулығын сездіреді.

LG осы көзқарас арқылы күн сайын үйді жайлы, тұрмысты жеңіл, ал көңіл күйді жарқын ететін технологиялар жасайды. Компания жұмысының негізінде қарапайым, бірақ қуатты ой жатыр: оптимизм. Қуанышты ұсақ-түйектен таба білу, әр сәтті бағалау – өмірді шын мәнінде жақсы етеді.

img


Оптимистер қауымдастығы – #LifesGoodClub

Осы идеядан #LifesGoodClub дүниеге келді – бренд құндылықтарын бөлісетін қызметкерлерді, серіктестерді және елшілерді біріктіретін жаһандық қауымдастық.

LG қызметкерлері бұл қауымдастықта ерекше орын алады. Олар тұтынушыларга көрсеткен қамқорлығымен, өз ісіне деген сүйіспеншілігімен және технологияны адамдарға жақын әрі түсінікті етуге деген ниетімен бренд философиясын күнделікті өмірде жүзеге асырады. Қазақстанда LG ұжымы бұл бастаманы ерекше ықыласпен қабылдап, бренд техникасымен жеті бейнежазбалар түсірді. Бұл бейнелер LG-ге деген сүйіспеншіліктің көрінісі ретінде Кореядағы бас кеңсеге жіберіліп, үздіктері LG Global TikTok халықаралық парақшасында жарияланады. Әр қызметкерге алғыс ретінде брендтің сыйлық жиынтығы табысталды.

«Менің амбассадор ретіндегі рөлім – өз әрекетім мен өмір салтым арқылы оптимизм мен шынайылықтың адамдардың көзқарасын өзгертіп, жаңа идеяларға шабыт беріп, оларды жақындастыра алатынын көрсету. LG амбассадор бағдарламасын дамытуды жалғастырады. Өйткені «жақсы өмір сүру» – жай сөз емес, шынайы өмір салты»,

– деп бөлісті LG Electronics Almaty Kazakhstan корпоративтік маркетинг директоры Наталья Новикова.

LG әлемнің түрлі елдерінде оптимизмен бөлісетін амбассадорлармен серіктеседі – технологияның өмірді қалай жарық, ыңғайлы және мейірімді ететінін өз үлгісімен көрсететін актерлермен, суретшілермен, музыканттармен және инфлюенсерлермен жұмыс жасайды. Қазақстанда бренд достары, Баян Мақсатқызы, Әсел Сағатова, Біржан Ашим және тағы басқалар биыл «Life’s Good Амбассадоры» атанды. Олардың әлеуметтік желідегі оқиғалары мен жазбалары бақытты өмірді құрайтын қарапайым қуаныштарға толы.

Оптимистер клубына қосылыңыз!

Бұл қозғалысқа кез келген адам қосыла алады. Күніңізді жарқын ететін сәттерді бейнежазба ретінде түсіріп, #LifesGoodClub хэштегімен бөлісіңіз. Ең әсерлі бейнежазбалар LG-дің халықаралық парақшаларында жарияланады, ал авторлары брендтің амбассадорына айналады. LG алдағы жылы да бұл бастаманы жалғастырып, қызметкерлерді қатысуға шақыруды жоспарлап отыр. Ең бастысы – өзіңізді және LG техникасын шынайы әрекет арқылы көрсету, бренд энергиясын жеткізу және сәл ғана шығармашылық қосу.

Мұндай бастамалар – жай ғана контент емес. Олар Life’s Good философиясын шынайы жүздермен, сезімдермен және оқиғалармен толықтырады. Өйткені қызметкерлер – брендтің жүрегі. Ал олардың шынайы оптимизмі бұл қозғалысты ерекше әсерлі және шабыт береді.