Зимние напитки с LG NeoChef: готовим какао, глинтвейн и имбирно-пряничный кофе

Қыстың дәмін сезінейік: LG NeoChef-пен какао, глинтвейн және зімбірлі-піспенан дәмді кофе дайындаймыз

01/12/2025

Қыс – жайлы кештердің, бой жылытар сусындардың және мерекелік көңіл-күйдің мезгілі. Ендеше, ыстық какаоны, хош иісті глинтвейнді және зімбірлі-піспенан дәмді кофені қалай дайындайтынымызды еске түсірейік. LG NeoChef™ MS2595DIS микротолқынды пешімен бұл процесс жылдам, ыңғайлы және қауіпсіз, ал нәтижесі – әрдайым дәмі мен хош иісімен қуантады.

Какао: қысқы кештердің классикасы

LG NeoChef™ MS2595DIS микротолқынды пешінде какао дайындау үшін сізге сүт, шоколад немесе какао ұнтағы, қант және қалауыңызға қарай ваниль жеткілікті. Микротолқынды пешті орташа қуатқа қойып, алдымен сүтті қыздырыңыз, кейін шоколадты қосып, жақсылап араластырыңыз. Теңдей қыздыру технологиясының арқасында какао біркелкі, кремді және хош иісті болып шығады – түйіршіксіз, күйіп кетпейді. Қыстың мерекелік көңіл-күйін толықтыру үшін сусынды маршмеллоумен, қаймақ көбігімен немесе бір аздаған даршын сәндеп ұсынуға болады.

img


Глинтвейн – мерекелік хош иіс

Глинтвейн – қыстың ең жайлы әрі жылулық сыйлайтын сусындарының бірі. Мөлдір кружкадағы шарап, бал, дәмдеуіштер және апельсин тілімінің үйлесімі жаңа жылдық көңіл-күйді бірден сездіреді. LG NeoChef™ MS2595DIS микротолқынды пешінде қоспаны орташа қуатта қыздырыңыз, бірақ шараптың қайнап кетпеуін қадағалаңыз. Қысқы кештің әуені, жарқыраған гирляндалар және дәмдеуіштердің хош иісі – мінсіз мерекелік сусынның нағыз құпиясы.

Имбирно-пряничный кофе: уютная нотка зимы

Имбирно-пряничный кофе – современный зимний хит. Смешайте кофе с молоком, добавьте тертый имбирь или имбирный сироп, пряности и немного сахара. В LG NeoChef™ MS2595DIS подогрейте молоко со специями, затем соедините с кофе и снова слегка подогрейте. В завершение украсьте взбитыми сливками и посыпкой из специй.

Зімбірлі-піспенан дәмді кофе: қыстың жайлы нотасы

Зімбірлі-піспенан дәмді кофе – заманауи қысқы хит. Кофені сүтпен араластырып, үгітілген зімбір немесе зімбір шәрбаты, дәмдеуіштер және аз мөлшерде қант қосыңыз. LG NeoChef™ MS2595DIS микротолқынды пешінде сүт пен дәмдеуіштерді қыздырып алып, оны кофе қоспасымен біріктіріңіз де, тағы сәл жылытасыз. Соңында сусынды қаймақ көбігімен безендіріп, үстіне дәмдеуіш қоспасын сеуіп беруге болады.

Қысқы кештің атмосферасы

Ыстық сусындар үйіңіздегі нағыз мерекелік көңіл-күйдің бір бөлігі болуы үшін бөлмені гирляндалармен, шамдармен безендіріп, жұмсақ көрпешелер мен жастықтарды жайып қойыңыз. Жеңіл тіскебасар дайындаңыз: піспенан, попкорн немесе шоколад – мұның бәрі үйдегі жайлылықты күшейтіп, шағын «үй мейрамханасының» әсерін береді. Жылы жарық пен сусындардың хош иісі қарапайым кешті мерекеге айналдырып, сусын дайындау үдерісінің өзін ерекше сәтке айналдырады.

Қысқы сусындарға арналған LG NeoChef™ MS2595DIS артықшылықтары

LG NeoChef™ MS2595DIS 25 л микротолқынды пешіндегі Smart Inverter технологиясы тағамдарды біркелкі қыздырып, оларды қайнап кетуден сақтайды және табиғи дәмін толық сақтайды. I-Wave технологиясы жылуды мінсіз таратады, ал EasyClean жабындысы пісіруден кейінгі күтімді жеңілдетеді. Арнайы «Еріту» режимі ингредиенттерді жылдам дайындауға көмектессе, Quick Start функциясы сусындарды бірнеше минутта әзірлеуге мүмкіндік береді. Осы технологиялардың арқасында қою какао да, хош иісті кофе де кесе ішінде біркелкі қызады, ал глинтвейн өзіне тән хош иісті дәмдеуіштердің барлық нотасын сақтап қалады. Қарапайым сенсорлық панель және интуитивті басқару жүйесі қысқы сусындарды дайындауды бүкіл отбасы үшін ыңғайлы әрі қауіпсіз етеді.

LG NeoChef MS2595DIS құрылғысын үйіңізге жайлы жеткізілетін заманауи технологиялар ұсынатын LG.kz интернет-дүкенінен таңдаңыз. Бұл сайтта сіз заманауи технологияларды пайдаланып, ыңғайлы онлайн сатып алудың барлық мүмкіндігін таба аласыз. LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустар алыңыз: 5% сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, сондай-ақ кейбір модельдерге тегін жеткізу және орнату1. Төлем жасау тәсілдері де ыңғайлы: картамен, Kaspi QR, Apple Pay немесе артық төлемсіз бөліп төлеу арқылы алуға болады.