Искусственный интеллект в технике LG

LG техникасындағы жасанды интеллект

22/05/2026
Искусство гармонии: LG Electronics по-новому раскрывает концепцию Wallpaper TV

Бұл қалай жұмыс істейді: ішінде – интеллект, сыртында – тыныштық.

Неліктен сіз демалып жатқанда, LG техникасы жұмыс істейді?

Теледидарды, кондиционерді немесе кір жуғыш машинаны іске қосу түймесін басқан сәтте, оның ішінде не болады?

Заманауи LG техникасы – бұл жай ғана бөлшектер жиынтығы емес. Үйреншікті құрылғылардың ішінде AI (Artificial Intelligence – жасанды интеллект) жұмыс істейді. Ол техниканың пайдаланушыға бейімделуіне және күнделікті міндеттердің бір бөлігін өз мойнына алуына көмектеседі. Мұндай интеллект көп назар аударуды қажет етпейді, ол тек күнделікті іс-әрекеттерді жеңілдетеді.

img


Көзге көрінбейтін интеллект

LG техникасындағы AI күрделі баптауды, тұрақты бақылауды және артық әрекетті қажет етпей, білдіртпей жұмыс істейді. Пайдаланушы функцияны таңдайды, ал құрылғы жағдайды талдап, оңтайлы параметрлерді өзі іріктейді.

Мысалы, LG теледидарларында AI Picture Pro және AI Sound Pro технологиялары қолданылады. Жасанды интеллект кескінді нақты уақыт режимінде талдайды: бет-әлпетті, нысандар мен фонды танып, бөлшектерді анығырақ етеді және дыбысты бөлме кеңістігіне сай автоматты түрде баптайды. Ал AI Upscaling технологиясы кескін сапасын 4K деңгейіне дейін көтеруге көмектеседі.

Күнделікті қолданыстағы техникадағы жасанды интеллект

Жасанды интеллект LG-дің тұрмыстық техникасында да белсенді қолданылады. AI DD технологиясы бар кір жуғыш машиналар матаның түрін анықтап, соған сәйкес жуу параметрлерін таңдайды. Бұл киімге ұқыпты күтім жасауға көмектесіп, баптауларды қолмен енгізуге кететін уақытты азайтады.

LG кондиционерлері пайдаланушының әдеттерін талдап, бөлмедегі температураны автоматты түрде реттеп отырады. Ал тоңазытқыштар азық-түлікті сақтаудың оңтайлы жағдайын қамтамасыз етеді. Осылайша техника жай ғана пайдалы болып қоймай, үйреншікті өмір ырғағына анағұрлым бейімделе түседі.

img


Үйдің біртұтас экожүйесі

Құрылғыларды LG ThinQ™ платформасы біріктіреді. Ол техниканы қолданба арқылы басқаруға және үйге арналған ыңғайлы сценарийлер жасауға мүмкіндік береді. Мысалы, кондиционерді алдын ала қосуға, құрылғының жұмысын тексеруге немесе техниканы өз күніңізге сай баптауға болады.

Бұл неліктен маңызды?

LG-ның басты қағидаттарының бірі – on-device AI, яғни құрылғының ішінде жұмыс істейтін жасанды интеллект. Бұл тәсіл деректерді жылдам өңдеуге көмектесіп, олардың жайылып кету қаупін және интернетке үнемі қосылып тұру қажеттілігін азайтады.

LG бұл тәсілді Affectionate Intelligence, яғни «қамқор интеллект» деп атайды. Бұл – өмірді қиындатпай, керісінше, адамға жақындай түсетін технологиялар. Олар алгоритмдерді түсінуді қажет етпейді, алайда күн сайын – байқатпай, дәлме-дәл әрі уақытылы көмектесіп отырады.