Как продлить срок службы вертикального пылесоса LG: правила ухода

LG тік шаңсорғышының қызмет ету мерзімін қалай ұзартуға болады: күтім ережелері

02/09/2025
Тік шаңсорғыш қазір заманауи үй үшін таптырмас құрылғыға айналды. Жеңіл, қолайлы әрі әрдайым қол астында тұратын шаңсорғыш тез әрі артық күш жұмсамай тазалық сақтауға көмектеседі. Техниканың ұзақ әрі тиімді қызмет етуі үшін оған дұрыс күтім жасау маңызды. Мұны LG CordZero™ A9K-PRO1 үлгісі мысалында қарастырайық. Бұл – жүйелі әрі терең тазалауға арналған ең ыңғайлы тік шаңсорғыштардың бірі.

Шаңсорғыш күтімі неге соншалықты маңызды?

Көптеген қолданушылар біраз уақыт өткен соң шаңсорғыштың сорғыш күші азаятынын, сүзгілердің тез бітелетінін, аккумулятордың бұрынғыдан жиі таусылатынын байқайды. Көп жағдайда мәселе ақауда емес, құрылғыға жеткілікті көңіл бөлінбеуінде. Үнемі күтім жасау:

  • құрылғының тиімділігін сақтауға,
  • мотордың қызмет ету мерзімін ұзартуға,
  • сүзгілерді тозудан қорғауға,
  • жағымсыз иістер мен шаңның таралуын болдырмауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, таза шаңсорғыш тыныш жұмыс істейді және тазалыққа кететін уақытты үнемдейді.


Шаңсорғышты қолданып боларда контейнерді босату

Шаң жинайтын контейнер – тік шаңсорғыштың жүрегі. LG CordZero™ A9K-PRO1 үлгісінде ол бір қозғалыспен алынып, оңай тазаланады. Ең дұрысы – қолданған сайын, толығымен бітелмесе де, контейнерді босатып отыру. Бұл моторға түсетін салмақты азайтып, сүзгілерде шаң жиналуына жол бермейді.

Пайдалы кеңес: кейде контейнерді сумен шайып, кептіріп қойыңыз – бұл оны жиналған кір мен жағымсыз иістен арылтады.

Бес сатылы сүзгі: үйіңізге сенімді қорғаныс

LG A9K-PRO1 үлгісінің басты артықшылықтарының бірі – бес сатылы жуылатын сүзгі. Бұл әсіресе балалар бар отбасылар мен үй жануарлары иелері үшін маңызды.

Сүзгінің тиімді жұмыс істеуі үшін оны айына 1–2 рет (күнделікті тазалық жүргізсеңіз, жиірек) ағын сумен жуып тұру қажет. Ең бастысы – сүзгіні толық кеппейінше орнына салмаңыз.

Щеткалар мен қондырмалар: ұсақ-түйекке мән берейік

Шаңсорғыш таза көрінгенімен, оның щеткалары мен қондырмалары уақыт өте келе шаш, жүн мен жіптерді жинайды. Бұл жұмыстың тиімділігін азайтып, қондырманың бұзылуына әкелуі мүмкін. LG A9K-PRO1 үлгісіндегі саңылаулы қондырма тар жерлер үшін өте қолайлы: ол орындықтардың арасын, жиһаз бұрыштарын, есік қалташаларын тазартуға мүмкіндік береді. Бірақ оның өзі де күтімге мұқтаж. Сондықтан щеткаларды жиі тексеріп, шаш пен қоқыстан тазартып отырыңыз. Толық тазарту қажет болса, қондырманы сумен жуып, кептіріп алыңыз.

Телескопиялық түтік: жайлылық пен ұзақ қызмет

Құрылғыға кіріктірілген ұзартқыш түтік – ыңғайлылық қана емес, сонымен қатар техниканың қызмет ету мерзімін ұзартудың тәсілі. Түтікті бойыңызға сай реттесеңіз, салмақ біркелкі бөлінеді және шаңсорғышқа түсетін салмақ азаяды. Бұдан бөлек, телескопиялық құрылым сақтау кезінде ыңғайлы, себебі оны абайсызда зақымдау қаупі азаяды.

Аккумуляторлар: құрылғының «жүрегіне» қамқорлық

LG CordZero™ A9K-PRO1 120 минутқа дейін үздіксіз жұмыс істеуге мүмкіндік беретін екі алынбалы аккумулятормен жабдықталған. Олардың ұзақ қызмет етуі үшін:

  • батареяларды толық зарядтаңыз,
  • толық разрядталған күйде сақтамаңыз,
  • екеуін кезекті түрде қолданыңыз (бұл тозуды теңестіреді),
  • шамамен +20 °C температурадағы құрғақ жерде сақтаңыз.

Есіңізде болсын: аккумуляторға дұрыс күтім жасау бүкіл құрылғының қызмет ету мерзімін ұзартады.

Сақтау: дұрыс орынның маңызы бар

Шаңсорғышты арнайы док-станцияда сақтау – ең дұрысы. Бұл жағдайда ол әрдайым дайын, аз орын алады және кездейсоқ зақымнан қорғалады. Егер ондай мүмкіндік болмаса, шаңсорғышты қою үшін құрғақ әрі таза жер таңдаңыз. Ылғалдылығы жоғары жерлерден аулақ болыңыз – ол сүзгілер мен электроникаға кері әсер етуі мүмкін.

Бірнеше ай сайынғы профилактика

Күнделікті күтімнен бөлек, әр 2–3 ай сайын шаңсорғышқа «генералды тазалау» жасаған жөн:

  • барлық сүзгілерді жуыңыз
  • контейнерді толық тазалаңыз
  • щеткалардың жағдайын тексеріңіз
  • түтік пен қондырмаларды қараңыз

Бұл қарапайым әрекеттерге 20 минуттан көп уақыт кетпейді, алайда олар құрылғының қуатын сақтап, ұзақ қызмет етуіне зор ықпал етеді.

LG CordZero™ A9K-PRO1 тік шаңсорғышына күтім жасау көп уақыт алмайды, бірақ күтімнің нәтижесі әрқашан білініп тұрады. Таза контейнер, жуылған сүзгілер, ұқыпты ұсталған қондырмалар және аккумуляторға дұрыс күтім құрылғының тиімділігін бірнеше есе арттырады.

LG CordZero™-ның көмегімен үйдегі тәртіпті сақтап қалу оңай. Оған жақсы күтім көрсетсеңіз, бұл шаңсорғыш ұзақ жылдар бойы сіздің сенімді көмекшіңіз болып қала береді.

LG-дің сымсыз шаңсорғышын LG.kz интернет-дүкенінен сатып алыңыз. Ол заманауи технологияларды және үйден шықпай-ақ ыңғайлы сатып алу мүмкіндігін ұсынады. LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустарға ие болыңыз: 5% сәлемдеме купоны, 2% тұрақты жеңілдік, кейбір үлгілерге тегін жеткізу және орнату1. Төлем жасау тәсілдері де ыңғайлы: картамен, Kaspi QR, Apple Pay арқылы немесе 24 айға дейінгі пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады.