ИСКУССТВО ГАРМОНИИ: LG ELECTRONICS ПО-НОВОМУ РАСКРЫВАЕТ КОНЦЕПЦИЮ WALLPAPER TV

ҮЙЛЕСІМ ӨНЕРІ: LG ELECTRONICS WALLPAPER TV ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН ЖАҢАША ҰСЫНАДЫ

08/05/2026
Искусство гармонии: LG Electronics по-новому раскрывает концепцию Wallpaper TV

2017 жылы Wallpaper TV алғаш таныстырылғанда, LG қарапайым сұрақ қойған еді: теледидар тұрғын үй кеңістігімен қаншалықты үйлесім таба алады? Аса жұқа корпусы мен қабырғаға сіңіп кеткендей әсер қалдыратын конструкциясы теледидар қандай болуы керек деген қалыптасқан түсінікке сын болды. Осылайша, басты назар құрылғының өзінен ол орналасқан кеңістікке ауысты.

2026 жылы бұл сұрақ жаңаша, әрі әлдеқайда ауқымдырақ қойылып отыр. Wallpaper TV деген атпен де танымал LG Electronics OLED evo W6 шығарылымымен аса жұқа дизайн енді жай ғана ерекшелік емес, әрбір инженерлік шешімге әсер ететін жаңа факторға айналды. Барынша жинақылыққа ұмтылу және пайдаланушы тәжірибесіне қатысты ешқандай ымыраға келмеу – заманауи премиум теледидар жанкүйерлерінің күтетіні де осы.

img


Wallpaper TV интерьерде басты назарда болуға ұмтылмайды. Бұл – кескін мен кеңістіктің табиғи үйлесім табуына мүмкіндік беретін, тек шынайы маңызды дүниелерге ғана орын қалдыратын ұстамдылық пен дәлдік өнері.

Маңыздыны айшықтау үшін артықтан бас тарту өнері.

Құрылғының алдымен сыртқы келбетін ойластырып, содан кейін оған технологияларды бейімдеудің орнына, команда шектеулерді нақты анықтаудан және дизайн тұрғысынан артық көрінетін бөлшектерді – яғни, шығыңқы элементтерді, көзге көрінетін қосылыстарды және құрылымның шамадан тыс күрделілігін қайта қараудан бастады. Дизайнның ықшамдылығы жай ғана эстетикалық бағдар емес, әрбір шешімді айқындайтын қағидатқа айналды.

Бұл тәсіл басынан-ақ дизайнерлер, инженерлер мен өнім командалары үшін күрделі сынақ болды: осындай шектеулі кеңістікте әр бөлшектің қажеттілігін растау үшін оны мұқият қайта қарауға тура келді.

img


Миллиметрге дейінгі дәлдік

Құрылғының аса жұқа пішініне қатысты параметрлер белгіленген сәттен бастап, ішкі элементтерді орналастырудың дәстүрлі қағидалары жұмысқа жарамсыз болып қалды.

Бірден-бір шешім – бірнеше жүйені біртұтас дүние ретінде қайта пайымдау болды.

img


Жұмыс теледидардың ең көлемді бөлшектерінің бірі – қуаттандыру тақтасынан басталды. LG салқындатуға арналған жеке радиаторларды пайдаланудың орнына, арнайы термоқұрылымды тікелей тақтаның өзіне біріктірді. Бұл корпус қалыңдығын арттырмай-ақ, қажетті қуатты сақтап, жылуды бөлу тиімділігін арттыруға мүмкіндік берді.

Дәл осы қағида аудиожүйені жасауға да негіз болды. Осындай жұқа корпуста сапалы дыбыс шығаруды қамтамасыз ету үшін инженерлерге ішкі бөлшектердің орналасуын қайта қарап шығуға тура келді. Динамиктердің көлемі кішірейіп, магниттік жүйе жаңа конфигурацияға ие болғандықтан, Wallpaper TV жалпы қуаты 60 Вт болатын 4.2 форматындағы дыбысты қамтамасыз ете алды.

img


Корпус қалыңдығын ұлғайтпай, құрылымның беріктігін арттыру үшін жақтау негізіне көпқабатты алюминий панельдер орнатылды. Бұл шешім құрылымның жеңілдігі мен тұрақтылығын сақтай отырып, жүктемені тиімді бөлуге жол ашты.

Бұл жекелеген техникалық жетілдірулер емес, біртұтас жүйелі жұмыс еді. Корпустың жұқалығы, құрылымның тұрақтылығы және өнімділігі бір-бірімен үйлесетін бірыңғай тепе-теңдікте болуы тиіс болды.

Миллиметрге дейін есептелген дәл осындай ұқыптылық теледидардың ең көзге түсер бөлшегінен де байқалады. «Экран сөнгенде, теледидар интерьердің табиғи бір бөлшегіне айналуы тиіс», – деп атап өтеді Ан мырза. Wallpaper TV корпусының пішінін жасауда қымбат сағаттар дизайнындағы бедерлі металл бөлшектер секілді премиум-заттардың мұқият өңделген детальдары шабыт көзі болған. Қатпарлы бұдырлы алюминийден жасалған бұл құрылым корпустың беріктігін арттыра отырып, көзге түсетін, бірақ ешқашан артық назар аудартпайтын әсем бейнесін сақтап қалады.

Кеңістікпен үйлесіп, терең дыбыс сыйлау үшін жасалған

Корпус жұқарған сайын, теледидарды қабырғамен қалай үйлестіріп орналастыру керек деген тағы бір мәселе туындады.

Қабырғаға тығыз орналасу Wallpaper TV тұжырымдамасының негізгі бөлігіне айналды. Тіпті аздаған ауытқудың өзі көрнекі қабылдау тұтастығын бұзып жіберуі мүмкін. Wallpaper TV өз артықшылықтарын тек теледидар қабырғамен мінсіз жымдасып тұрғанда ғана толық көрсетеді, сондықтан орнату дәлдігі аса маңызды міндет болды.

Бұл нәтижеге қол жеткізу үшін команда көптеген дәл орнату мен рұқсатты шектерді есепке алған симуляциялар негізінде біріктірілген жиналмалы бекіткіш жасап шығарды. Бұл конструкция панельді барынша дәл орналастыруды қамтамасыз етеді, ал орнату процесін интуитивті түсінікті ете отырып, теледидардың жасырын бекіту механизміне назар аудартпай, қабырғаға мінсіз жатуына мүмкіндік береді.

Аудиожүйе де осындай ұсақ-түйекке дейін назар аударуды қажет етті. Теледидар қабырғаға өте жақын, іс жүзінде тақалып орналасқанда, дыбыстың артқы жақтағы акустикалық арналар арқылы әдеттегідей таралуы мүмкін болмай қалады. Осы мәселені шешу үшін инженерлер дыбыс таралу бұрышын өзгертіп, ішкі акустикалық жүйені кеңейтті де, көлемді дыбыстың бөлме ішіне кедергісіз таралуын қамтамасыз етті.

Құрылғыны қабырғаға біріктіру – жай ғана инженерлік шешім емес. Ол бүкіл дизайнның негізінде жатқан философияны: кескін мен дыбыс сапасына ымырасыз қарап, артық визуалды элементтерден бас тартуды білдіреді.

Визуалды тазалықтың соңғы әсері – сымсыз қосылым.

Ең жұқа корпус пен қабырғаға толықтай сіңіп кету әсері барынша жетілдірілгеннен кейін, кеңістіктің визуалды тұтастығын бұзатын тағы бір элемент – сыртқы кабельдер қалып еді.

Теледидар дизайны визуалды ықшамдылықтың ең жоғары деңгейіне жеткенде, көзге көрінетін кез келген кабель жалпы тұтастықты лезде бұзатын болды. Бұл мәселені сыртқы құрылғылар мен Wallpaper TV арасында 165 Гц-ке дейінгі жиілікте 4K форматындағы кескін мен дыбысты сапасын жоғалтпай, сымсыз таратуды қамтамасыз еткен Zero Connect Box шешті. Модульдің өзі шамамен 35%-ға ықшамдалып, экраннан бөлек, көзге түспейтіндей етіп орналастыруға болатындай жобаланған.

Визуалды минимализмнің артықшылығын айқын көрсете отырып, Wallpaper TV LG-дің басқа да сымсыз теледидарларымен қатар TÜV Rheinland True Wireless Lossless Vision3 сертификатын алды. Бұл сертификат сигналды сымсыз таратқанда да кескіннің мінсіз сапасы сақталатынын растайды.

Аса жұқа корпус пен True Wireless технологиясының үйлесімі Wallpaper TV-ді әлемдегі ең жұқа сымсыз OLED теледидарға айналдырады, сондай-ақ оның барлық негізгі жүйесі теледидардың өзіне толықтай біріктірілген.

Кескіннің мінсіз сапасы – бәрінен маңызды

Дизайн барынша ықшамдалып, артық визуалды элементтер жойылған сайын, «мұндай ұстамдылық кескін сапасына нұқсан келтірмей ме?» деген басты сұрақ туындады.

Алайда, LG кескін сапасын сақтап қана қоймай, оны жаңа деңгейге көтерді. Hyper Radiant Color технологиясы кескіннің түс тереңдігін, контрастын және жарықтығын күшейтеді. Экран дәстүрлі OLED модельдерімен салыстырғанда 3,9 есеге дейін жарығырақ болды, ал Reflection Free Premium5 технологиясы тіпті жарық мол түскенде де OLED-ке тән айқын түстер мен терең қара түсті қамтамасыз етті.

Барлық жүйенің өзегіне Dual AI Engine технологиясы бар α (Alpha) 11 AI Processor Gen 3 процессоры айналды. Алдыңғы буынмен салыстырғанда 5,6 есе6 қуатты нейропроцессормен (NPU) жабдықталған бұл процессор түс өңдеуді 10-биттік деңгейден 12-биттік деңгейге көтеріп, текстураны артық өңдеусіз, түстердің біркелкі ауысуын және реңктердің дәл берілуін қамтамасыз етеді.

Жоғары бағаланған дизайн: жинақылық эстетикасы

Wallpaper TV дизайнының философиясы LG ауқымынан асып, кеңінен мойындалды. Теледидар дизайн мен инженерлік шешімдердің үздік үйлесімі үшін iF Design Award 2026 және Red Dot Design Award 2026 байқауларының ең жоғары «Best of the Best» санатындағы сыйлықтарымен марапатталды.

Алған марапаттарына қатысты пікір білдірген Ан мырза: «Біз пайдаланушылардың нақты қажеттіліктеріне бағытталған технологиялар мен дизайнды жасау арқылы инновация саласында жаңа белестерді бағындыруға ұмтыламыз», – деп атап өтті.

Жаңа Wallpaper TV енді тек дизайн тұрғысынан таңғалдыру үшін жасалған тұжырымдамалық нысанға ұқсамайды. Ол теледидардың құрылымын қайта пайымдауға мүмкіндік береді, салқындату және дыбыс жүйелерін жетілдіреді, сондай-ақ көзге түсетін кабельдер секілді кедергілерден арылтып, кеңістікті босатады. Бір кездері батыл эксперимент ретінде басталған дүние бүгінде заманауи интерьерлер мен күнделікті өмірде қолдануға арналған теледидарға айналды.

Wallpaper TV – бұл назар аудару үшін бәсекелесетін нысан емес, керісінше, интерьердің ажырамас бөлігіне айналып, үй кеңістігін өзінің талғампаз эстетикасымен толықтыратын элемент. Әрбір бөлшек бір-ақ мақсатта – кеңістік үйлесімін бұзбай, оның табиғи бөлігі болу үшін жасалған.

Әрбір бөлшек бір-ақ мақсатта – кеңістік үйлесімін бұзбай, оның табиғи бөлігі болу үшін жасалған.

Ким Мён Ан, LG Electronics компаниясының LG Media Entertainment Solution Company бөлімшесіне қарасты дизайн зертханасының басшысы.

1 Корпустың нақты қалыңдығы 9,95 мм құрайды және өлшеу шарттарына байланысты аздап өзгеруі мүмкін.

Wireless OLED TV деп Zero Connect Box пен экран арасындағы сымсыз байланыс түсініледі. ISO/IEC 29170-2 стандартына сәйкес жүргізілген ішкі сынақтардың нәтижелеріне сай, визуалды ақпарат сапасын жоғалтпай тасымалданады. Нақты көрсеткіштер қосылу шарттары мен тұрақтылығына байланысты әртүрлі болуы мүмкін.

3 Визуалды ақпараттың сапасын жоғалтпай тасымалданатыны TÜV Rheinland компаниясының ISO/IEC 29170-2 стандартына сәйкес жүргізген сертификаттау сынақтарымен расталған. Өлшеу нәтижелері мен өнімділік пайдалану және қосылу шарттарына қарай өзгеруі мүмкін.

4 Жарықтық көрсеткіштері модельге, экран диагоналіне және сатылым аймағына байланысты әртүрлі болуы мүмкін. Ішкі өлшеулердің нәтижесі бойынша, экранның жалпы ауданының 3%-ын құрайтын аумақта өлшегенде, ең жоғары жарықтық дәстүрлі OLED модельдерімен салыстырғанда 3,9 есеге дейін жоғары.

5 Шағылысу коэффициенті 550 нм толқын ұзындығындағы Specular Component Included (SCI) мәні бойынша өлшенеді және Intertek компаниясының тәуелсіз сынақтарымен расталған. IDMS 11.2.2 sampling-sphere өлшеу әдісіне сәйкес, LG OLED дисплейінің шағылысу деңгейі 0,5%-дан аз. Нақты көрсеткіштер пайдалану шарттарына байланысты өзгеруі мүмкін.

6 α9 AI Processor Gen8 процессорымен жабдықталған алдыңғы буындағы OLED evo үлгілерімен салыстырғанда.