We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Қазіргі қарбалас тіршілікте уақыт – ең құнды ресурстардың бірі. Сондықтан көп адам киім күтімі секілді күнделікті міндеттерді оңтайландыруға тырысады. Ал заманауи тұрмыстық техника бұл үдерісті жылдам, ыңғайлы әрі тиімді етуге көмектесіп, шынайы маңызды істерге уақыт босатады.
Алайда бүгінгі қолданушылар техникадан жай ғана негізгі функцияларды орындауын емес, одан әлдеқайда көп нәрсені күтеді. Қолдану ыңғайлығы, кеңістік үнемі және күнделікті міндеттердің бір бөлігін өз мойнына алатын зияткерлік технологиялар маңызды болып келеді.
LG WashTower кір жуғыш-кептіргіш жүйесінің негізінде дәл осындай тұжырым жатыр. Ол екі құрылғыны бір корпуста біріктірген. Мұндай шешім кеңістікті ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді және әрбір шаршы метрі маңызды қазіргі заманғы пәтерлер үшін өте өзекті.
LG WashTower деген не және оның кәдімгі кір жуғыш машинадан айырмашылығы қандай?
Бөлек орнатылған кір жуғыш және кептіргіш машиналарға қарағанда, LG WashTower әуелден біртұтас жүйе ретінде жасалған. Соның арқасында оны басқару әлдеқайда ыңғайлы: орталық панель екі бөліктің ортасында орналасып, барлық баптауын оңай етеді.
Алайда заманауи шешімдердің басты артықшылығы тек эргономикасында емес. Киім күтімін оңай әрі ұқыпты етуге көмектесетін зияткерлік технологиялардың рөлі артып келеді.
AI DD технологиясы киімге ұқыпты күтім жасауға қалай көмектеседі
AI DD технологиясы "Мақта", "Аралас мата" және "Күнделікті" атты үш циклде жұмыс істейді. Ол матаның түрі мен салынған кірдің көлемін талдап, жуудың ең оңтайлы параметрлерін таңдауға көмектеседі. Бұл киімдерге ұқыпты күтім жасауға және олардың өңін ұзақ сақтауға мүмкіндік береді.
LG WashTower кірді жуып болған соң, Smart Pairing функциясы арқылы таңдалған цикл туралы деректерді кептіргіш машинаға автоматты түрде жібере алады. Ол үшін LG ThinQ қосымшасына кір жуатын және кептіргіш машиналарды қосып, тиісті функцияны іске қосу керек. Баптаудан кейін жүйе қолданушының әрекетін азайтып, киім күтімін бұрынғыдан да ыңғайлы ету үшін оңтайлы кептіру режимін өзі таңдайды.
LG ThinQ: кір жуғыш-кептіргішті смартфон арқылы басқару
LG ThinQ қосымшасымен интеграция қосымша мүмкіндіктерге жол ашады. Пайдаланушылар құрылғының жұмысын смартфон арқылы қашықтан бақылап, циклдің аяқталғаны туралы хабарлама ала алады, сондай-ақ техниканы басқару мүмкіндігіне ие болады.
LG WashTower-дің заманауи пәтерлерге арналған артықшылықтары
Заманауи технологиялар үй шаруашылығы туралы түсінігімізді бірте-бірте өзгертіп келеді. Бүгінгі таңда техника жай көмекші емес, пайдаланушының қажеттілігіне бейімделіп, күнделікті міндеттерді жеңілдете алатын ақылды үйдің бір бөлігіне айналды.
LG WashTower кір жуу мен кептіруді бір зияткерлік жүйеге біріктіре отырып, осы тұжырымды дәлелдей түседі. Ойластырылған дизайн, заманауи технологиялар және ыңғайлы басқарудың үйлесімі киім күтімін жеңілдетіп, күнделікті өмірді жайлы етуге жәрдемдеседі.
