We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Өзіңді жоғалтпау маңызды өмір ырғағы
«Мен үшін мінсіз күн - жұмысқа, отбасыма және тек өзіме арнай алатын кем дегенде бірнеше сағатқа уақыт табылатын күн. Күн тәртібі тығыз болған кезде, дәл осы тепе-теңдік ерекше маңызды», — дейді Әсел.
Қазіргі өмір ырғағында бәріне үлгеру және сонымен бірге қарапайым нәрселерді ұмытпау, ең қиынның бірі. Күнделікті тұрмыстағы жекелеген шаруалар аса маңызды емес сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ олардың барлығын қосқанда, күннің едәуір бөлігін байқатпай алып қояды.
«Кейде үй шаруасына көп уақыт кетпейтін сияқты көрінеді. Бірақ олардың барлығын жинақтап қарасаң, біраз уақыттың соған жұмсалатынын түсінесің. Сондықтан күнделікті істерді жеңілдетуге көмектесетін шешімдерді ерекше бағалаймын», — дейді Әсел.
Әсел үшін техниканың өзі емес, оның беретін мүмкіндігі маңызды. Оның құндылығы жұмысқа, отбасыңа, кездесулерге және демалысқа көбірек уақыт пен көңіл бөлуге мүмкіндік беруімен өлшенеді.
Үй — тыныштық мекені
Тығыз күннен кейін үй тек айналаңдағы жағдай өзгеретін емес, ішкі ырғағың да баяулайтын орынға айналады.
«Мен үшін үй — жұмыс қарқынынан арылып, сабырлы әрі жайлы күйге ауысатын орын. Мұнда бәрі ыңғайлы, реттелген және көзге артық дүниелер түспегені маңызды», — дейді Әсел күлімсіреп.
Сондықтан үйге техника таңдағанда, оның функцияларына ғана емес, оның кеңістікке және отбасының күнделікті өміріне қаншалықты табиғи үйлесетініне де мән береді.
«Жақсы техника түсінікті әрі функционалды болып, уақыт пен кеңістікті үнемдеуге көмектесуі керек. Тағы бір құрылғыны қайда қоятыныңды немесе кезекті тұрмыстық процесті қалай ұйымдастыратыныңды үнемі ойлап жүргім келмейді».
LG WashTower™ жүйесінде кір жуғыш және кептіргіш машиналар бір корпуста тігінен біріктірілген. Мұндай жүйе кеңістікті тиімді пайдалануға және екі құрылғының да толық функционалдығын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл заманауи интерьер немесе шағын пәтер үшін әсіресе ыңғайлы: кір жууға арналған аймақ жинақы көрінеді, ал бөлмеден еденге қойылатын кептіргішке бөлек орын іздеудің қажеті жоқ.
Кір жуу мен кептіру — біртұтас әрі түсінікті процесс
Әсел үшін киімге күтім жасау кір жуу аяқталған сәтте бітпейді. Киімді әлі де кептіріп, ретке келтіріп, келесі киюге дайындау керек. Әдетте дәл осы әрекеттер тізбегі қосымша уақытты талап етеді.
«Киімге күтім жасау туралы айтқанда, мен үшін бүкіл процестің барынша қарапайым болғаны маңызды. Кір жуу — тек бірінші кезең. Одан кейін киімді кептіріп, келесі киюге дайындау керек», — деп түсіндіреді Әсел.
LG WashTower™ осы кезеңдердің барлығын бір жүйеге біріктіреді: кір жуу циклі аяқталғаннан кейін киімді бірден кептіргіш машинаға салуға болады. Енді кірді пәтердің әр жеріне жайып, оның кебуін күтудің қажеті жоқ.
«Мен үшін LG WashTower™ — ең алдымен жан-жақты ойластырылған жүйе. Кір жуғыш және кептіргіш машиналар бір корпуста біріктірілгендіктен, екі құрылғыға бөлек орын бөлудің қажеті жоқ. Сонымен қатар әр машинаның толық функционалдығы сақталған».
Осындай формат кір жуу мен кептіруді үй шаруасындағы ұзын-сонар міндеттер тізіміндегі тағы бір тармақ емес, күнделікті реттелген тұрмыстың бір бөлігіне айналдырады.
Киімнің ерекшеліктерін ескеретін күтім
Көпшілікке танымал тұлға ретінде Әселдің гардеробында әмбебап тазалау бағдарламасы жеткіліксіз болатын киімдер көп. Әсіресе нәзік маталар ұқыпты күтімді қажет етеді. Мұнда температура, барабанның қозғалысы және дұрыс таңдалған режим маңызды.
«Ең алдымен нәзік матадан тігілген киімдер ерекше күтімді қажет етеді. Олар үшін қажетті параметрлердің таңдалғанына және киімнің бастапқы қалпын сақтайтынына сенімді болу мен үшін маңызды».
LG WashTower™ жүйесіндегі AI DD™ технологиясы жүктеменің ерекшеліктері мен матаның түрін талдап, барабанның сәйкес қозғалысын таңдауға көмектеседі. Бу функциялары мен әртүрлі бағдарламалар киімнің сан алуан түріне сәйкес күтім режимін таңдауға мүмкіндік береді.
Жүйенің тағы бір ерекшелігі — Smart Pairing™: кір жуғыш және кептіргіш машиналар өзара байланысып, кептіру параметрлерінің алдыңғы кір жуу цикліне сәйкес болуына мүмкіндік береді. Осылайша киімге интеллектуалды күтім жасау процесі бірізді бола түсіп, қолмен баптауды азырақ қажет етеді.
«Бір жүйеде бірнеше шешімнің үйлескені мені ерекше қызықтырды. Техника кір жуу мен кептіруді екі бөлек міндет емес, біртұтас процесс ретінде ұйымдастыруға көмектеседі», — деп толықтырады Әсел.
Үнемі бақылауды қажет етпейтін технологиялар
Әселдің пікірінше, ең пайдалы техника — жұмысын үнемі бақылап отыруды қажет етпейтін техника. Ол өз міндетін тыныш әрі болжамды түрде орындап, қалыптасқан күн тәртібін күрделендірмеуі керек.
«Егер техника процесті өздігінен бейімдей алса, ал сен оның жұмысын смартфон арқылы бақыласаң, бұл шынымен уақытты үнемдейді. Әсіресе күн тәртібі минутына дейін жоспарланған кезде», — дейді ол.
LG ThinQ™ қосымшасы арқылы WashTower™ жүйесінің үйлесімді функцияларын қашықтан бақылауға болады. Ал жылу сорғысы бар Dual Inverter HeatPump™ технологиясы киімді кептіру үшін қолданылады. Бұл шешімдер адамның күнделікті процеске араласуын азайтып, оны ыңғайлы етуге көмектеседі.
«Заманауи технологиялар дегеніміз — тұрмыстық міндеттердің күнделікті істер тізіміндегі жеке тармақ болудан қалуы. Олар өмірді күрделендірмеуі керек. Керісінше, олардың міндеті — күнделікті шаруаның бір бөлігін өз мойнына алу», — деп санайды Әсел.
Күн сайын сезілетін жайлылық
«Мен көзге түспей жұмыс істейтін техниканы ерекше бағалаймын. Үдерісті қалай ұйымдастыру керектігін үнемі ойлап отырудың қажеті жоқ. Барлығы сен үшін алдын ала ойластырылған», — дейді ол.
Сондықтан LG WashTower™ киімге ұқыпты күтім жасауға, үйдегі тәртіпті сақтауға және актрисаның тығыз кестесінде ерекше жетіспейтін уақытты босатуға көмектесетін біртұтас кір жуу және кептіру жүйесі ретінде қабылданады.
«Инновациялық техника өмір салтыңның табиғи бөлігіне айналады. Оны күн сайын пайдаланасың, бірақ оның қаншама уақытыңды үнемдеуге көмектесетіні туралы ойлай бермейсің», — дейді Әсел.
Шын мәнінде маңызды дүниелерге арналған уақыт
Тұрмыстық күйбеңнен босаған уақытын неге арнар еді деген сұраққа Әсел ұзақ ойланбастан жауап береді:
«Отбасыма, жұмысыма, саяхатқа, жақындарыммен кездесуге. Немесе өзіме аз да болса уақыт қалдырар едім», — деп түйіндейді ол.
Заманауи технологиялардың басты рөлі осында шығар: өмірді жаңа функциялармен толтыру емес, керісінше, онда адамдарға, әсерлерге және шынымен есте сақтағың келетін сәттерге орын босату.
