Всемирный день улыбки с LG: 10 фильмов для хорошего настроения

Күлімсіреу күнін LG-мен бірге атап өтейік: көңіл күйді көтеретін 10 фильм

03/10/2025

Жыл сайын қазан айының алғашқы жұмасында бүкіл әлем күлімсіреу күнін атап өтеді. Бұл мереке бізге өмірдің қарапайым қуаныштарын еске салып, жақындармен жылылық пен шаттық бөлісудің қаншалықты маңызды екенін көрсетеді. Осы күні әркім жылы жүзбен күліп, жақсы көңіл күйін басқалармен бөлісуді қалайды.

LG компаниясының ұстанымы – Life’s Good («Өмір тамаша») – дәл осы мерекенің рухымен үндес. Брендтің техникасы біздің жайлылығымыз үшін жасалып, күнделікті өмірдің қуанышы көп екенін еске салады. Өмірдің сұлулығы ұсақ-түйекте емес пе: баланың күлкісінде, үйдегі жылы кеште немесе көңілді көтеретін жақсы фильмде.

Күлкі күніне орай біз сіздерге позитивке толы, шынайы күлкі мен рахат сәттерін сыйлайтын 10 тамаша фильмді ұсынамыз.


Тамаша көңіл күй сыйлайтын 10 фильм

  • «1+1» (2011) – барлық шектеулер мен стереотиптерді достық бұзатынын көрсететін әсерлі оқиға.
  • «Қолыңнан келсе, ұстап ал» / Catch Me If You Can (2002) – тартымды кейіпкері мен шапшаң оқиғаларымен баурап алатын өмірбаяндық фильм.
  • «Круэлла» (2021) – тағдырдың нәзік иірімдері мен стильдің үйлесімін көрсететін жарқын, ирониялы картина.
  • «Стажер» (2015) – Роберт Де Ниро мен Энн Хэтэуэй ойнаған жүрекжарды фильм: достық, қолдау және екінші жастық туралы.
  • «Mamma Mia!» (2008) – ABBA әндерімен өрілген шуақты, би мен әнге толы мюзикл.
  • «Арыстан патша» (1994) – бірнеше ұрпақтың жүрегін елжіреткен анимациялық классика.
  • «Жоғары» / Up (2009) – жылы сезім мен эмоцияға толы әсерлі оқиғаларға негізделген мультфильм.
  • «Амели» (2001) – өмірдің ұсақ қуаныштарын сиқырлы түрде бейнелейтін нәзік француз фильмі.
  • «Күннің қайта оралуы» / Groundhog Day (1993) – уақыт тұзағындағы кейіпкердің өмір мен бақытты қайта түсінуі жайлы күлкілі әрі ой салатын туынды.
  • «Ла-Ла Ленд» (2016) – музыка, махаббат пен арман туралы, еріксіз күлкі мен шабыт сыйлайтын фильм.


Мерекелік атмосфераны қалай жасауға болады

Кешкісін отбасыңызбен немесе достарыңызбен бірге жылы үйде отырып жақсы фильм көруді елестетіңіз. Күлкі мен жылылық – сол кештің өзегі. Мұндай сәтте жайлы атмосфера мен сапалы бейне маңызды рөл атқарады.Ол үшін LG OLED65G5RLA секілді заманауи теледидарды таңдауға болады – оның жарқын түстері мен терең контрасттары экрандағы эмоцияны ең нәзік сәттерден бастап көңілді көріністерге дейін бар болмысымен сезінуге мүмкіндік береді.


Life’s Good – әр күннің естелігі

LG философиясы – «Өмір тамаша» – Күлкі күні идеясына үндес: күнделікті өмірден жарық пен қуанышты көру, қарапайым бақыттарды бағалау және олармен бөлісу. Күлімсіреу, отбасыңызбен бірге көрген фильм немесе достарыңызбен өткізген кеш – міне, осындай сәттер өмірді шынымен де тамаша қылады.

LG-дің теледидарларын LG.kz интернет-дүкенінен сатып алыңыз. Ол заманауи технологияларды және үйден шықпай-ақ ыңғайлы сатып алу мүмкіндігін ұсынады. LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустарға ие болыңыз: 5% құттықтау купоны, 2% тұрақты жеңілдік, кейбір үлгілерге тегін жеткізу және орнату1. Төлем жасау тәсілдері де ыңғайлы: картамен, Kaspi QR, Apple Pay арқылы немесе 24 айға дейінгі пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады.