LG: Тұтынушыларға қамқорлық — басты назарда. Әлемдік деңгейдегі қызмет көрсетуге адалдық

LG: Тұтынушыларға қамқорлық — басты назарда. Әлемдік деңгейдегі қызмет көрсетуге адалдық

18/06/2024

 

Бизнес әлемінде жай ғана сапалы өнім жасау жеткіліксіз. Алдыңғы қатарда қалу үшін компаниялар дистрибуция, маркетинг және инновация салаларында үздік болуы тиіс. Алайда осының өзінде де клиенттерге сапасыз қызмет көрсету брендтің беделін түсіріп, компанияның жылдар бойы қалыптастырған тұтынушылар сенімінен айыруы мүмкін.

 

 

Мұны жете түсінген LG компаниясы клиенттерге қызмет көрсету сапасын жаһандық деңгейде жақсартып келеді. Мақсат – тұтынушыға ерекше тәжірибе ұсыну, ол үшін клиенттерге қызмет көрсетудегі жинақталған тәжірибені отандық әрі шетелдік нарықта тиімді пайдалану.

 

Биыл жаңа кезең басталуда, онда LG компаниясының клиенттерге қызмет көрсетуге жауапты бөлімі – HiTeleservice – бүкіл әлемдегі LG сервис орталықтарының жұмыс тиімділігін арттыру үшін мамандарды қолдаудың күшейтілген жүйесін қалыптастырады. HiTeleservice-тің тәжірибелі клиенттерге қызмет көрсету мамандары (CSRs) халықаралық деңгейде қызмет көрсету тәжірибесімен, таланттарды дамыту мен операциялық стратегиялар саласындағы білім және дағдыларымен бөлісе отырып, жетекшілік рөл атқарады.

 

 

Жоспар – әрбір LG кеңсесінде қызмет көрсету сапасының әрдайым жоғары стандартын қамтамасыз ету үшін мәдени және операциялық ерекшеліктерден туындайтын кез келген сапа айырмашылығын жою. 40-тан астам елде орналасқан клиенттерге қызмет көрсету орталықтары мен 50-ден астам тілді қолдайтын жүйесінің арқасында LG компаниясы онлайн да, офлайн да бірінші деңгейлі қызмет көрсетуге барынша тырысады.

 

 

;> HiTeleservice бөлімі LG-дің клиенттерге қызмет көрсету бойынша жаһандық операцияларын мұқият талдағаннан кейін осындай ауқымды қызметті ұсынуға дайын. Бірінші қадам – клиенттердің мәселелеріне олардың көзқарасы тұрғысынан қарап, үздік тәжірибелер негізінде клиенттерге қызмет көрсету мамандарының (CSR) біліктілігін арттыру. Сондай-ақ клиенттермен тікелей жұмыс істейтін қызметкерлер LG-дің білім беру платформасындағы ағылшын тілін оқу материалдарына қол жеткізе алады.

 

Алайда бұл бір реттік тренинг емес. LG компаниясы CSR мамандарының таланттарын тұрақты дамытуға арналған жүйе құрып, ұйымды тиімді басқару бойынша ұсынымдар береді. Бұл ұзақ мерзімді стратегия қызмет көрсетудің жоғары стандартын үздіксіз жетілдіру арқылы сақтауға бағытталған.

 

Сонымен қатар, HiTeleservice өздерінің CSR мамандарына жан-жақты оқыту бағдарламаларын ұсынады. Оған жаһандық коммуникацияны жақсарту үшін тілдік дағдыларды дамыту және негізгі құзыреттерді жетілдіруге арналған арнайы дайындық кіреді. Мақсат – кез келген елде, кез келген уақытта, кез келген жерде болса да, тұтынушыларға қажет болған сәтте кәсіби білімін ұсына алатын мамандарды қалыптастыру.

 

 

LG соңғы уақытта Жасанды интеллектті (ЖИ) «Тартымды интеллект» ретінде жаңаша ұғынуға көшіп, оны пайдаланушыларға барынша жанашыр тәжірибе ұсынудың құралы ретінде қарастырып отыр. Осы себепті компания ЖИ технологиясын клиенттермен өзара әрекеттесу бағытындағы операциялық үдерістеріне кезең-кезеңімен енгізуде.

 

ЖИ саласындағы осындай жаңашылдықтардың бірі — Smile Plus жүйесі. Бұл — CSR жауаптарының жылдамдығы мен дәлдігін арттыру үшін жасанды интеллект қолданылатын қоңыраулар жүйесі. Ол қызметкерлерге тұтынушылар туралы жан-жақты ақпаратты ұсынады: сатып алу тарихы, жеткізу, орнату және техникалық қызмет көрсету деректері сияқты мәліметтер LG веб-сайты, LG ThinQ қосымшасы және қолдау қызметіне жасалған қоңыраулар жазбасы.

 

Сонымен қатар, LG жасанды интеллектке негізделген STT/TA (Сөйлеуден мәтінге / Мәтінді талдау) функциясын әзірлеп, енгізді. Бұл жүйе ауызша сөйлеген сөзді нақты уақыт режимінде мәтінге айналдырады. STT/TA сонымен бірге қолдау қызметіне түскен қоңыраудың контексін анықтап, ең тиімді шешімдерді ұсынуға қабілетті. Бұған қоса, LG компаниясы жасанды интеллект негізіндегі дауыс ботын іске қосуды жоспарлап отыр. Бұл – қазіргі уақытта әзілленіп жатқан, тұтынушыларды қолдау қызметіне қоңырау шалуға арналған автономды шешім. Бұл қызмет қолдау көрсету желісі бос болмаған кезде немесе қоңырауларды өңдеуде кідірістер туындағанда қарапайым сұраныстарды қабылдауға арналған.

 

LG компаниясының клиенттерге сапалы қызмет көрсетуге деген ұстанымы тек ақпараттық қызметпен шектелмейді. Ол сату және жөндеу қызметтерін де қамтып, жоғары стандарттарды әлемнің түкпір-түкпіріне таратады. Бұл шетелдегі қызметкерлерді оқыту үшін мамандарды басқа елдерге жіберуді және топтық тренингтер өткізуді көздейді. 2011 жылдан бері LG компаниясы Кореяда сыналған тиімді сату стратегияларын Таяу Шығыс, Африка, Орталық Азия және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы командаларға да ұсынып келеді.

 

;> Мысалы, Алматы қаласында LG-дің фирмалық сервис орталығы мен негізгі қоймасы орналасқан, онда 18 000 қосалқы бөлшек сақталады. Осы жерден бүкіл Қазақстан бойынша LG Electronics техникаларын жөндеуге ресми түрде авторизацияланған 46 әріптес сервис орталығына қолдау көрсетіледі. Әрбір серіктес LG техникасын жетік меңгерген, қажетті құралдармен жабдықталған және толық түсінікке ие. LG Service Қазақстан аумағының 98%-ын қамтиды, яғни сіз қай жерде болсаңыз да, жаныңызда міндетті түрде авторизаланған сервис орталығы болады. Ірі қалаларда басым техникаларға арналған қосалқы бөлшектер қоймасы бар, ал қажетті бөлшектер өңірдің қашықтығына байланысты 2–4 күн ішінде жеткізіледі. LG өз қолданушыларының кез келген сұранысына жылдам әрі дәл жауап беру үшін бар күшін салады.

 

LG компаниясы жай ғана өнім сатумен шектелмейді – ол қызмет көрсетеді және әрбір тұтынушыға, ол қай жерде тұрса да, үздіксіз әрі теңдессіз қызмет көрсетуге ұмтылады.