text

MRGB және OLED evo: айырмашылығы неде және қай экранды таңдаған жөн?

14/07/2026

Жаңа теледидар таңдау кезінде көпшілік OLED деген не, OLED теледидар нені білдіреді, IPS әлде OLED, QLED пе, OLED пе, OLED пен AMOLED-тің қайсысы жақсы?» деген сұрақтарға тап болады.

Бүгінде кескінді көрсетудің көптеген технологиясы бар, бірақ қанық қара түсі, жоғары контрастылығы және шынайы түс беруінің арқасында OLED сапа эталоны саналады. Сонымен қатар LG пайдаланушыларға OLED evo және дисплейлердің жаңа MRGB буыны сияқты жетілдірілген шешімдерді ұсына отырып, технологияларын дамытуды жалғастыруда.

img


OLED дегеніміз не?

Айырмашылықтарды талдамас бұрын, OLED-тің не екенін түсініп алу маңызды. OLED (Organic Light Emitting Diode) – әр пиксельдің өздігінен жарық шығаратын технологиясы. LED немесе IPS дисплейлеріне қарағанда, OLED-ке бөлек жарықтандыру қажет емес. Соның арқасында экран жекелеген пиксельдерді толық сөндіріп, абсолютті қара түс пен шексіз контраст жасай алады.

Сондықтан LED мен OLED-тің қайсысы жақсы деп салыстырғанда, сарапшылардың көпшілігі, әсіресе фильмдер мен сериалдарды көргенде, кескін сапасының жоғары болғаны үшін OLED-ті таңдайды.

OLED evo мен MRGB айырмашылығы неде?

OLED evo – бұл жарық қабатының құрылымы жақсартылып, кескінді өңдеудің заманауи алгоритмдері қолданылатын LG OLED панельдерінің келесі буыны.

Нәтижесінде теледидарлар өзіне тән қанық қара түсін жоғалтпай, анағұрлым жоғары жарықтықты, қанық түстерді және энергия тиімділігін көрсетеді.

MRGB – технология дамуындағы кезекті қадам. Дәстүрлі RGB компоненттеріне қоса, кескіннің жарықтығын арттыруға, түстер ауқымын жақсартуға және тіпті жарық бөлмелерде де суретті шынайы ете түсуге мүмкіндік беретін қосымша жарық элементі пайдаланылады.

Егер OLED evo классикалық OLED технологиясының әлеуетін ашса, MRGB табиғи реңктер мен жоғары детализацияны сақтай отырып, кескінді одан да жарқын етеді.

Қай сценарийде OLED evo, ал қай кезде MRGB таңдаған жөн?

Егер сіз кешкі уақытта жиі фильм көрсеңіз немесе көмескі жарықта бейне ойын ойнасаңыз, OLED evo теледидарлары керемет контраст пен қанық қара түсті және түстердің дәл берілуін қамтамасыз етеді. Мұндай модельдер үй кинотеатрына өте ыңғайлы және суретті режиссер ойластырғандай көруге мүмкіндік береді.

MRGB технологиясы бар теледидарлар, әсіресе, жарық қонақ бөлмелерде, терезесі үлкен жайларда немесе күндіз спорттық трансляцияларды көруге таптырмас шешім. Жоғары жарықтық сыртқы жарық қарқынды болса да, кескінді толығымен сақтауға көмектеседі.

img


Қайсысы жақсы: IPS, OLED, AMOLED, әлде QLED?

Пайдаланушылардың ең жиі қоятын сұрақтарының бірі – IPS пен OLED-тің қайсысы жақсы? IPS-дисплейлер көрудің жақсы ракурстарымен және қолжетімді бағасымен ерекшеленеді, алайда OLED контраст, қара түстің қанықтығы және тілқату жылдамдығы жағынан айтарлықтай басым түседі.

OLED мен AMOLED-тің қайсысы жақсы деген сұрақ жиі туындайды. AMOLED те OLED технологияларына жатады және смартфондарда кеңінен қолданылады. Алайда, теледидар таңдаған кезде бұл салыстыру онша орынды емес: үлкен экрандар үшін LG OLED технологиялары кескіннің ең жоғары сапасын және контентті өңдеудің заманауи алгоритмдерін ұсынады.

Тағы бір жиі кездесетін салыстыру – QLED пен OLED-тің қайсы жақсы? QLED кванттық нүктелері бар жарықдиодты жарықтандыруды пайдаланады, соның арқасында жоғары жарықтықты қамтамасыз ете алады. Дегенмен, әрбір пикселі дербес жұмыс істейтіндіктен, OLED қара түс деңгейі, контрасты және кескіннің шынайылығы жағынан одан басым түседі.

OLED көру қабілетіне әсер ете ме?

Заманауи LG теледидарлары көк жарық деңгейін төмендететін, жыпылықтауды жоятын және жарықтықты интеллектуалды түрде реттейтін технологиялармен жабдықталған. Соның арқасында теледидарды ұзақ уақыт көргеннің өзінде көз талмайды. Әрине, көз денсаулығын сақтау үшін экранға дейінгі ұсынылған қашықтықты сақтап, үнемі үзіліс жасап тұру да маңызды.

img


Болашақта қай экранның маңызы артады?

OLED технологиясының дамуы OLED evo және MRGB сияқты технологиялардың арқасында жалғасуда. Олар кескінді жарқыратып, энергия тиімділігін арттырады және теледидардың түрлі мақсатта қолданылу мүмкіндіктерін кеңейтеді.

Сондықтан «OLED-теледидарлар деген не және дәл соны таңдау керек пе?» деген сұрақ туындаса, жауабы айқын: қазіргі OLED технологиялары – теледидар дисплейлерін дамытудағы келешегі зор бағыттардың бірі. Ал LG компаниясының OLED evo және MRGB сынды инновациялары кино көріп, ойын ойнап немесе спорттық трансляцияларды тамашалап отырсаңыз да барынша шынайы кескін алуға мүмкіндік береді.