Ошибки при выборе стиральной машины

Наурыз-көже жаңа форматта: басты мерекелік тағамды микротолқынды пеште қалай дайындауға болады

09/03/2026

Көктемнің жаңаруын және жарқын Наурыз мейрамын мол дәмді, хош иісті Наурыз көжесіз елестету қиын. Ол – береке мен кең дастарханның, ақжарқын қонақжайлық пен отбасы амандығының басты нышаны. Бүгінде ұлттық тағамдарға деген құрмет жаңа сипатқа ие: ғасырлар бойы сақталған рецептерді заманауи технологиялармен ұштастырып, мерекелік асты бұрынғыдан да тез әрі сүйіспеншілікпен дайындай аламыз.

Қазіргі өмірдің қарбалас ырғағында асүйдегі сенімді көмекші – LG NeoChef™ MH6565DIS микротолқынды пеші. Ол дәстүр мен технологияның арасын жақындатып, сүйікті тағамның шынайы дәмін көп күш жұмсамай-ақ қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Соның арқасында күнделікті ас әзірлеу шығармашылыққа толы жеңіл үдеріске айналады.

Бар құпия – ақылды инновацияларда. LG NeoChef™ MH6565DIS тек жылытып немесе пісіріп қана қоймай, әр ингредиенттің табиғи пайдасы мен бай дәмін сақтайды. I Wave технологиясы мен автоматты бағдарламалары тағамның біркелкі дайындалуын қамтамасыз етеді. Қуаты мен уақыты дәл реттелгендіктен, көжеңіз жұмсақ құрылымға ие болып, бала кезден таныс қою әрі жылы хош иісін жоғалтпайды. Енді жақындарыңызды ұлттық тағаммен қуантудың өзі бұрынғыдан да оңай әрі жайлы.

Қажетті өнімдер

Дәстүрлі Наурыз-көже үшін:

  • 1 кг піскен ет (жылқы еті болғаны дұрыс);
  • қазы мен қарта;
  • 100 г бидай;
  • 100 г күріш;
  • 100 г арпа;
  • 100 г тары;
  • тұз – дәміне қарай;
  • 1,5 л сорпа;
  • 0,5 л айран.

img


Дайындау тәсілі

Дайындау тәсілі Сорпаны әзірлеу:

Шыны ыдысқа сорпаны құйып, микротолқынды пешке салыңыз. Алдымен бидайды қосып 5 минут пісіріңіз, кейін арпа мен күрішті салыңыз. Тағы 5 минуттан соң тарыны қосыңыз. Тұзды дәміне қарай себіңіз.

Ингредиенттерді біріктіру:

Жармалар толық піскен соң, тағамды сәл салқындатыңыз. Туралған етті, қазы мен қартаны сорпаға қосып, үстіне айран құйып жақсылап араластырыңыз. Айранның орнына сұйық құрт пайдалануға болады. Қаласаңыз, дәміне қарай мейіз қосуға болады.

Ұсыну:

Дайын Наурыз көжені сәнді ыдысқа құйып, көкпен әрлеңіз. LG NeoChef™ MH6565DIS микротолқынды пешіндегі жылуды сақтау функциясы тағамды дастарханға дейін жылы күйінде сақтайды.

LG микротолқынды пешін қолдану ас әзірлеуді жеңілдетіп, уақытыңызды үнемдейді және өнімдердің пайдалы қасиеттерін сақтайды. Біркелкі қыздыру технологиясы, автоматты бағдарламалар және ішкі камераның оңай тазалануы бұл үдерісті барынша жайлы етеді. Енді Наурыз көжені дәстүрлі дәмі мен мінсіз құрылымын сақтай отырып, тез әрі ыңғайлы дайындауға болады.

Заманауи техниканың мүмкіндіктерін LG.kz интернет-дүкенінен бағалаңыз: мұнда толық ақпарат пен сатып алудың ыңғайлы шарттары ұсынылған. LG клубына қосылып, пайдалы бонустарға ие болыңыз – 5% сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, тегін жеткізу және орнату1. Төлемді карта, Kaspi QR, Apple Pay немесе пайызсыз бөліп төлеу арқылы жасауға болады.