«Қамқор жасанды интеллектпен» жабдықталған LG-дің жаңа буындағы тұрмыстық техникасы

«Қамқор жасанды интеллектпен» жабдықталған LG-дің жаңа буындағы тұрмыстық техникасы

18/06/2024

LG компаниясы өз тұрмыстық техникасына Wi-Fi модулін он жылдан астам уақыт бұрын енгізген. Содан бері LG өз клиенттерінің өмір сапасын жақсарту үшін инновациялық шешімдер ұсынып келеді. Ақылды тұрмыстық техника нарығындағы көшбасшы ретінде LG бүгінде өзінің тұрмыстық техникаларында “Қамқор интелект” («Affectionate Intelligence») ерекше функциясымен жабдықтай отырып, фирмалық кіріктірілген жасанды интеллект чипін "DQ-C" қолданады.




CES 2024 көрмесінде LG компаниясының бас директоры Уильям Чо (William Cho) жаңа «Қамқор интеллект» технологиясын таныстырды. Бұл технология LG тұрмыстық техникасының дамуындағы жаңа кезеңді білдіреді — енді техника әрбір қолданушының қажеттілігіне бейімделіп, барынша жекелендірілген қызмет ұсынады.


«Қамқор интеллект» үш негізгі қағидаға негізделген: «Нақты уақыттағы интеллект» – LG-дің ақылды құрылғылары мен басқа да IoT (Заттар интернеті) құрылғыларынан алынған деректерді талдайды; «Ұйымдасқан интеллект» – клиенттің қалауы бойынша өзара байланысты құрылғылардың жұмысын лезде үйлестіруге мүмкіндік береді; «Жауапты интеллект» – деректердің қауіпсіздігі мен құпиялылығын қамтамасыз ете отырып, әр қолданушыға жеке көзқараспен қарауды жүзеге асырады.


«Қамқор интеллектпен» жабдықталған тұрмыстық техниканың дамыған нұсқасымен бірге арттырылған жайлылық деңгейі


«Қамқор интеллектпен» жабдықталған кіріктірілген LG тұрмыстық техникасыны бүгінде 11 өнімді қамтиды: кондиционерлер, кір жуғыш машиналар, кептіргіш машиналар, Styler™ бумен тазалау шкафтары, ауа тазартқыштар, робот-шаңсорғыштар, тоңазытқыштар, электр плиталары, ыдыс жуғыш машиналар, су тазартқыштар және теледидарлар.




> Биыл Оңтүстік Кореяда таныстырылған «Қамқор интеллектпен» жабдықталған стационарлы кондиционер AI Smart Care1 жетілдірілген функциясының арқасында теңдессіз жайлылықты қамтамасыз етеді. Бұл функция бөлмедегі адамның орнын нақты уақыт режимінде анықтап, ауа ағынының бағытын, қарқындылығын және температурасын автоматты түрде реттейді.


Болашақта LG өзінің «Қамқор интеллект» жобасын «ақылды үй» тұжырымдамасынан асып түсетін, түрлі салаларда және тіпті желілік кеңістіктерде қолдануға болатын жасанды интеллектке негізделген инновациялық сервиске айналдыруды жоспарлап отыр.




> Жасанды интеллектпен жабдықталған LG тұрмыстық техникасы


2011 жылы LG компаниясы тұрмыстық техникасына Wi-Fi модульдерін енгізген алғашқы өндіруші болды. Алты жыл өткен соң, 2017 жылы компания LG ThinQ™ брендін ұсынып, өз тұрмыстық техникасының көп бөлігіне Wi-Fi қосылымын кеңейтті. Осылайша, жасанды интеллектпен жабдықталған тұрмыстық техниканың жаңа дәуірі басталды.


Жасанды интеллекттің арнайы кіріктірілген чиптер желісі


2023 жылдың шілдесінде үш жылдан астам зерттеу мен әзірлеуден кейін LG төңкерісті шешімдерін таныстырды: кіріктірілген жасанды интеллект чипі DQ-C және тұрмыстық техникаға арналған су жаңа операциялық жүйе. Өткен жылы компания болашақтағы «Қамқор интеллектпен» жабдықталған құрылғылар үшін жасанды интеллект чиптерін әзірлеуге жауапты арнайы бөлім құрды. Бұл қадамдар — LG-дің өз өнім ауқымын кеңейтіп, тұтынушыға «ақылды» құрылғылардың артықшылықтарын ұсынуға бағытталған стратегиясының бір бөлігі.


LG-дің «Қамқор интеллект» пен басқа да таңғалдыратын технологиялар саласындағы инновациялық әзірлемелері компанияның тұрмыстық техника индустриясындағы жаһандық көшбасшы ретіндегі орнын нығайта түсті.


# # #


1 Қазіргі уақытта AI Smart Care функциясы тек Оңтүстік Кореяда қолжетімді.