Ошибки при выборе стиральной машины

Кір жуғыш машинаны таңдаудағы қателіктер

26/02/2026

Әр үй кішігірім шешімдерден басталады, ал кір жуғыш машинаны таңдау – солардың бірі. Біз оны күнделікті қосамыз, сүйікті киімдерімізге күтім жасап, өмірімізді жайлы етеміз. Кейде сыртқы көрінісіне немесе тартымды бағасына беріліп, күнделікті пайдалану үшін маңызды бөлшектерді елемей кетеміз. Бұл мақалада кір жуғыш машинаны таңдаудағы ең жиі кездесетін қателіктерді қарастырып, саналы шешім қабылдауға көмектесетін кеңестер береміз.

Өмір ырғағын ескермеу

Сіз қанша және қаншалықты жиі жуу жасайтыныңызды түсіну – бірінші қадам. Екі-үш адамнан тұратын отбасы үшін 8-9 кг жүктеме жеткілікті – бұл күнделікті киімге де, төсек-орын жинақтарына да ыңғайлы.

Көп көлемді жуу қажет болса, кешенді шешімге назар аударыңыз. Мысалы, LG WashTower кір жуғыш пен кептіргішті бір корпусқа біріктіріп, орталықтан басқаруды ұсынады. Кеңістікті үнемдеп, жуды жеңілдетеді, бос уақыты аз адамдарға таптырмас шешім.

img


Күнделікті күтім үшін технологияның мәні

Қазіргі кір жуғыш машиналар көптеген технологиялармен жабдықталған, бірақ ең маңыздысы – күнделікті өмірді жеңілдететін, затқа қамқорлық жасайтын, уақыт пен энергияны үнемдейтін технологиялар.

LG 9 кг-да AI DD™1 технологиясы жүктемені және мата түрін талдайды, барабан қозғалысын оңтайландырады. Киім нәзік сақталып, талшықтар ұзаққа шыдайды, түсі қанықтығын сақтайды.

Steam™ технологиясы 99,9%2 аллергенді, шаң кенелерін жояды. Бұл әсіресе аллергиясы бар немесе тыныс алу проблемалары бар адамдар үшін маңызды.

Өлшемдерді дұрыс есептемеу

Тіпті сипаттамалары мінсіз модель, егер бөлме өлшемдері есепке алынбаса, ыңғайсыз болуы мүмкін.

Сатып алмас бұрын:

  • бөлменің ені мен тереңдігін өлшеу;
  • есікті ашуға арналған орын қалдыру;
  • қосылымға артық кеңістік қалдыру қажет.

Шағын фронтальды модельдер стандартты жоспарға оңай сәйкес келеді, ал біріктірілген шешімдер биіктік бойынша мұқият орналастыруды қажет етеді.

Тек максималды көрсеткішке назар аудару

Жоғары айналым жылдамдығы немесе үлкен жүктеме әсерлі көрінеді, бірақ бұл әрдайым сапалы жуды қамтамасыз етпейді.

Нәзік маталар үшін шамадан тыс интенсивтілік қажетсіз болуы мүмкін. Көбірек маңыздысы:

  • тұрақты жұмыс;
  • энергия тиімділігі;
  • төмен шу деңгейі;
  • мотор сенімділігі.

LG инверторлық моторлары тыныш әрі ұзақ қызмет етеді, ал арнайы функциялар күнделікті жуды ыңғайлы етеді.

Сервис пен кепілдікті елемеу

Техника тиімді жууға қабілетті болуы керек, сонымен бірге сенімді сервис қолдауымен қорғалуы тиіс.

Қазақстанда LG Electronics Kazakhstan авторизацияланған сервистік орталықтар желісі жұмыс істейді. Мекенжайлар мен қызмет көрсету шарттарымен LG Premium Service сайтында танысуға болады. Бұл қажет болған жағдайда қайда жүгіну керектігін алдын ала білуге мүмкіндік береді.

Сатып алу алдында назар аудару керек:

  • нақты жуу көлемін анықтау;
  • кеңістікті өлшеп, артық орын қалдыру;
  • мата күтім технологияларын бағалау;
  • энергия тиімділігі мен шу деңгейін тексеру;
  • кепілдік және қызмет көрсету шарттарын нақтылау.

Дұрыс таңдалған кір жуғыш машина күнделікті өмірді жайлы етеді, киімге нәзік күтім жасайды және үйіңізге бірнеше жыл бойы сенімді шешім болады. LG сіздің өмір салтыңыз бен кеңістікті ескере отырып, жууды күнделікті ыңғайлы әрі қарапайым етеді.

LG.kz интернет-дүкенінен барлық мүмкіндіктерді зерттеп, LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустарға ие болыңыз: сәлемдесу купоны – 5%, тұрақты 2% жеңілдік, кейбір модельдерге тегін жеткізу мен орнату3. Төлем карталармен, Kaspi QR, Apple Pay арқылы немесе бөліп төлеумен қолжетімді.