text

Отбасыға арналған теледидарды қалай таңдау керек: сатып алар алдындағы чек-лист

23/07/2026

Теледидар сатып аларда, оны бүкіл отбасының бірнеше жыл бойы пайдаланатынын ескерген жөн. Осы уақыт ішінде ол үй кинотеатрына, ойын платформасына, спорттық трансляциялар мен мультфильмдер көретін экранға, ал кейде тіпті ақылды үйді басқару орталығына да айналып үлгереді.

Сондықтан қазір теледидар таңдағанда тек экранның өлшеміне немесе тұнықтығына емес, басқа да қаситтеріне назар аудару керек. Құрылғыны пайдалану отбасының әр мүшесіне қаншалықты ыңғайлы екенін түсіну әлдеқайда маңызды.

Теледидар сатып алар алдында тексеруге тұрарлық негізгі критерийлерді талдаймыз.

img


Теледидар балалар мен жасөспірімдерге қолайлы ма?

Үйде балалар немесе жасөспірімдер болса, теледидар тек мультфильм көруге ғана емес, сонымен қатар заманауи ойын консольдеріне де қолданылатыны анық.

Бұл жағдайда мыналарға назар аудару маңызды:

  • экранды жаңартудың жоғары жылдамдығы;
  • ойын технологиясын қолдау;
  • жеке ойын режимі.

Мысалы, LG OLED evo AI G6 теледидарлары 165 Гц-ке дейінгі жаңарту жиілігін қолдайды, NVIDIA G-SYNC® және AMD FreeSyncTM Premium технологияларымен үйлесімді, ал Game Optimizer функциясы жанрға қарай ойын баптауларын жылдам өзгертуге мүмкіндік береді.

Осының арқасында ең қарқынды көріністердің өзінде қозғалыс бірқалыпты болып, экранның жауап беру уақыты лезде қысқарады – бұл әсіресе бәсекеге толы ойындарда маңызды.

Теледидар кинотеатрға баруды алмастыра ала ма?

Кешке қарай теледидар үй кинотеатрына айналады. Көруден шынымен де ләззат алу үшін кескін сапасына назар аударған жөн.

LG компаниясының заманауи OLED-теледидарларында кескінді барынша шынайы етіп көрсететін Perfect Black және Perfect Color технологиялары қолданылады.

Мысалы, LG OLED evo AI C6 моделі α11 AI Processor Gen3 процессорымен және кескіннің табиғи түсін бұзбай, оны әлдеқайда жарқын ететін Brightness Booster Ultimate технологиясымен жабдықталған.

Егер сіз кешке отбасыңызбен бірге фильм көргенді ұнатсаңыз, кескін мен дыбысты кинодағыдай сапалы ететін Dolby Vision және Dolby Atmos технологияларына да назар аударған жөн.

Балаларға теледидар көру ыңғайлы ма?

Теледидар күніне бірнеше сағат бойы қосулы тұрса, ата-аналар кескін сапасына ғана емес, көруге ыңғайлы болуына да көбірек мән бере бастайды.

LG OLED evo теледидарлары кескін сапасын төмендетпей, көк сәуленің аз бөлетінін растайтын EyeSafe® сертификатын алды.

Сонымен қатар OLED панелі дірілдемейді, ал түстерді дәл беруі кескінді табиғи ете түседі.

Бұл әсіресе отбасымен ұзақ уақыт фильм немесе мультфильм көргенде маңызды.

Теледидар отбасының әр мүшесін тани ала ма?

Бір отбасында теледидарды төрт-бес адам көреді. Әркім өзіне арналған ұсыныстарды көргісі келеді. Сондықтан да жаңа LG AI TV теледидарлары AI Voice ID функциясын қолдайды.

Теледидар пайдаланушыны дауысынан таниды және автоматты түрде жеке ұсыныстар, көру тарихы, сүйікті қосымшалар мен жеке баптаулар көрсетілетін жеке парақшаны ашады.

Бұл жүйені AI Concierge толықтырады, ол көру әдеттерін талдайды және пайдаланушының қызығушылықтарына сәйкес келетін фильмдерді, шоуларды және басқа да контентті ұсынады.

Осының арқасында теледидар бірте-бірте отбасының әр мүшесіне бейімделеді.

Спортты жақсы көресіз бе? Sports Alert функциясының бар-жоғын тексеріңіз

Егер отбасында футбол, хоккей немесе басқа да жарыстарды үнемі тамашалайтын адам болса, Sports Alert пайдалы функция болмақ.

Теледидар ойынның басталғанын алдын ала ескертеді, ағымдағы есепті көрсетеді және пайдаланушы басқа фильмді немесе сериалды көріп отырса да, маңызды оқиғалар туралы хабарлайды.

Мұндай функцияны webOS платформасындағы заманауи LG теледидарлары қолдайды.

img


Деректеріңіз қаншалықты қорғалған?

Бүгінде Smart TV бірнеше жыл бұрынғыға қарағанда әлдеқайда көп ақпаратты сақтайды. Стриминг қызметтерінің тіркелгілері, шолу тарихы, қосылған ақылды үй құрылғылары және дауыстық пәрмендер сенімді қорғауды талап етеді.

Сондықтан теледидар таңдағанда қауіпсіздікке де назар аударған жөн.

LG теледидарларында бұл міндетті пайдаланушы деректерін қорғауға көмектесетін, интеллектуалды функциялардың қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ететін және бағдарламалық жасақтаманың өзектілігін сақтайтын LG Shield жүйесі шешеді.

Отбасы үшін қандай теледидар таңдаған дұрыс?

Қорыта айтқанда, заманауи отбасылық теледидар – бұл жай тұнықтығы жоғары экран емес.

Сатып алмас бұрын модельдің әртүрлі пайдалану сценарийлеріне қаншалықты сәйкес келетінін тексерген жөн: балаларға мультфильмдерді көруге ыңғайлы ма, консольде ойнауға ыңғайлы ма, теледидар әр пайдаланушыға автоматты түрде бейімделе ала ма, спорттық оқиғаларды еске түсіре ала ма және жеке деректерді қорғай ала ма.

Сондықтан LG AI TV желісі, соның ішінде LG OLED evo AI G6 және LG QNED evo AI және Mini RGB evo AI желісі теледидарды күнделікті пайдалануды бүкіл отбасы үшін ыңғайлы ететін функцияларды біріктіреді. Жасанды интеллект күнделікті баптауларды өз мойнына алады, ал пайдаланушыларға тек бірге көбірек уақыт өткізу қалады.