We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Жақсы өнім дизайны — бұл тұтынушының қажеттіліктерін терең түсініп, оларды тиімді қанағаттандыру. Тұрмыстық техника саласындағы көшбасшы ретінде LG компаниясы жобалау үдерісінің әр кезеңінде тұтынушыға бағытталған көзқарасты басшылыққа алады. Бұл өз кезегінде қолданушыға барынша ыңғайлы әрі эмоциялық тұрғыдан қанағаттандырарлық тәжірибе ұсынуға мүмкіндік береді. Компания өзінің «3F» дизайн философиясына сүйене отырып, адамдардың өмір сапасын арттыруға арналған инновациялық тұрмыстық техника мен ақылды үй шешімдерін әзірлеуді жалғастыруда «3F».

“3F” нені білдіреді: Fit, Feel, Finish
«LG компаниясы “3F” терминін өнімнің сыртқы келбеті, өнімділігі және тұтынушы көріп, сезіне алатын өзге де материалдық әрі бейматериалдық қасиеттерін білдіру үшін қолданады», — деді LG Electronics компаниясының Life Innovation Design Center орталығындағы H Design Lab бөлімінің вице-президенті әрі жетекшісі Чон Ук-джун (Chung Wook-jun) мырза. «Негізінде, 3F — бұл компания ұстанатын қағидалар жиынтығы. LG осы қағидалар арқылы әрбір өнімге тұтастықты, пайдалану жеңілдігін және эмоциялық қанағат сезімін беретін негізгі құндылықтарды ұштастырады».
«3F» «Fit, Feel and Finish»дегенді білдіреді (үйлесімділік, сезіну және әрлеу). «Үйлесімділік» өнімнің саңылаусыз жасалған дизайны мен жалпы пішінінің біркелкілігін білдіреді.«Сезіну» — қозғалмалы бөлшектердің бірқалыпты және тұрақты жұмысын, сондай-ақ пайдаланушы құрылғының интерфейстерімен, есіктерімен және басқа құрамдас бөліктерімен әрекеттескен кезде туындайтын қанағаттанарлық әсерді қамтиды. «Әрлеу» — түстердің дұрыс материалдармен үйлесуіне және барлық өнім желілерінде таза әрі біркелкі эстетикаға қол жеткізуге бағытталған. Уақыт өте келе 3F ұғымының анықтамасы кеңейіп, бүгінде ол эргономика, пайдаланушы тәжірибесін (UX) оңтайландыру және интерфейсті пайдаланудың ыңғайлылығы сияқты элементтерді де қамтиды(UI).
2001 жылы ресми түрде таныстырылған 3F қағидаты LG компаниясының жұмыс процесінде берік орын алды. Осы қағидатты басты назарда ұстау үшін компания тұтынушыға бағытталған дизайнды кешенді түрде дамыту мақсатында арнайы құрылған ұйым жасақтады. Бұл ұйым өнімді жоспарлау, дизайн, әзірлеу, сапаны бақылау және сату сияқты бірнеше бөліммен тығыз байланыста жұмыс істейді.

Тұтынушыға бағытталған дизайн зерттеулері
3F қағидасындағы жұмыстың басты бағыты – LG әзірлейтін әрбір өнімнің жан-жақты дайын болуын қамтамасыз ету.Өнімді әзірлеу кезеңінде осындай жоғары деңгейдегі дайындықты қамтамасыз ету арқылы компания өндіріс барысында туындауы мүмкін сапаға қатысты мәселелердің алдын алады.
Концепцияны жоспарлау кезеңінде LG бұрын шығарылған үлгілерге тән кез келген кемшілік немесе қолайсыздықты анықтап, оларды жою арқылы жаңа өнімдерде қайталануын болдырмауға тырысады. Компания өзіне тиесілі ішкі эргономика стандарттарын пайдалана отырып, өнімдердің қолдану жеңілдігін мұқият бағалайды және қосымша жетілдіру қажет пе, соны анықтайды. Жаппай өндіріске шығарар алдында LG өз өнімдерін 160-қа дейінгі түрлі критерий бойынша қайта бағалап, әзірліктің жеткілікті деңгейіне жеткен-жетпегенін анықтайды.
Құрылымды тексеру кезеңінде прототип жасалып, ол нақты пайдалану жағдайында сыналады. Осы сынақтар нәтижесінде алынған деректерге негізделген кері байланыс — мысалы, құрылғы есігін ашу үшін қажет күшті дәл өлшеу — тиісті бөлімдерге қажетті түзетулер енгізуге мүмкіндік береді.

LG компаниясындағы сапаны бақылау өнімдердің пайдалану және сенімділік стандарттарына сәйкес келуін қамтамасыз ететін ауқымды үдерістерді қамтиды. Егер өнім қандай да бір сынақтан өте алмаса, LG мәселенің түпкі себесін анықтап, оны жояды. Одан кейін өнім компанияның қатаң ішкі стандарттарына сай келгенге дейін жүздеген қосымша сынақтардан өтеді. Әрбір шығарылған құрылғының әзірлеу кезеңінде белгіленген пайдалану қолайлылығы мен сенімділік стандарттарына сәйкес келуін растау үшін түрлі әдістер қолданылады. Осы әртүрлі үдерістер барысында жиналған деректер келесі дизайндарды жетілдіру үшін мұқият талданады.
> LG-дің «3F» дизайн қағидаттарын бейнелейтін нәзік бөлшектер
Жуырда шығарылған LG SIGNATURE кір жуғыш және кептіргіш машинасы компанияның «3F» дизайн қағидаттарына адалдығының айқын мысалы болып табылады. Люкс санатындағы бұйымдарды өндіруде қолданылатын әдістер арқылы жасалған бұл машина «жоғары деңгейлі» эстетиканы сәтті жеткізеді және LG-дің бастапқы дизайн тұжырымдамасына тән сезімді сақтайды.«3F» дизайнының маңызды бөлігі болып табылатын ұсақ бөлшектерге деген мұқият назар кептіргіш сүзгісінің тұтқасынан да көрінеді. Бұл тұтқа саусақ буындарының енін зерттеу нәтижелері мен тұтынушыларға жүргізілген көптеген сауалнамалар негізінде әзірленіп, пайдаланудың барынша ыңғайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
LG кір жуғыш машиналарында қолданылатын басқару тұтқаларының эстетикасы мен пайдалану ыңғайлылығын арттыру үшін компания «3F» қағидаттарына сәйкес кешенді зерттеу жұмыстарын жүргізіп, тіпті арнайы өлшеу жабдықтарын да әзірледі.Бұл жұмыстың нәтижесінде люкс санатындағы автокөліктердің орталық консоліндегі басқару батырмаларына ұқсас басқару тұтқасы жасалды. Ол премиум көрініс пен жағымды пайдаланушылық сезім береді, әрі практикалық жағынан да, эмоциялық тұрғыдан да қолданушы тәжірибесін жақсартуға ықпал етеді.
Өткен жылы кейбір LG тоңазытқыш модельдерінде ұсынылған автоматты жұмсақ жабылу жүйесі – LG-дің «3F» тұтынушыға бағытталған дизайнының тағы бір жарқын мысалы. Бұл жүйе есіктің жұмсақ әрі дыбыссыз жабылуын қамтамасыз ету үшін арнайы демпферлерді қолданады, ал бұл өз кезегінде пайдалану ыңғайлылығын арттырып, тұтынушылардың қанағаттануын жоғарылатады.
> «3F» дизайн қағидаты, LG компаниясының кемелдікке ұмтылуға деген берік ұстанымын білдіре отырып, LG-дің тағы бір бірегей тұжырымдамасымен, «Affection-ism-мен » (аффекционизм) ұштасып жатыр. Бұл тұжырымдаманы «дизайнерлік ойлау тәсілі» деп сипаттауға болады. Оның негізінде тұтынушыларға қамқорлық көрсету жатыр. Бұл қамқорлық мына үш бағыт арқылы жүзеге асады: «Клиенттерге қызмет көрсетудің ымырасыз сапасы», «Тұтынушыға бағытталған инновациялар» және «Жылылық, күлкі сыйлайтын қарым-қатынас».LG өз негізгі құндылықтары мен тұтынушыға бағытталған философиясына адал бола отырып, алдағы уақытта да адамдардың күнделікті өмірін жақсартатын, олардың күтулерінен асып түсетін өнімдер ұсынуды жалғастырады.
