Мұздатқыш камерасы бар инновациялық энергия үнемдейтін тоңазытқыштар: ақша мен электр қуатын үнемдеу

Қаладағы жайлы өмір: кондиционерлер қалай сіздің өмір салтыңызға бейімделеді

09/06/2026
Искусство гармонии: LG Electronics по-новому раскрывает концепцию Wallpaper TV

Осы кезге дейін кондиционер маусымдық техника ретінде қабылданып келді, оның міндеті ыстық күндері бөлмені салқындатумен шектелетін. Бүгінде пайдаланушылар одан әлдеқайда көп нәрсені: кенет ауытқымай жайлы температураны сақтайтын, қуатты үнемдейтін және кез келген жерден ыңғайлы басқарылатын қасиеттерін күтетін болды.

Заманауи кондиционерлер жайлы үй ұғымының ажырамас бөлшегігеъъне айналды. Олар күн бойы жағымды микроклиматты сақтап, жұмыс істеуге, демалуға және жақындарыңызбен араласуға қолайлы жағдай жасайды.

img


Кондиционерді қалай баптау керек

Кондиционерді пайдаланудың аса ыңғайсыз тұсы — тым қатты салқындатуы. Тіпті температура жайлы болғанның өзінде, суық ауаның бағытталған ағыны демалуға, жұмыс істеуге немесе ұйықтауға кедергі келтіруі мүмкін.

LG WZ18AWN температураны қосарлы өлшеу функциясымен жабдықталған. Кондиционер ішкі блоктың айналасындағы ғана емес, сонымен қатар қашықтан басқару пультінің жанындағы температураны да анықтайды. Осының арқасында құрылғы бөлмедегі жағдай туралы дәлірек мәлімет алып, дәл адамдар жайғасқан жердегі жайлы климатты сақтауға көмектеседі.

Бұл тәсіл кондиционердің жаны салқын, ал бөлменің басқа бөлігі әлі де ыстық болып тұратын жағдайлардың алдын алуға мүмкіндік береді.

img


Ештеңе алаңдатпайтын жайлы ұйқы

Түнгі демалыс қолайлы температураны баптауды талап етеді. Тым салқын немесе тым жылы ауа толыққанды ұйқыға кедергі келтіруі мүмкін.

Ұйқы режимі түнде температураны автоматты түрде реттеп, 10 сағат жайлы тынығуыңызды қамтамасыз етеді. Бұл баптауларды қолмен өзгертпей-ақ, қолайлы микроклимат орнатуға мүмкіндік береді.

Ішкі блоктың жарығын өшіру функциясы қосымша жайлылықты қамтамасыз етеді. Кондиционер артық жарық түсіріп, мазаны алмай жұмыс істей береді, бұл әсіресе ұйқы кезінде жарыққа сезімтал адамдар үшін өте маңызды.

Осылайша, пайдаланушы түнде техниканың жұмысына алаңдамай, салқын әрі жайлы ауамен рахаттана алады.

img


Үйіңізге жайлы температурада оралыңыз

Қазіргі қаланың қарбалас тіршілігінде күні бойы үйде отыру мүмкін емес. Сондықтан техниканы қашықтан басқару мүмкіндігі қосылды.

LG ThinQTM қосымшасы арқылы пайдаланушы кондиционерді алдын ала қоса алады, температура баптауларын өзгерте алады немесе құрылғының күйін смартфоннан тексере алады. Бұл сіз үйдің табалдырығын аттамай тұрып, пәтеріңіздің жайлы ауасын баптауға мүмкіндік береді.

img


Кондиционер қалай жұмыс істейді?

Нағыз жайлылық – техника туралы үнемі ойлай бермеу. Кондиционер қолайлы температураны сақтауға көмектесіп, климатты бірнеше шерту арқылы басқаруға мүмкіндік береді.

LG WZ18AWN жоғары өнімділік, басқару ыңғайлығы және кеңдігі 54 шаршы метрге дейінгі бөлмеге қызмет көрсету мүмкіндігін үйлестірген. Ол үйде жұмыс істесеңіз де, отбасыңызбен демалсаңыз да немесе қарбалас күннен кейін жай ғана ыстықтан паналағыңыз келсе де, қаладағы жаз маусымын барынга жайлы етуге көмектеседі.