Что едят герои корейских дорам: блюда, которые хочется повторить

Кәріс дорамаларының кейіпкерлері не жейді: қайталағың келетін тағамдар

07/10/2025

Кәріс дорамалары – тек драма, романтика мен жарқын кейіпкерлер ғана емес. Бұл – жылы атмосфера, әуезді музыка және оқиғаның ажырамас бөлігіне айналған дәмді тағамдар әлемі. Көшедегі ащы тіскебасарлардан бастап, үйдің жайлы асханасында дайындалатын қарапайым тамақтарға дейін, дорамалардағы ас әрқашан көрерменнің тәбетін ашады. Біз сізге үйде оңай әзірлеуге болатын бес танымал кәріс тағамының рецептін ұсынамыз.


1. Рамен

Рамен – қою сорпадағы қарапайым кеспе, ол үйде де, тәулік бойы жұмыс істейтін дүкендерден де табыла береді. Уақыт өте келе ол кәріс поп-мәдениетінің бір символына айналды. Дорама кейіпкерлері раменді жиі отбасы не әріптестерімен бөлісіп ішеді, кейде жалғыз өздері, жылы кештерде рахаттана отырып жейді. Кішкене кеңес: үстіне жұмыртқа, жасыл пияз және кимчи қосып, нағыз кәріс рухындағы жылдам кешкі асын ішіп рахаттаныңыз.

Дайындау тәсілі:

  • Кеспені нұсқаулыққа сай пісіріңіз.
  • Сорпаға жұмыртқа, туралған жасыл пияз, кимчи немесе қалауыңызша көкөніс қосыңыз.
  • Ащылау болсын десеңіз, кочуджан пастасын араластырыңыз.

2. Ттокпокки

Ащы әрі тәтті тұздықтағы күріш таяқшаларынан жасалатын бұл тағам – көше асханаларының нағыз патшайымы. Ттокпокки дорамаларда жиі кездеседі, әрі достық пен көңілділіктің белгісі ретінде көрінеді. «Юмидің ұяшықтары» сериалының басты кейіпкері бұл тағамды жақсы көргені соншалық, тіпті оның «аштық ұяшығының» антеннасында күріш таяқшасы бар! Бүгінде дүкеннен ттокпоккидің мұздатылған нұсқасын сатып алып, оңай түрде үйде дайындауға болады.

Дайындау тәсілі:

  • Күріш таяқшаларын (тток) жұмсарғанша пісіріңіз.
  • Табада кочуджан, соя тұздығы, қант және су араластырыңыз.
  • Қоюлана бастағанда ттокты қосып, араластырыңыз.
  • Үстіне ірімшік пен жасыл пияз салып безендірсеңіз, тағам көрікті әрі дәмді болады.


3. Кимчи-чиге

Кимчи-чиге – кәріс халқының ең танымал сорпаларының бірі. Дәмі қышқылдау, ащы әрі өте тойымды. Суық күндері буы бұрқыраған ыстық күрішпен тамаша үйлесіп, дәмді де нәрлі тағам болады.

Қажетті заттар:

  • Кимчи (мүмкін болса, жақсы ашытылған), тунец, соя тұздығы, кочуджан.
  • Дайындау тәсілі: Барлығын бірге 20–25 минут қайнатыңыз, нәтижесінде қою, хош иісті сорпа дайын.

4. Омурайсу

Омурайсу – көкөніс пен тауық етімен қуырылған күріш, жұмсақ омлетке оралған үй тағамы. Көптеген дорамаларда бұл тағам – қамқорлық пен жылылықтың нышаны. Кейіпкерлер кейде бір-біріне тамақ дайындағанда омурайстың үстіне кетчуппен күлкі не жүрек бейнесін салып береді.

Дайындау тәсілі:

  1. Күрішті көкөністермен және соя тұздығымен қуырыңыз.
  2. Ұзынша табаққа салып, үстіне қуырылған жұмыртқаны жабыңыз.

5. Кимпаб

Кимбапты жиі «кәріс сушиі» деп атайды, бірақ ол – өз алдына бөлек тағам. Күріш пен түрлі салмадан дайындалған бұл рулет нори жапырағына оралады. Кимбапты көбіне жолға алып шығу немесе серуен кезінде жеу үшін әзірлейді. Сол себепті дорамаларда ол жиі қамқорлық пен достықтың символы ретінде бейнеленеді.

Дайындау тәсілі:

  1. Күрішті пісіріп, сәл салқындатыңыз.
  2. Нори жапырағына күріштің жұқа қабатын жағыңыз.
  3. Салма ретінде омлет, краб таяқшалары, шпинат, сәбіз, тұздалған редис (такуан) немесе ет қосуға болады.
  4. Рулет етіп орап, ұсақтап кесіңіз.

LG MH6336GIB кеңесі:

Көкөністер мен омлетті Smart Inverter технологиясы бар микротолқынды пеште тез және біркелкі дайындауға болады. EasyClean қаптамасының арқасында тіпті күшті иісті тағам дайындасаңыз да пешті тазалау жеңіл әрі жылдам.

6. LG MH6336GIB-пен дайындалатын кружкадағы чизкейк

Кәріс асханасында десерттер де ерекше орын алады. Кружкадағы чизкейк – бар-жоғы бірнеше минутта дайын болатын жеңіл әрі дәмді тәтті.

Дайындау тәсілі:

  1. Сүзбе (немесе крем-сыр), жұмыртқа, йогурт, аздап ұн мен қантты араластырыңыз.
  2. Қоспаны кружкаға құйыңыз. .
  3. MH6336GIB микротолқынды пешінде 3–4 минут пісіріңіз.

Нәтижесінде – тікелей кружкада ұсынуға болатын нәзік десерт, үстіне жидек не печенье қосып сәндеуге болады.

Кәріс дорамаларындағы ас – атмосфера мен сезімнің көрінісі. Сіз осындай тағамдарды үйде әзірлей отырып, сүйікті сериалдарыңыздың әлеміне еніп кеткендей боласыз. Ал заманауи Smart Inverter және EasyClean технологиялары бар LG MH6336GIB секілді техника дәмді асты тез, оңай әрі ыңғайлы етіп дайындауға көмектеседі.

LG-дің микротолқынды пештері мен басқа да үй құрылғыларын LG.kz интернет-дүкенінен сатып алыңыз. Ол заманауи технологияларды және үйден шықпай-ақ ыңғайлы сатып алу мүмкіндігін ұсынады. LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустарға ие болыңыз: 5% құттықтау купоны, 2% тұрақты жеңілдік, кейбір үлгілерге тегін жеткізу және орнату1. Төлем жасау тәсілдері де ыңғайлы: картамен, Kaspi QR, Apple Pay арқылы немесе 24 айға дейінгі пайызсыз бөліп төлеу арқылы алуға болады.