Топ-5 сериалов 2025 года для уютных домашних вечеров

Жаңа жыл қарсаңындағы отбасылық дәстүрлер: үйді жылылыққа бөлейтін ұсыныстар

19/12/2025

Отбасылық дәстүрлер үйге шынайы жылулық сыйлайды және жан бітіреді. Олар жақындатады, балаларға қауіпсіздік сезімін сыйлайды және қайта-қайта оралғың келетін «үй» ұғымын қалыптастырады. Бірге өткізілген кештер, ортақ ас дайындау, шынайы әңгімелер мен сүйікті ойындар қарапайым күндерді ұзақ уақыт есте сақталатын естеліктерге айналдырады. Әсіресе мұндай шағын рәсімдер Жаңа жылда ерекше мәнге ие болады. Бұл мақалада үйіңізде мерекелік дәстүрге айналуы мүмкін ұсыныстарды жинақтадық.

Үйдегі жаңа жылдық кинотеатр

Кинотуындыларды бірге көру ерекше ортақ кеңістік қалыптастырады. Экранда оқиға өрбіген сәтте отбасы бір эмоциялық толқында болады: бір көріністер күлкі сыйласа, енді бірі тебірентеді. Кинотуынды аяқталған соң әңгіме өздігінен жалғасады – сюжет, сүйікті кейіпкерлер, балалардың кейде күлкілі пікірлері талқыланады.

LG OLED evo AI C5 теледидары қарапайым кешті шағын үй киносеансына айналдыруға көмектеседі. Қанық қара реңктер қысқы түн көріністерін тереңдетсе, дәл түстер мерекелік бөлшектерді айқындай түседі, ал α9 AI процессоры әр кадрдағы бейнені жақсартады. Dolby Vision мен Dolby Atmos қолдауы көрініске толық ену әсерін күшейтеді, ал webOS сүйікті жаңа жылдық фильмдерге бір ғана түртумен қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Экран қажетті көңіл күйді қалыптастырғанда, оны айналадағы ұсақ-түйек толықтыра түседі. Жұмсақ жамылғы, гирляндалардың жылы жарығы, шамдар, мандариннің хош иісі мен сүйікті сусындар кинотуындыны тамашалауды жылы отбасылық рәсімге айналдырады.

Бірге ас дайындау: мерекелік дәм

Мереке алдындағы ортақ ас дайындау жақындыққа толы ерекше атмосфера тудырады. Бұл кезде жоспарлар талқыланып, естеліктер айтылып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын рецептермен бөлісеміз. Мұнда ең бастысы мінсіз тағам емес, үдерістің өзі – күлкі, қамырдың иісі, балалардың алғаш рет өз бетімен ас әзірлеуі.

MH6565DIS LG NeoChef™ микротолқынды пеші мерекелік тіскебасарларды тез әрі оңай дайындауға көмектеседі. Smart Inverter технологиясы тағамның біркелкі дайындалуын қамтамасыз етсе, кіріктірілген гриль тәбетті қызарған қыртыс жасайды.

Қытырлақ попкорн, ыстық шоколад немесе какао, шағын пиццалар мен жұқа наннан жасалған тіскебасарлар, сондай-ақ десерттерге арналған ерітілген шоколадты жылдам әрі оңай әзірлеуге болады.

Сыйлықтар мен алғыс айту кеші

Егер ас дайындау мен фильмдер мерекелік дәм мен атмосфера қалыптастырса, сыйлықтар мен алғыс айту кеші оның эмоциялық реңін айқындайды.

Рәсімді өткізу:
• Жұмсақ жарық, шамдар мен баяу әуен қосыңыз.
• Жаңа жыл түні отбасының әр мүшесі өткен жылдағы бір сәт үшін бір-біріне алғыс айтады.
• Алғыс сөздерін арнайы құтыға немесе альбомға жазып қоюға болады – бұл отбасылық естелікке айналады.
• Қосымша ретінде шағын сыйлық ұсынуға болады
• Бір-бірін мұқият тыңдап, рәсімді құшақтасумен, ортақ суретке түсумен және жеңіл мерекелік дәммен аяқтау маңызды.

Мұндай дәстүр Жаңа жылды ең сүйікті мерекеге айналдырып, бірлік сезімін нығайтады және жүректе жылы естеліктер қалдырады.

Қажетті көңіл күйді қалыптастыруға will.i.am ұсынған LG XBOOM Bounce көмектеседі – ықшам әрі қуатты, таза дыбысты колонка Bluetooth арқылы оңай қосылып, бөлмені әуенге толтырады. Сүйікті әуендер қайта-қайта ойнаған сайын, олар отбасылық кештердің ажырамас бөлігіне айналып, уақыт өте келе ең жылы сәттермен байланыстырылады. Отбасылық плейлист жинап, осы әуендер жаңа жылдық кештерге серік болсын – жылдар өткенде олар шынайы естеліктер мұрағатына айналады.

Мерекенің нағыз сиқыры – жаныңдағы адамдарда, ал LG технологиялары сол сәттерді одан да жарқын етеді: Smart TV LG OLED evo AI C5 4K отбасылық кештерді жандандырады, MH6565DIS LG NeoChef™ дәмді тағам әзірлеуді жеңілдетеді, ал LG XBOOM Bounce by will.i.am үйді әуен мен көңіл күйге бөлейді.

Жаңа жылға дайындықты алдын ала жоспарлап, LG.kz интернет-дүкенінен LG техникасының артықшылықтарын бағалаңыз. Дүкен заманауи технологияларды және үйден шықпай-ақ ыңғайлы сатып алу мүмкіндігін ұсынады. LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустар алыңыз: 5% сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, сондай-ақ кейбір модельдерге тегін жеткізу және орнату1. Төлем жасау тәсілдері де ыңғайлы: картамен, Kaspi QR, Apple Pay немесе артық төлемсіз бөліп төлеу арқылы алуға болады.