We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Бірнеше жыл бұрын сымсыз шаңсорғыш негізгі тазалық техникасына қосымша құрал саналатын. Оларды қоқымды, шаң-тозаң мен үй жануарларының жүнін тез жинап алу үшін таңдап, ал үйді толық тазалау үшін шаңсорғыштың классикалық сымды үлгілеріне сенетін.
Алайда заманауи технологиялар сымсыз техниканың мүмкіндіктерін біршама кеңейтті. Қазір мұндай құрылғылар үйреншікті сымды шаңсорғышты алмастыруға қабілетті – сору қуаты жоғары, жұмыс уақыты ұзақ және түрлі қабаттарды жинауға икемделген қондырмалар жиынтығы бар.
Сымсыз шаңсорғыштарға қатысты кеңінен таралған аңыздарды талдап, олардың неліктен біраздан бері шындыққа жанаспайтынын түсіндіріп көрейік.
№1 миф. Сымсыз шаңсорғыштар сымды шаңсорғыштарға қарағанда осалдау
Бұл қалыптасқан пікір алғашқы аккумуляторлы модельдер заманында, яғни ықшамдылық үшін өнімділікті құрбан етуге тура келген кезде пайда болған.
Қазіргі сымсыз шаңсорғыштар мүлдем басқаша жұмыс істейді. Аккумулятор технологияларының дамуы мен тиімділігі жоғары инверторлық қозғалтқыштардың арқасында олар пәтерді немесе үйді толыққанды тазалауға қабілетті.
Мысалы, LG CordZero™ A9T-LITE шаңсорғышы жаблықталған инверторлы Smart Inverter Motor™ моторы тұрақты сорғыту қуатын қамтамасыз етеді – түрлі қабаттағы ұсақ шаңды да, ірі қоқысты да тиімді тазалайды.
Сонымен қатар сымсыз құрылғымен үйді жинау әлдеқайда ыңғайлы: бос розетка іздеп, ауыстырып қосып немесе ауыр корпусты бөлмеден бөлмеге тасып әуре болмайсыз.
№2 миф. Қуаты бірнеше минутқа ғана жетеді
Кең таралған тағы бір күмән батареяның қызмет ету уақытына қатысты.
нығында тазалау уақыты тек аккумулятор қуатына емес, сонымен қатар оны қолдану тәсіліне де байланысты. Көптеген пәтерге бір қуат жеткілікті, ал қазіргі үлгілер ұзақ уақыт жұмысқа арналған қосымша шешімдер ұсынады.
A9T-LITE 60 минутқа дейін автономды жұмыс істейтін аккумулятормен жабдықталған. Бұл уақыт көптеген пәтерді толықтай тазалап шығуға жеткілікті. Егер үлкен үйді немесе бірнеше бөлмені қатарынан тазалау сияқты көп уақытты қажет ететін жағдайда қосымша аккумуляторды уәкілетті сервис орталығынан бөлек сатып алуға болады.
№3 миф. Сымсыз шаңсорғышты кілемді нашар тазалайды
Көпшілік сымсыз модельдер тек қатты едендерге арналған деп есептейді.
Шын мәнінде, тазалау тиімділігі ең алдымен қондырманың конструкциясына байланысты. Қазіргі щеткалар бір уақытта бірнеше жабын түрімен жұмыс істеуге арнап жасалған.
LG CordZero™ A9T-LITE жиынтығына қатты едендерді, кілемдерді және кілем төсеніштерін бірдей тиімді тазалайтын Dual Floor Max қондырмасы кіреді. Мұқият ойластырылған конструкциясының арқасында щетка бөлмелер арасында ауысқан кезде қондырмаларды үнемі ауыстырып жатпай-ақ, ұсақ шаңды, шашты және үй жануарларының жүнін жинайды.
Бұл, әсіресе, еденіне ламинат, плитка және кілем төселген пәтерлер үшін өте ыңғайлы.
№4 миф. Жинап болған соң контейнерді тазалағанда шаң жұтуға тура келеді
Көп адам үй жинаудағы ең жағымсызы – контейнерді тазалау дейді, өйткені ұсақ шаң қайтадан ауаға тарайды.
Заманауи шешімдер бұл процесті барынша шешуге тырысады.
LG CordZero™ A9T-LITE құрылғысының бір ерекшелігі – өзін-өзі тазалау станциясы. Шаңсорғышты станцияға жайғастырған соң жиналған қоқыс бір реттік шаң жинағышқа автоматты түрде төгіледі. Бұл контейнерді әлдеқайда сирек әрі шаңмен жанаспай тазалауға мүмкіндік береді.
Мұндай тәсілді әсіресе балалы отбасылар, үй жануарларын асырайтындар және тұрмыстық шаңға сезімтал адамдар жоғары бағалайды.
Қорытынды
Технологиялардың дамуы сымсыз шаңсорғыштар туралы түсінікті едәуір өзгертті. Бұрын мұндай құрылғылар үйді жылдам жинауға арналған қосымша жабдық ретінде қаралса, қазіргі заманауи үлгілер үй тазалығын сақтаудың негізгі құралына айнала алады.
LG CordZero™ A9T-LITE сымсыз техникаға қатысты кең таралған мифтерді жоққа шығаруға болатын шешімдерді біріктірген: аккумулятор 60 минутқа дейін автономды жұмысты қамтамасыз етсе, Dual Floor Max әмбебап қондырмасы түрлі жабын беттерін тиімді тазалайды, ал өзін-өзі тазалау станциясы шаңсорғышты барынша гигиеналық әрі жайлы жолмен күтіп ұстауға мүмкіндік береді. Нәтижесінде пайдаланушы сымсыз еркін қозғалу мүмкіндігіне ғана емес, сонымен қатар күнделікті толыққанды әрі толық тазалауға қажетті нәрсенің бәріне ие болады.
