Мұздатқыш камерасы бар инновациялық энергия үнемдейтін тоңазытқыштар: ақша мен электр қуатын үнемдеу

Тоңазытқыштағы тәртіп: ол не үшін қажет және қаншалықты жиі тазалап тұру керек?

05/06/2026
Искусство гармонии: LG Electronics по-новому раскрывает концепцию Wallpaper TV

Тоңазытқыш күн сайын жұмыс істейді және көптен бері үйреншікті үй тірлігінің бір бөлігіне айналған. Әдетте, біз оның жұмысына мән бере бермейміз: азық-түлік балғын күйінде, температурасы тұрақты, іші де ретті болып тұрса болғаны. Алайда тоңазытқыш қандай күтімді қажет етеді және үнемі тазалап тұру оның жұмысы мен азық-түліктің балғындығына әсер ете ме деген қарапайым сұрақ көпшіліктің ойына келе бермейді.

img


Тазалық тоңазытқышқа қалай әсер етеді?

Тоңазытқыш сырттай таза көрінгенімен, тиісті бақылау болмаса, оның ішінде, әсіресе көкөніс, жеміс, ет және дайын тағамдарды сақтайтын бөліктерде біртіндеп конденсат пен жағымсыз иіс жиналуы мүмкін. Уақыт өте келе бұл тек гигиенаға ғана емес, азық-түлікті сақтау сапасына да әсер етуі ықтимал.

Дегенмен қазіргі заманғы тоңазытқыштар анағұрлым тұрақты салқындату және температураны дұрыс бөлу технологияларының арқасында мұндай мәселелердің бір бөлігін азайтуға көмектеседі.

Мысалы, LG GC-B509EMTM үлгісінде камера ішіндегі температураны тұрақты ұстап тұруға көмектесетін LinearCoolingTM технологиясы қолданылады. Бұл азық-түліктің балғындығын сақтау үшін ғана емес, сондай-ақ тоңазытқыш ішінде конденсаттың тез пайда болуына әкелетін температура ауытқуларын азайту үшін де маңызды.

КЖағымсыз иіс қалмас үшін тоңазытқышты қалай жуу керек?

Тоңазытқышты апта сайын толық жуып шығу міндетті емес. Көп жағдайда үнемі жеңіл тазалық жасап, шамамен 1-2 айда бір рет тереңірек тазалап тұру жеткілікті.

Жедел тазалауға әдетте мыналар жатады:

  • сөрелер мен жәшіктерді сүрту;
  • жарамдылық мерзімі аяқталып келе жатқан азық-түлікті тексеру;
  • көкөніс пен жеміске арналған контейнерлерді тазалау;
  • кездейсоқ тиген дақтарды немесе төгілген сұйықтықты кетіру.

Ал күрделі тазалықты сирек, бірақ барлық алмалы-салмалы бөлшектерді, тығыздағыштарды және ішкі беттерді жуып, мұқият жасаған жөн.

Тоңазытқыштың мұзын қалай ерітуге болады?

Қазіргі заманғы тоңазытқыштар бұрынғы буын үлгілеріне қарағанда әлдеқайда аз күтімді қажет етеді, алайда оның мұзын еріту мәселесі әлі де өзекті болып отыр.

Тоңазытқыш мұзын еріту жиілігі оның үлгісіне және қаншалықты жиі қолданылатынына байланысты. Егер мұздатқыш камерада мұз қата бастаса, бұл – техниканың күтімді қажет ететінінің белгісі. Мұзды уақтылы еріту тиімді салқындатуды қамтамасыз етуге, камералардың пайдалы көлемін сақтауға және азық-түлікті сақтау үшін оңтайлы жағдай жасауға көмектеседі.

Неліктен азық-түлікті дұрыс сақтау тазалыққа әсер етеді?

Көбінесе мәселе тек тазалықта ғана емес, сонымен қатар азық-түліктің тоңазытқыш ішінде дұрыс орналастырылмауында жатыр. Азық-түліктің әр түрі сақтау үшін әртүрлі ылғалдылық пен температураны қажет етеді. Дәл осы себепті қазіргі заманғы тоңазытқыштарда арнайы балғындық аймақтары жиі кездеседі.

LG GC-B509EMTM үлгісінде бұл үшін FRESHConverter+TM және FRESHBalancerTM технологиялары жауап береді. Біріншісі ет, балық немесе көкөніс сияқты әртүрлі өнімдерге арналған оңтайлы температура режимін таңдауға жәрдемдеседі. Ал FRESHBalancerTM көкөністер мен жемістерге арналған контейнердегі ылғалдылық деңгейін реттеп, олардың балғындығын ұзағырақ сақтауға көмектеседі.

img


Тоңазытқыш электр энергиясын үнемдеуге көмектесе ала ма?

Тағы бір сирек ойланатын жайт: тоңазытқыштың күйі энергия тұтынуға тікелей әсер етеді. Ішінде мұз қатуынан немесе сөрелердің тым тығыз толуынан ауа айналымы бұзылған кезде, құрылғыға қарқындырақ жұмыс істеуге тура келеді.

Заманауи үлгілер мұны автоматты түрде бақылауға көмектеседі. Мысалы, LG ThinQTM технологиясы тоңазытқыш есігінің қашан жиі ашылатынын талдап, пайдалану әдеттеріне қарай салқындатуды оңтайландырады. Бұл құрылғының тұрақты жұмысын қолдап, электр энергиясын тиімдірек жұмсауға мүмкіндік береді.

Сонымен тоңазытқышты үнемі тазалап тұру керек пе? Иә, бірақ LG-дің заманауи техникасы бұл процесті бұрынғыдан әлдеқайда жеңілдетеді. Тұрақты салқындату технологиялары, балғындық аймақтары және зияткерлік басқару жүйесі өнімдерді ұзақ уақыт балғын сақтауға, артық ылғал мөлшерін азайтуға және тоңазытқыштың күнделікті жайлы жұмысын қамтамасыз етуге көмектеседі.