We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Қысқы кештерді шағын үй кинотеатрына айналдыруға болады, мұнда басты кейіпкер өзіңіз боласыз. Айқын бейнесі мен көлемді дыбысы бар үлкен экран күнделікті қарбаласты ұмыттырып, оқиға желісіне толық енуге көмектеседі, ал айналада жылы әрі жайлы атмосфера қалыптасады. Жұмсақ жамылғы, сүйікті сусын және бәсең жарық қоссаңыз, кез келген телехикаяны тамашалау отбасы үшін жайлы әрі жағымды уақытқа айналады.
Кешіңіз барынша әсерлі әрі жылы өтуі үшін біз өтіп бара жатқан жылдың ең тартымды телехикаяларының тізімін дайындадық. Шиеленісті драмалық көріністерден бастап құпияға толы оқиғаларға дейін әр туынды өзіндік әлеміне жетелеп, кешті ерекше етеді.
Үйде тамаша кеш өткізуге арналған 2025 жылдың ТОП-5 телехикаясы
1. Gangsterland
Жанры: қылмыстық драма
Гангстерлэнд Лондон мафиясының екі буынының өмірін және олардың
мәселесін шешумен айналысатын басты кейіпкердің тағдырын баяндайды.
Харриган әулеті жалдаған Гарри Да Соуза Харриган мен Стивенсон әулеттері
арасындағы қақтығысты реттеуге тырысады. Стивенсондардың ұлы жоғалғаннан
кейін ол сатқындық пен зорлыққа толы оқиғалар тізбегіне тартылып,
қабылдаған шешімдері тұтас әулеттердің тағдырын айқындауы мүмкін
жағдайға тап болады.
2. Stranger Things (жаңа маусым)
Жанры: фэнтези, триллер, драма
Бесінші, финалдық маусым 1987 жылдың күзінде өрбиді. Хокинс қаласының
кейіпкерлері ежелгі жау Векнаға қарсы бірігеді. Әскер бақылауында
отырып, олар бөтен әлем күштерімен соңғы рет бетпе-бет келіп, қаланы
және жақындарын құтқаруға тырысады.
3. Nobody Wants This
Жанры: комедия, драма
Подкаст жүргізушісі мен терең ойлы раввин арасындағы романтикалық хикая
өмірге деген көзқарастары әртүрлі екі адамның сезім, жеке шекара және
қоғам күткен үміттер арасындағы тепе-теңдікті іздеуін көрсетеді. Бұл
телехикая қалыптан тыс қарым-қатынастың кейде ең дұрыс таңдау болатынын
дәлелдейді.
4. Wednesday (жаңа маусым)
Жанры: мистикалық драма
Үшінші маусым Уэнсдей Аддамстың тарихын жалғастырып, мектеп пен отбасыға
қатысты жаңа құпияларды ашады. Оған қараңғы өткенді зерттеп, жұмбақтарды
шешіп, өзі әлі білмейтін қауіп-қатерлермен бетпе-бет кездесуге тура
келеді.
5. Squid Game (жаңа маусым)
Жанры: триллер/психологиялық драма
Соңғы жылдардың ең танымал телехикаяларының бірі жаңа сынақтармен
оралады. Сон Ки Хун қайтадан өлімге апаратын ойындардың ортасына түсіп,
моральдық таңдаулар мен қауіпті жағдайларға тап болады. Оқиға соңына
дейін көрерменді ширықтырып ұстайды.
Үйіңізде кинотеатр атмосферасын қалыптастырыңыз
Телехикая кеші шынайы демалысқа айналуы үшін айналаны жайлылыққа толтыру маңызды. Жарықты бәсеңдетіп немесе жылы түсті шамдарды қосыңыз, сүйікті сусын мен жеңіл тіскебасар дайындаңыз. Жұмсақ жамылғы мен жастықтары бар ыңғайлы орын тауып, оқиғаны тамашалаңыз.
Ең бастысы – сюжеттің барлық реңкін жеткізе алатын экран. Gangsterland-тің қараңғы көшелерінен бастап, Wednesday-дің құпиялы әлемі мен Squid Game-нің ширықтырған сынақтарына дейін әр көрініс барынша әсерлі болуы тиіс.
Неліктен бұл телехикаяларды LG QNED evo AI QNED86 4K теледидарында көру ерекше әсер қалдырады
Үлкен хикая үлкен экранды талап етеді, ал LG QNED evo AI QNED86 4K өз мүмкіндігін толық ашады. 100 дюймдік экран нағыз кинотеатр әсерін сыйлайды: әр көрініс пен ұсақ детальды анық сезінесіз. LG-дің кең түсті қамтуға арналған бірегей технологиясы бейнені артық қанықтырмай, таза әрі шынайы етіп көрсетеді, ал Full Array Dimming технологиясы Wednesday-дің терең көлеңкелерін және Gangsterland-тің қараңғы сахналарын кинематографиялық дәлдікпен жеткізеді. Жаңа alpha AI процессоры бейне сапасын автоматты түрде оңтайландырып, тереңдік пен айқындықты арттырады. Dolby қолдауы мен AI Sound Pro технологиясы дауыстарды, музыканы және қоршаған дыбыстарды жандандырып, өзіңізді оқиғаның дәл ортасында жүргендей сезіндіреді.
Бұл бес телехикаяның әрқайсысы – күнделікті қарбалас өмірде жетіспейтін әсер мен эмоция сыйлайтын бөлек әлем. Кешкі демалысыңыз жай ғана уақыт өткізу емес, тыныш, жайлы әрі мазмұнды рәсімге айналады. Телехикаяны қосып, ыңғайланып отырып, өзіңізге лайықты сапалы демалыстан ләззат алыңыз.
LG теледидарларымен демалысыңыз одан да жағымды бола түседі. Олардың кең ассортиментімен заманауи технологиялар мен үйден шықпай-ақ ыңғайлы сатып алу мүмкіндігін ұсынатын LG.kz интернет-дүкенінде танысуға болады. LG клубына қосылып, эксклюзивті бонустар алыңыз: 5% сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, сондай-ақ кейбір модельдерге тегін жеткізу және орнату1. Төлем жасау тәсілдері де ыңғайлы: картамен, Kaspi QR, Apple Pay немесе артық төлемсіз бөліп төлеу арқылы алуға болады.
