We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Мынадай жағдайды елестетіп көріңіз: далада 35°C ыстық, сіз ұзақ жұмыс күнінен кейін үйге оралып, тек бір ғана нәрсені – салқындауды аңсайсыз. Осыдан бірнеше жыл бұрын бұл үшін кондиционерді қолмен баптап, режимдерін ауыстырып, бөлме салқындағанша күту керек еді. Бүгінде көп нәрсе автоматты түрде орындалады.
LG компаниясының заманауи кондиционерлері климатты басқаруды жеңілдетіп, ыңғайлы ету үшін AI (Artificial Intelligence – жасанды интеллект) технологиясын пайдаланады. Технологиялар қолайлы температураны сақтауға, құрылғының жұмысын бақылауға, тіпті оны қашықтан басқаруға көмектеседі.
ЖИ бар кондиционер қалай жұмыс істейді?
Жасанды интеллектінің басты міндеті – адамды алмастыру емес, оны баптауларды үнемі қолмен өзгерту қажеттілігінен босату.
Кондиционер бөлмедегі жағдайды талдап, оңтайлы микроклиматты сақтауға жәрдемдеседі. Пайдаланушыға қажетті сценарийді таңдаса болғаны, ал жүйе жұмыстың бір бөлігін өз мойнына алады.
Мұндай тәсіл әсіресе күн ішінде ауа температурасы өзгеріп тұратын кезеңдерде өте ыңғайлы.
Кез келген жерден басқару
LG Dualcool AI кондиционерінде LG ThinQTM қолдауы қарастырылған. Қосымшаның арқасында құрылғыны смартфон арқылы кез келген жерден басқаруға болады.
Мысалы, үйге қайтар алдында салқындату режимін алдын ала қосуға, жұмыс тәртібін өзгертуге немесе ағымдағы баптауларды тексеруге болады. Кондиционерді суытуға немесе жылытуға қалай қосу керек деген сұрақ туындаса, мұны қосымша арқылы қашықтан істеуге болады.
Көптеген пайдаланушы үшін "кондиционерді қашықтан басқару пультінсіз қалай қосуға болады?" деген сұрақ та өзекті. Бұл жағдайда смартфон толыққанды басқару құралына айналады.
Жылдың кез келген мезгіліндегі жайлылық
Көптеген пайдаланушы қыста кондиционерді қосуға бола ма деп ойлайды. LG Dualcool AI секілді заманауи LG инверторлық модельдері ауаны салқындатып қана қоймай, бөлмені жылыту функциясын да қолдайды, сондықтан оларды жыл бойы пайдалануға болады.
Құрылғыны таңдау кезінде "12-ші кондиционер неше шаршы метрге есептелген және оның бағасы қанша?" деген сұрақ жиі қойылады. Жауабы бөлменің сипаттамасы мен таңдалған модельге байланысты. Сонымен қатар қазіргі кондиционерлер ауаны салқындатудан әлдеқайда көп мүмкіндік ұсынады.
Адамға қызмет ететін технологиялар
LG кондиционерлеріндегі жасанды интеллект күнделікті өмірді біршама жеңілдетуге көмектеседі. Қашықтан басқару, дауыстық пәрмендер және құрылғы жұмысын тұрақты бақылау функциялары баптауларға аз уақыт жұмсап, шынымен маңызды істерге көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді.
.png)