We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
2024 ЖЫЛҒЫ ЖАҢА LG OLED ЖӘНЕ QNED ТЕЛЕДИДАРЛАРЫ НЕСІМЕН ТАҢҒАЛДЫРАДЫ
LG компаниясы теледидарлар нарығында әлемдік көшбасшылардың бірі, және тұтынушылар жаңа OLED және QNED топтамасындағы теледидарларды алғашқылардың бірі болып сатып ала алады.

Жасанды интеллектпен жабдықталған жаңа LG OLED теледидарлары технологиялық әлемдегі нағыз серпіліс болып табылады. Олар ерекше чипсет арқылы қолданушының тәжірибесін жақсартатын ЖИ мүмкіндіктерін қамтиды.
Жаңа модельдердің негізгі функцияларының бірі — AI Acoustic Tuning. Ол бөлменің орналасуын және көрерменнің орнын анықтай отырып, кеңістікте бөлменің акустикасына сай дыбыстық күмбез жасайды. Бұл функция QNED модельдерінде де қолжетімді. Brightness Control бөлмедегі жарықты анықтап, кескінді сол бойынша теңшейді — бұл көру сапасын анық әрі айқын етеді. Сонымен қатар, Brightness Control Booster Max жарық күшейту алгоритмін және жарықты басқару архитектурасын жақсартып, жарықтылықты 150%-ға арттырады.

AI Picture Pro функциясы үлкен деректер жиынтығына сүйене отырып, контент сапасын таниды және нәтижесінде кескін анағұрлым анық әрі сапалы болады. AI Super Upscaling рұқсаттама дәлдігін арттырады, ал AI Noise Reduction кескіндегі шуылды азайтады. AI Super Resolution кескінді масштабтап, сапасын жақсартады, ал AI Director Processing түстің градациясы мен кейіпкерлердің көлемдік детализациясын нақты жеткізеді. AI Sound Pro дыбыстық кеңістіктің әр бөлшегін өңдеп, дыбыстың қуаты мен динамикасын арттырады.
LG QNED теледидарларының жаңа модельдері де ЖИ процессорларымен жабдықталған. Олар дыбысты және жарықтылықты автоматты түрде оңтайландырып, экрандағы оқиғаға толықтай ену мүмкіндігін ұсынады.
Brightness Control бөлмедегі жарықты анықтап, кескінді соған сәйкес теңшейді — бұл визуалды әсерді анық әрі айқын етеді. WebOS операциялық жүйесі 5 жыл бойы тұрақты түрде жаңартылып отырады, ал Dimming Pro технологиясы экрандағы ең ұсақ детальдарды көруге мүмкіндік беріп, кескінді барынша шынайы етеді. FILMMAKER Mode бейнені дәл баптаулармен жеткізеді, бұл фильмді түсірілім тобының бастапқы идеясына сай көруге мүмкіндік береді. HDR10 Pro технологиясы кез келген фильмнің түсі мен контрастын нақты береді.
Геймерлер үшін жаңа LG QNED теледидарлары қуатты ойын процессорымен жабдықталған. Ол жоғары жылдамдықтағы ауысуларды бірқалыпты етіп жеткізіп, дыбысты анық сақтайды. Game Optimizer функциясы арнайы ойын үшін баптаулар мен өнімділікті оңтайландырады, ал экранда қалқып шығатын Game Dashboard мәзірі (көп ойындарда қолданылатын проекциялық дисплейге ұқсас) ойын процесін барынша ыңғайлы етеді.
Жаңа теледидар топтамасының барлық модельдерімен LG интернет-дүкені сайтында танысуға болады. Барлық LG OLED және QNED модельдері экологиялық таза қаптамада жеткізіледі. Сондай-ақ, LG интернет-дүкенінен жаңа OLED және QNED теледидарларын сатып алған клиенттерге тегін жеткізу және орнату қызметтері ұсынылады. LG клубының мүшесі бола отырып, сіз 5% қош келдіңіз жеңілдігі, тұрақты 2% жеңілдік секілді түрлі бонустарға да ие боласыз..
- Алдыңғы
- Ары қарай
/content/lge/kz/kz/about-lg/press-and-media/chem-udivluayt-novie-televizori-lg-oled-i-qned-2024isCopied
paste