We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.

Azure AI Day: LG жұмыс пен ойынға арналған инновациялық мониторларды ұсынды
Azure AI Day шарасының қонақтары байқауға қатысып, LG MyView 32" Full HD IPS Smart Monitor құрылғысын ұтып алу мүмкіндігіне ие болды
Алматыда Azure AI Day шарасы өтті. Бұл шара деректер, бұлтты технологиялар мен жасанды интеллект саласындағы өзекті трендтерді талқылау үшін 400-ден астам қатысушыны жинады. Шара саланың жетекші сарапшылары мен практиктерінің шабыттандыратын баяндамалары арқылы білім алмасу алаңына және инновацияларға ену орталығына айналды. Қонақтар интерактивті аймақтарда инновация әлеміне еніп, күшті инсайттар алды. Бұл күнді мазмұнды әрі есте қаларлық етті

LG Electronics (LG) компаниясы іс-шараның серіктесі ретінде өз бренд-аймағында ерекше атмосфера құрды. Басты назарда PlayStation 5 консолінде сүйікті ойындарды ойнауға мүмкіндік берген 27'' UltraGear™ OLED HDR400 LG 27GS95QE-B геймерлік мониторы болды. Оның 240 Гц жаңарту жиілігі мен 0.03 мс жауап беру уақыты – кәсіби ойын тәжірибесі үшін таптырмас шешім. OLED-монитор өзінің керемет жарықтығы мен айқын көрінісімен ғана емес, сондай-ақ көзге зиянды көк жарықты азайтатын Live Color Low Blue Light технологиясы арқылы пайдаланушының денсаулығын да ойлайды. Бұл ұзақ уақыт ойнауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, LG LG MyView 32" Full HD IPS смарт-мониторын таныстырды. WebOS 23 платформасында жұмыс істейтін бұл «ақылды» монитор үй кеңсесінде де, демалыс кезінде де контентпен өзара әрекеттесуді барынша ыңғайлы және оңай ететін құрылғы. Платформа жоғары жылдамдықпен, тұрақтылықпен және интуитивті интерфейсімен ерекшеленеді. Жүйенің тұрақты жаңартулары құрылғының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. WebOS 23 – бұл Smart TV функцияларының толық жиынтығы: интернетке қолжетімділік, стриминг қызметтері мен онлайн телехабарлар – барлығы бір мониторда.
Монитор IPS панелімен жабдықталған, бұл жоғары түстік дәлдікті қамтамасыз етеді. Кеңейтілген түстік қамту мен тігінен және көлденеңінен 178° шолу бұрышы кез келген жақтан мінсіз көрініс береді. Сонымен қатар, құрылғы AirPlay 2, Screen Share және Bluetooth сияқты қосылу мүмкіндіктерімен жабдықталған.
Azure AI Day шарасының барлық қонақтары LG-ден ерекше байқауға қатысып, LG MyView 32SR50F-W ұтып алу мүмкіндігіне ие болды! LG-ден қызықты шаралар мен ұтыс ойындарын жіберіп алмау үшін жаңалықтарымызды қадағалаңыз.
