We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Ыдыс жуатын машина – күнделікті тіршілікті жеңілдететін сенімді көмекші. Бірақ оның жұмыс сапасы әрқашан жоғары деңгейде болуы үшін, құрылғыны таза ұстап, уақтылы күтім жасау маңызды. Бұл мақалада ыдыс жуатын машинаны қалай дұрыс тазарту керектігін айтып, оның функционалдығын ұзақ уақыт бойы сақтап қалуға көмектесетін пайдалы кеңестермен бөлісеміз.

Ыдыс жуатын машинаны қаншалықты жиі тазарту керек?
Жиналған қалдықтар мен жағымсыз иістердің алдын алу үшін машинаны тұрақты түрде тазарту қажет. Қысқа тазарту циклін әр қолданғаннан кейін өткізіп тұру ұсынылады, ал терең тазарту – айына кемінде бір рет.
Ыдыс жуатын машинаны әк қабатынан қалай тазарту керек?
Әк қабатын кетіру үшін арнайы тазартқыш құралдарды қолдануға болады. Жуғыш зат салғышқа арнайы сұйықтықты құйып, жоғары температуралы тазарту режимін қосыңыз. Бұл әк пен бактерияларды тиімді жояды.

Кейбір сайттар ыдыс жуатын машинаны тазалау үшін сірке суын қолдануға кеңес береді. Алайда, бұл әдісті қолданар алдында абай болыңыз. Себебі сірке суы кейбір үлгілердегі резеңке тығыздағыштар мен шлангтарға зиян келтіріп, уақыт өте келе судың ағып кетуіне себеп болуы мүмкін. Сондықтан арнайы жасалған қауіпсіз гельдерді қолданған дұрыс.
Хлорлы ағартқыштарды да пайдаланбаңыз – олар құрылғының қорғаныс қабаттарын бүлдіріп, істен шығуына себеп болуы мүмкін.
Су бүріккіш тетіктерді қалай тазалау керек?
Ыдыс жуатын машинаның бүріккіш тетігіне тамақ қалдықтары жиналып қалуы мүмкін. Сол себепті ыдыс дұрыс жуылмай қалады. Бүріккішті таза ұстау үшін арнайы тазартқыш таблеткалар немесе ұнтақтарды қолданыңыз. Осындай құралды құйып, тазалау бағдарламасын іске қосыңыз да, жүйені жақсылап шайсаңыз, барлық қалдықтардан арыласыз.
Айта кетейік LG DB475TXS моделінде QuadWash™ технологиясы қолданылады. Бұл жүйе төрт бүріккіш иін арқылы су шашуды әр бағытта жүргізіп, әрбір ыдысты мұқият тазартуға мүмкіндік береді. Ал Dual Zone Wash функциясы жоғарғы және төменгі бөліктерге бөлек су қысымын орнатуға мүмкіндік береді – бұл жуу сапасын арттырады.
Тұз қажет пе?
Әк тұнбасының пайда болуын болдырмау үшін ыдыс жуатын машинадағы тұз деңгейін үнемі бақылап отыру маңызды. Машина индикаторы тұз қажет екенін көрсеткен кезде, оны міндетті түрде қосыңыз, осының арқасында ыдысыңыз жылтырап шыға келеді. Ыдыс жуатын машинаны қолмен жуу міндетті емес, бірақ шаюға арналған сұйықтықты уақтылы қоссаңыз, ішкі бөлшектердегі тағам қалдықтарынан арыласыз, сондай-ақ шыны ыдыстағы іздер де кетеді.
Барлық қажеттіліктеріңізге сай келетін ыдыс жуатын машинаны LG интернет-дүкенінен табуға болады. Мысалы, жаңа жоғары технологиялық LG DB475TXS , моделі TrueSteam™ бу технологиясымен жабдықталған – бұл технология тіпті қиын дақтарды жеңіл кетіреді. LG ThinQ™ қосымшасының көмегімен смартфонды пайдаланып машинаның жұмысын кез-келген жерден басқаруға болады. Жуу циклын бастауға, режимдерді таңдауға және жұмыс параметрлерін қашықтан реттеуге болады.
Осы кеңестерді қолдана отырып, сіз ыдыс жуатын машинаның ұзақ қызмет ету мерзімін және ыдыс жуудың жоғары сапасын қамтамасыз ете отырып, оны жақсы күйде ұстай аласыз. Ыдыс жуғыш машинаңызға күтім жасауға уақыт бөліңіз, ол Сізді және сіздің отбасыңызды көптеген жылдар бойы қуантады!
