We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Ет пен балық қан айналымы жүйесі мен мидың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін ақуыздың, дәрумендер мен минералдар көзі. Осы пайдалы құнарлы нәрді жоғалтып алмас үшін, ет пен балықты дұрыс сақтау керек. Бұл мақалада біз сіздің дастарханыңыздағы тағамдар балғын, дәмді әрі қауіпсіз болуы үшін оларды тоңазытқышта сақтау бойынша кеңестер мен амалдарды ұсынамыз.

Ет пен балық тез бұзылатын өнім болғандықтан, оларды сақтау ерекше бапты қажет етеді. Дұрыс сақтамау салдары балғындықтың жоғалуына, жағымсыз иістің шығуына, дәмнің өзгеруіне және ең бастысы бактериялардың көбеюіне әкеп соғуы мүмкін. Сондықтан тоңазытқышта ет пен балықты дұрыс сақтаудың негізгі ережелерін сақтау өте маңызды:
Температуралық режим
Ет пен балықты сақтау температурасы олардың балғындығын сақтап қалудың маңызды факторы. Жаңа ауланған балықты немесе жаңа сойылған етті сақтау үшін ұсынылатын температура -5-тен 2 градус Цельсияға дейін.
Fresh Converter™ реттелетін аймағы бар LG тоңазытқыштарында сіз азық-түлікті сақтау үшін қолайлы режин таңдай аласыз: мысалы, ет үшін -2°C температураны таңдауға болады, бұл етті сақтау үшін оңтайлы температура.
Қаптама және контейнерлер
Ет пен балықты дұрыс орау олардың балғындығын сақтауда және аралас ластанудың алдын алуда маңызды рөл атқарады. Вакуумдық қаптамаларды немесе ауа өткізбейтін контейнерлерді пайдалану ұсынылады. Бұл азық-түліктердің ауамен жанасуының алдын алуға көмектеседі, бұл тотығу мен бүліну процесін баяулатады. Балық пен етті мұздату үшін мұздың пайда болуына жол бермейтін және азық-түліктің құрамын сақтайтын арнайы мұздатқыш пакеттерді пайдалану ұсынылады. Балғындығын сақтау үшін азық-түлікті сатып алғаннан кейін оларды бірден мұздатқан абзал.
LG GC-B509SBUM DoorCooling+™ тоңазытқыштары азық-түлік контейнерлерін ыңғайлы орналастыруға мүмкіндік беретін көлемді бөліктермен мен сөрелермен жабдықталған. Мұздатқыштың оқшауланған бөліктері тоңазытқыштың негізгі бөлігіне қарағанда неғұрлым төмен температураны сақтайды. Бұл азық-түліктерді шамадан тыс мұздатудың және ерітудің алдын алуға көмектеседі.

Сақтау мерзімі
Жаңа сойылған ет пен жаңа ауланған балықты сақтау мерзімі оларды сақтау шарттары мен өнім түріне байланысты. Мысалы, жаңа ауланған балықты тоңазытқышта 1-2 күннен асырмай сақтаған жөн. Ал жаңа сойылған етті 1-ден 5 күнге дейін сақтауға болады: тауық етін 2 күнге дейін, ал сиыр етін 3-5 күнге дейін сақтауға болады.
Мұздату - ет пен балықтың сақтау мерзімін ұзартудың тамаша тәсілі. Мұздатылған балықты дұрыс мұздату жағдайында 3 айға дейін сақтауға болады. Ал мұздатылған етті 3 айдан 12 айға дейін сақтауға болады: тауық еті - 9 айға дейін, ал сиыр еті - 12 айға дейін сақталады.
LG GC-X257CAEV Side-by-Side тоңазытқыштары азық-түліктерді салқындату тиімділігін арттыратын технологиялармен жабдықталған. Multi Air Flow көп ағынды салқындату жүйесі әр сөрені біркелкі салқындатуға арналған. Ал Door Cooling+ технологиясы тоңазытқыштың ішкі камерасына қарағанда 32% жылдамырақ және біркелкі салқындатады. Бұл түрлі азық-түлікті сақтау үшін мінсіз жағдай жасауға көмектеседі.
Сонымен, ет пен балықты қалай сақтау керектігін қорытындылайық. Ет пен балықтың бүлдіріп алмау және оларды балғын күйде ұстау үшін азық-түліктерді сақтау бойынша келесі кеңестерді ұстану керек:
•Ет пен балықтың түсінің өзгеруі, жағымсыз иіс немесе жабысқақ қабық сияқты бүліну белгілерін мезгіл-мезгіл тексеріп отырыңыз.
• Оңтайлы сақтау жағдайларын қамтамасыз ететін тоңазытқыштарда ет пен балыққа арналған арнайы бөліктерді пайдаланыңыз.
• Балғын және мұздатылған азық-түліктерді сақтау мерзімінен асырмаңыз.
• Ет пен балықты тоңазытқышта ерітіңіз немесе олардың сапасын сақтау және бактериялардың көбеюіне жол бермеу үшін заманауи LG тоңазытқыштарындағы еріту функциясын қолданыңыз. LG тоңазытқыштарының көбісінде, мысалы, LG GC-B257SQZV Side-by-Side тоңазытқышы моделінде азық-түліктердің тазалығын және балғындығын сақтауға арналған Hygiene Fresh+™ функциясы бар. Ол иістерді және 99,999%-ға дейін бактерияларды жояды.

Ет пен балықты тоңазытқышта дұрыс сақтау олардың балғындығын, дәмін және тұтыну қауіпсіздігін сақтаудың маңызды шарты болып табылады. Азық-түліктерді сақтаудың температуралық режимін, орау және орналастыру бойынша ұсынымдарды орындау азық-түлікті бүлдіріп алмай, олардың сақтау мерзімін ұзартуға көмектеседі. Инновациялық технологиялармен жабдықталған LG тоңазытқыштары әртүрлі азық-түліктерді сақтау үшін оңтайлы сақтауда сенімді көмекші болып табылады. Біздің кеңесімізге құлақ ассаңыз, етіңіз бен балығыңыз үнемі балғын әрі дәмді болады.
Сіз өзіңізге қолайлы тоңазытқышты дәл қазір біздің интернет-дүкенде LG тегін жеткізу және орнату, сондай-ақ өнімді 24 айға дейін бөліп төлеу арқылы сатып алу мүмкіндігімен таңдай аласыз. Сонымен қатар LG клубының қатысушы болып , сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті және таратылымға қол жеткізуді қоса алғанда LG эксклюзивті ұсыныстарымен бірге бірқатар бонустарға ие боласыз. Сіз тауарыңызды интернет-дүкенде картамен, Kaspi QR, Apple Pay немесе қолма-қол ақшамен төлей аласыз.
###
1 - Бактериялар. Барлық процестер мен нәтижелерді Intertek растады, ISO 27447 сынақ хаттамасы. Бактериялар бактерияға қарсы сүзгіге 0,2 мл бактерия ерітіндісін бүрку арқылы жүзеге асырылатын төрт сағаттық реакцияға дейін және одан кейін есептелді. Бактерияларды жоюдың тиімділігі зертханалық жағдайда тестілеу арқылы анықталады, оның барысында сүзгіге тікелей бүрку барысында бактериялар саны есептелді. Нәтижелер іс жүзінде әртүрлі болуы мүмкін.
2 - Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты http://LG.kz интернет-дүкені сайтындағы «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен біле аласыз http://LG.kz .
