Теледидарды қабырғаға қалай ілген дұрыс: орнату және монтаждау бойынша кеңестер

Теледидарды қабырғаға қалай ілген дұрыс: орнату және монтаждау бойынша кеңестер

02/09/2024

Теледидарды қабырғаға ілу — бұл алдымен ыңғайлы шешім, одан соң үйдегі кеңістігін ықшамдау, интерьерді анағұрлым ретті және минималистік сән беру тәсілі. Алайда ойдағыны дұрыс жүзеге асыру үшін теледидар бекітпесін дұрыс таңдау, ілетін орынды ыңғайластыру және қауіпсіз орнату өте маңызды. Бұл мақалада біз теледидарды қабырғаға қалай ілу керек, оған қандай құралдар қажет және жиі кездесетін қателіктерді жасамау керек екенін айтамыз.



Теледидарды қабырғаға ілу — бұл бірқатар себептердің тамаша шешімі:
• Кеңістікті үнемдеу. Сізге еден тумбалары немесе сөрелері қажет болмайды - теледидар артық орын алмай, бөлмеге оңтайлы жараса кетеді.
• Заманауи стиль. Ілмелі теледидар интерьерге минимализмді әрі стильді сипат береді.
• Теледидар көру ыңғайлығы. Ыңғайлы көру үшін қажетті биіктік пен көлбеу бұрышын икемдеп алуға болады, ал LG Smart теледидарларының заманауи функциялары арқасында сіз өзіңіздің сүйікті контеніңізді қамсыз тамашалай аласыз. LG теледидарлары жасанды интеллект технологиясымен жабдықталған, бұл оларды нарықта неғұрлым бәсекеге қабілетті етеді.
• Қауіпсіздік. Теледидарды ілу оның кездейсоқ құлау қаупінің алдын алады, бұл әсіресе үйде балалар балғанда немесе асырауда үй жануарлары болғанда аса маңызды.


Теледидарды ілуге дайындау
Монтаждаудан бұрын мұқият дайындалып алу керек:
1. Теледидардың көлемін өлшеп, таңдалған аймақта орын жеткілікті екеніне көз жеткізіңіз.
2. Теледидарды ілетін қабырғаның мықты екеніне көз жеткізіңіз.
3. Көру ыңғайсыздығын болдырмас үшін қажетті ілетін биіктікті және орнын анықтаңыз.


Ілу орны мен биіктігін таңдау
Теледидар үшін ең дұрыс биіктік — сіз отырған күйдегі көз деңгейі. Алайда, егер сіз теледидарды диваны немесе креслолары бар қонақ бөлмесінде ілгіңіз келсе, онда көру бұрышын ескеру қажет. Ереже: экран ортасы еденнен шамамен 1-1,2 метр қашықтықта болуы тиіс.



Қажетті құралдар мен материалдар
Теледидарды дұрыс монтаждау үшін қажет болады:
• Құрылғы моделіне сай келетін теледидарға арналған монтажды кронштейн.
• Бұрғы және бұранда.
• Деңгей.
• Бұрауыш.
• Қабырғаға бекітуге арналған анкерлер мен мен болттар.
• Сымдарды мұқият өткізу үшін кабель басқару.


Теледидарға арналған кронштейн түрлері және ерекшеліктері:
Теледидарды көрудің ыңғайлылығы мен жайлылығы көбінесе дұрыс таңдалған кронштейнге байланысты. Кронштейннің бірнеше негізгі түрлері бар:
1. Бекітпелі. Мұндай бекіту қозғалыссыз, қабырғаға мүмкіндігінше жақын ілінеді және бұл неғұрлым сенімді орнату болып саналады, өйткені онда қозғалмалы бөлшектер болмайды. Олар екі түрлі шығарылады: пластина түрінде және екі тірегі бар пластина түрінд.
2. . Көлбеу. Бұл бекіту бекітпеге ұқсас, сондай-ақ белгілі бір бұрышқа еңкейтуге болатын реттелетін тіреулері бар. Модельдердің көбісі үшін көлбеу бұрышы 20°аспайды°.
3. Айналмалы. Теледидарды көлденең жазықтықта жылжытуға болатын бір немесе екі бағыттауыштармен жабдықталған.
4. Құрама. Мұндай кронштейндер теледидарды солға және оңға жылжытуға, сондай-ақ көлбеу бұрышын өзгертуге мүмкіндік береді.
Заманауи кронштейндер қаптамасында экранның диагоналі мен салмағы бойынша шектеулер көрсетілген. Таңдалған бекіту көтере алатын максималды массаға назар аударыңыз.


Монтаждау: теледидарды қабырғаға қалай ілу керек

Қабырғаға бекітпені орнату
Бірінші қадам — теледидарға арналған бекітпені қабырғаға дұрыс орнату. Деңгейді пайдаланып, кронштейннің дұрыс екеніне көз жеткізіңіз. Одан соң қабырғаға саңылау бұрғылап, кронштейнді болттармен бекітіңіз. Қабырға бекітпесі мықты орныққанына және теледидар салмағын көтере алатынына көз жеткізіңіз.

Теледидарды кронштейнге ілу
Кронштейн орнатылғаннан кейін оған теледидарды бекіту керек. Заманауи теледидарлардың көбісінің артқы жағында арнайы бекітуге арналған саңылаулары бар. Оларды кронштейнмен қиыстырыңыз және теледидарды болттармен мұқият бекітіңіз.

Берік орнатылғанын тексеру
Ілгеннен кейін теледидардың қаншалықты мықты бекітілгенін міндетті түрде тексеріңіз. Оның шайқалмайтынына және орнықтылығына көз жеткізіңіз.

Қауіпсіздік бойынша кеңес
1. Теледидар ілінетін қабырға оның салмағын көтере алатынына көз жеткізіңіз.
2. Қабырға типіне арналған жоғары сапалы бекіткіштер мен болттарды ғана пайдаланыңыз.
3. Теледидар қажетті биіктікте екеніне және жылу көздерінен қауіпсіз қашықтықта екеніне көз жеткізіңіз.


Зақымдануға жол бермеу
Ілу кезінде зақым келтірмеу үшін бекітпеге және теледидарға қоса берілетін орнату нұсқаулағын сәйкес әрекет етіңіз. Теледидарды орнатқаннан кейін, бекітпені бірашама босатпай, кабельдерді тартпаңыз немесе теледидарды жылжытпаңыз.

Сымдарды қалай бекіткен дұрыс
Теледидарды ілгеннен кейін бөлме сұрқын бұзбас және айқастырмас үшін сымды дұрыс орнықтыру өте маңызды. Сымды жасыру үшін кабельді басқаруды қолданыңыз және жылу мен су көздерінен алыс орналастыруға тырысыңыз.
Енді сіз теледидарды қабырғаға қалай бекіту керектігін білесіз. Орнату қиын болып көрінуі мүмкін, алайда кеңестің көмегімен көп күш жұмсамай-ақ бекіте аласыз. Ең бастысы – теледидарға арналған бекітпені дұрыс таңдау, оны қажетті биіктікке орнату және сенімді бекіту қажет.


LG теледидарлары модельдерін дәл қазір LG.kz интернет-дүкенінен көре аласыз . LG клубының қатысушы болып , сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті және техниканы тегін жеткізуді және кейбір модельдерді тегін орнатуды қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз. LG фирмалық сервисін тегін орнату қызметін тауарды ресімдеу кезінде LG.kz интернет-дүкенде рәсімдей аласыз. Сондай ақ сіз 2255 нөмірі арқылы теледидарды орнату қызметіне тапсырыс бере аласыз.


Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты https://www.lg.com/kz интернет-дүкені сайтындағы «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен біле аласыз https://www.lg.com/kz/