Қажеттілік пен бюджетті ескеріп, теледидарды қалай таңдаған дұрыс

Қажеттілік пен бюджетті ескеріп, теледидарды қалай таңдаған дұрыс

14/08/2024

Теледидар - бұл заманауи үйдің ажырамас элементі, әр түрлі мақсатта үнемі қолданатын құрылғымыз. Теледидарды таңдау өте маңызды шешім, өйткені ол сізге жылдар бойы қызмет етуі тиіс. Бұл жағдайда құрылғының экраны көздеген мақсатқа және салынатын инвестицияға байланысты таңдалуы керек. Бүгін біз өз қажеттіліктеріңіз бен бюджетіңізге сәйкес келетін теледидарды қалай таңдауға болатыны туралы кеңес береміз.



Теледидар таңдаудағы бірінші қадам - оны не үшін қолданатыңызды білу. Киномандар үшін кескін пен дыбыс сапасы жақсы теледидар қажет, ал геймерлер үшін жаңарту жылдамдығы жоғары болғаны маңызды. Бөлме өлшемін де ескерген жөн: шағын бөлме үшін диагоналы кішірек теледидар қолайлы, ал үлкен қонақ бөлмеге үлкенірек экран қажет.


Жаңа теледидар сатып алу кезінде ескеру қажет етілетін негізгі сипаттамалардан бастайық.


Экранның ажыратымдылығы
Экранның ажыратымдылығы - бұл кескінді құрайтын пикселдер саны. Ажыратымдылықтың бірнеше негізгі түрлері бар:
• 1080p (Full HD) — орташа өлшемді теледидарлардың көбінде қолданылатын ажыратымдылық.
• 4K — әсіресе үлкен экрандарда кескіннің аса жоғары сапасын қамтамасыз етеді.
• 8K — ультра жоғары ажыратымдылық, өте аз кездеседі.



Экран типі: LED, OLED, QLED, IPS
LED экрандары (жарықдиодты дисплейлер) оңтайлы бағамен және жарықтығымен танымал. OLED (органикалық жарықдиодтары) контраст үйлесімімен және қара түстің қанықтығымен танымал, бұл бұл теледидарлар киномандар үшін өте қолайлы. QLED экрандары (кванттық жарықдиодтар) жарық кеңістіктерге арналған айқын және қанық түстерді ұсынады. IPS (сұйық кристалды) экрандарының артықшылығы - көру бұрышы кең және түстерді сапалы түрде береді, сондықтан үлкен компанияда контент көру үшін бұл теледидар тамаша таңдау.


Экранның жаңару жиілігі
Экранды жаңару жылдамдығы герцпен (Hz) өлшенеді және секундына кескін жаңартуларының санын көрсетеді. Стандартты жиілік - 60Hz, бірақ динамикалық көріністерде кескін бірсарын көрсетілуі үшін жиілігі 120Hz немесе одан жоғары теледидарларды таңдаған дұрыс.


Экран диагоналы және теледидарға дейінгі оңтайлы қашықтық
Экран өлшемі бөлме көлеміне және теледидар қаралатын қашықтыққа байланысты. Жалпы ұсыным - теледидарға дейін қашықтық оңтайлы болу үшін экран диагоналін 1,5-ға көбейту керек. Мысалы, 65 дюймдік экран үшін есептейтін болсақ: 65-ті 1,5-ға көбейтеміз, 97,5 дюйм (немесе 248 сантиметр) шығады. Демек, 2,5 метр оңтайлы қашықтық болып есептеледі.
Бұдан әрі, түрлі опцияларды қарастырымыз: бюджетті теледидарлар, орташа баға сегментіндегі экрандар және премиум опциялар.



Бағасы 700 000 теңгеге дейінгі теледидарлар: негізгі сипаттамалар мен мысалдар
Құны 700 000 теңгеге дейінгі теледидарлар күнделікті бағдарламалар көргісі келетін, ас үйге немесе балалар бөлмесіне екінші экран алғысы келетіндерге немесе жатақханаға немесе жалдамалы тұрғын үйге деп бюджеттік функционалды теледидарды таңдағысы келетіндерге тамаша ұсыныс. Осы мақсатта 65 дюймдік LG UHD 65UT91006LA теледидары дәл келеді. HDR 10 Pro технологиясы арқасында экрандағы түстер анықтылығымен таңқалдырады, ал жарықтығын ыңғайыңызға қарай реттеп алуға болады. 65 дюймдік LG NanoCell 65NANO80T6A теледидарын да қарап көруіңізге болады. NanoCell технологиясы түстерді шынайы беріп, кескінді ап-анық қылады. Осы аталған екі теледидарда 4K экран ажыратымдылығы бар, бұл контентті жоғары сапада көруге мүмкіндік береді.



700 000-нан 1 400 000 теңгеге дейінгі теледидарлар: орташа баға сегментінен не күтеміз
Орташа баға сегментінде ең танымал модельдер ұсынылған, бұл модельдер отбасымен бірге кино тамашалау үшін, жаңарту жылдамдығына мән беретін геймерлерге арналған, сондай-ақ кино мен спорт сияқты сүйікті контент стиримингі үшін мультимедиялық орталықтар ретінде қолданылады. Мысалы, 65 дюймдік LG OLED evo OLED65C4RLA теледидары айқын және қанық кескін жасау үшін өзін-өзі жарықтандыратын пиксельдері бар OLED технологиясын қолданады, сондай-ақ, жасанды интеллект көмегімен орналасқан кеңістік үшін кескін мен дыбысты оңтайландырады.


1 400 000 теңгеден жоғары теледидарлар: премиум-сегменттегі модельдер және олардың ерекшеліктері
Премиум-сегменттегі теледидар модельдері кескіні мен дыбысында мін жоқ үй кинотеатрын жасауға, жаңашылдықтарды ынтыға бақылайтын энтузиастар үшін, сондай-ақ сыртқы келбеті аса маңызды дизайнерлік интерьерлер үшін өте қолайлы. Флагмандық LG OLED evo OLED65G4RLA моделі α11 AI бірегей процессоры есебінен асқан сапаны қамтамасыз етеді, кескінді жетілдіре өңдеу және дыбысты әсерлі шығару үшін озық жасанды интеллект қабілеттерін қолданады.One Wall Design дизайн арқасында қабырға арасында бос орындар қалдырмай, қабырғамен үйлесіп, кез-келген интерьерге жараса кетеді. Жетілдірілген және инновациялық мүмкіндіктері бар премиум теледидар модельдері сізге контентті тамашалаудың жаңаша, неғұрлым кемел тәжірибесін сыйлайды.


Жаңа теледидарды дәл қазір LG интернет-дүкенінен сатып ала аласыз . LG клубының қатысушы болып, сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті, сондай-ақ техниканы тегін жеткізуді және кейбір модельдерді тегін орнатуды қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз. Карталармен, Kaspi QR және Apple Pay төлемдерімен, сондай-ақ артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеу опциялары қолжетімді, сондай-ақ тауарды алған кезде қолма-қол ақша төлеуге болады.


[1] Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкені сайтындағы http://LG.kz “Жиі қойылатын сұрақтар” бөлімінен біле аласыз