Life’s Good или когда важен не только продукт: почему забота о клиенте выходит на первый план

Life's Good немесе өнімнен де маңызды дүние болғанда: клиентке қамқорлықтың бірінші орынға шығу себебі

15/06/2026

Осыдан бірнеше жыл бұрын тұтынушылар техника таңдағанда, ең алдымен оның сипаттамасын, дизайны мен бағасын салыстыратын еді. Ал қазір шешуші фактор құрылғының өзі емес – онымен әрекеттесу тәжірибесі: техниканы қосып, баптау оңай ма, сервис орталығымен байланыс қалай жүзеге асады, кепілдік қандай мерзімге беріледі.

Техниканы пайдаланудың әр кезеңінде инновациялар ғана емес, брендке деген сенім, көрсетілетін сервис пен қарым-қатынас сапасы бірінші орынға шығады.

LG Life's Good философиясы көптеген жылдан бері дәл осындай ұстанымды білдіреді: технология, сервис және тұтынушылық тәжірибе арқылы адамның күнделікті өмірін жақсарту.


Life's Good сенімнен бастау алады

Контрафактілік техника санының өсуіне байланысты құрылғының түпнұсқа екеніне көз жеткізу ерекше маңызды. Сол себепті LG техниканы LG.kz ресми интернет-дүкені мен уәкілетті серіктестер желісі арқылы сатып алуға кеңес береді.

Осылайша пайдаланушыға құрылғының түпнұсқа кепілдігі беріледі, сондай-ақ өндірушінің сервистік қолдауына, түпнұсқа бөлшектерге және LG-дің халықаралық стандарттарына сай қызмет көрсетуге қол жеткізеді.


LG смарт технологиялары қалай жұмыс істейді?

Қазіргі техника бұрынғыдай жекелеген құрылғылар жиынтығы емес. Бүгінде пайдаланушылар технологияның түсінікті, ыңғайлы болып, күнделікті өмірде уақытты үнемдеуге көмектескенін қалайды.

Дәл осы себепті зияткерлік шешімдер мен цифрлық сервистер LG экожүйесінің маңызды бөлігіне айналып келеді. Мысалы, LG ThinQ инновациялық технологиясы пайдаланушыларға құрылғыларды қашықтан басқаруға, олардың жай-күйін қадағалауға және техникаға уақытылы күтім жасауға көмектесетін еске салғыштарды алуға мүмкіндік береді.

LG сервистік қолдау қызметі қалай жұмыс істейді?

Сапалы тұтынушылық тәжірибе тауарды сатып алумен аяқталмайды. Керісінше, брендтің өз тұтынушыларын қаншалықты қолдауға дайын екені оны пайдалану барысында айқын болады.

LG компаниясының авторландырылған сервис орталықтарының дамыған желісі және түпнұсқа қосалқы бөлшектердің ауқымды қоймасы бар. Бұл жөндеу мерзімін едәуір қысқартуға мүмкіндік береді. Кей жағдайда сервис маманы клиентке ыңғайлы уақытта – екі сағаттың ішінде келе алады – 2255 нөміріне қоңырау шалып, немесе ресми сайтта өтінім қалдырса жеткілікті.

Техниканың сенімділігін Компаниядағы кеңейтілген кепілдік міндеттемелер арттыра түседі. Мәселен, тоңазытқыштардың инверторлы компрессорлары мен кір жуғыш машиналардың тікелей жетекті моторларын қоса алғанда, жекелеген негізгі бөлшектерге 10 жылға дейін кепілдік беріледі.


Life's Good бүгін және ертең

Тұтынушылардың талап-тілегі үнемі өзгеріп отырады. Адамдар қазір тек заманауи технология емес, қарым-қатынастың әр кезеңінде түсінікті әрі жайлы қызмет көрсететін брендтерді жиі таңдайтын болды.

Сондықтан көпшілік тұтынатын электрониканың болашағы тек жаңа функциясы мен инновацияға байланысты емес. Қолайлы сервис, ашық коммуникация мен цифрлық құралдар, сондай-ақ өнімнің тұтас өмірлік кезеңінде бренд пайдаланушының жанында бола білу қабілеті әлдеқайда маңыздырақ.

Life's Good философиясын дәл осы ұстаным айшықтайды: күнделікті өмірді оңайырақ, жайлырақ етіп, күн сайын жақсарта түсуге көмектесетін технологиялар жасау.