We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Технологияларға тола әлемде экрандар күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналған. Смартфондар мен теледидарлардан бастап ноутбуктер мен мониторларға дейін, адамзат үнемі экрандармен әрекеттесіп, анағұрлым үйлесімді және дербес пайдаланушы тәжірибесіне ұмтылып келеді. Осыған орай LG компаниясы экрандар саласындағы болашақтың өз көрінісін ұсынады, оның атауы «Сіз үшін икемделген, баршаға ашық» (Sync to you, Open to all) .

LG мақсаты жоғары сапалы өнімдерді, соның ішінде экрандарды жасауда, сонымен бірге әр пайдаланушының жеке қажеттіліктеріне сай болуға деген ұмытылысында жатыр.
Осы көзқарастың негізгі аспектілерінің бірі дербестендіру. LG клиенттердің қалауын, олардың күнделікті міндеттері мен қажеттіліктерін ескере отырып, өнімді анағұрлым бейімді және интуитивті етудің тәсілдерін зерттейді. Олар жеке шешімдер мен функцияларды ұсына отырып, экрандарға өз клиенттерін «түсінуге» мүмкіндік беретін технологияларды жасауға ұмтылады.

Сонымен бірге LG компаниясы «Open to All» тәсілін ұсынады – бұл өз технологияларын қолданудағы ашық тәсіл. Бұл инновацияларымен бөлісу және оларды кең аудиторияға, яғни, баршаға қолжетімді етуге деген ынтаны білдіреді. Жеке әзірлемелерін оқшауландырудың орнына, бұл жерде инновациялар өзара әрекеттесетін, толықтыратын және бірін-бірі жақсарта алатын анағұрлым кең экожүйені құру үшін басқа компаниялар және әзірлеушілермен ынтымақтастыққа көңіл аударады.

Экрандар саласындағы технологиялық прогресс адамдардың күнделікті өмірінде маңызды рөлге ие және қажеттіліктерге сай келетін әрі баршаға қолжетімді тәжірибені құру маңызды. LG ұсынған осы «Сіз үшін икемделген, баршаға ашық» , көрінісі анағұрлым икемді, дербестендірілген және баршаға арналған экрандарды қолдану тәжірибесін құру бағытындағы маңызды қадам.
LG теледидарлары жас ерекшелігіне қарамастан, баршаға қолжетімділікті ескере отырып жасалған. Мүгедектіктің әртүрлі формалары бар адамдардан тұратын қолжетімділік мәселелері бойынша консультациялық топпен кеңесті өткізу барысында LG ұдайы инклюзивті технологиялар мен функцияларды әзірлейді және енгізіп келеді. Бренд теледидарларындағы қолжетімді әрі қолданыстағы функциялардың арасында аудионы мәтінге айналдыратын субтитрлер, сонымен бірге ым тіліндегі экран бар, әрі оны пайдаланушы өз қалауынша өлшемі жағынан реттей және жылжыта алады. Сондай-ақ LG теледидарларында егде жастағы пайдаланушылар мен балаларға бағытталған арнайы сервистер бар.1
Экологиялық тұрақтылық LG және бренд философиясы үшін маңызды аспект. Барлық теледидарлар биоыдырайтын материалдардан жасалған бір түсті мөрі бар қораптарда жеткізіледі. Сонымен бірге теледидарлардың өздерінде өңделген пластиктен жасалған бөлшектер бар. Экологиялылық мәнмәтін тұрғысынан LG OLED-теледидарлары елеуге тұрарлық өнім, өйткені олар анағұрлым аз компоненттерді қажет етеді және СК-аналогтарға қарағанда қайта өңдеуге жақсырақ бейім келеді. Жарықтандырғыштың жоқтығы мен жалпы бөлшектерінің аздығы сияқты ерекшеліктерінің арқасында оларды қайта өңдеу және кәдеге жарату айтарлықтай аз шығынды талап етеді.

LG экраннан тамашалаудан болатын әсерді толықтай өзгертетін жаңа артышлықтарды жасау үшін инновацияларды енгізу мен өнімдерін жетілдіруді жалғастырып келеді. Дербестендіру мен ашықтыққа екпін беруі күнделікті пайдалануымызды жақсартуға бағытталған технологиялардың дамуына қарай жасалған маңызды қадам.
Осылайша, "сіз үшін икемделген, баршаға ашық" деген ұран LG ұсынған мотивациялық ұранға, сонымен бірге экрандар әшейін құрылғы ғана емес, әрқайсысымыздың қажеттіліктеріне сәйкес келетін өміріміздің интегралды бөлігі болатын болашақты құруға арналған стратегиялық нұсқаулыққа айналады.
2023 жылдың желтоқсан айының соңына дейін ғана белгілі бір теледидар модельдерін сатып ала отырып, сіз 12 айға ИВИ-ге тегін жазылымға ие боласыз! Толығырақ мына жерде.
###
1 - аймаққа байланысты
