We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Қазіргі жылдам әрі өзгермелі әлемде күнделікті күйбеңнен шаршап, енжарлыққа бой алдырмас үшін отбасылық жылы қарым-қатынасты сақтау аса маңызды. Заманауи технологиялар мен тығыз кесте бізден жақындарымызбен өткізетін уақытты жиі ұрлайды. Дегенмен, отбасы мүшелерінің бір-біріне деген ықыласы мен қамқорлығы ерекше назарды талап етеді. Сондықтан барлық жастағы және түрлі қызығушылықтары бар жанұя мүшелеріне ортақ қызықты шаралар таба білу керек.

Отбасы мүшелерінің бір-біріне жақындай түсуіне көмектесетін түрлі мүмкіндіктер бар, әрі олардың әрқайсысы әртүрлі жас пен қызығушылықтарға сай келеді. Әркімнің қалауына сай табиғат аясындағы белсенді демалыстан бастап үйдегі жайлы кештерге дейін ұйымдастыруға болады. Сондықтан біз демалыс күндерін жанұямен тиімді әрі көңілді өткізуге арналған 5 үздік идеяны ұсынамыз және LG WashTower кір жуғыш пен кептіргіш құрылғысының біріктірілген шешімі арқылы тұрмыстық шаруаларға алаңдамай, демалысыңызды толықтай отбасыңызға арнаудың жолын көрсетеміз.
1. Отбасылық кино кеші
Отбасылық кино кеші - бір-біріңіздің жанында болып, естен кетпес жылы сәттер сыйлайтын тамаша мүмкіндік. Барлығы көргісі келген жаңа фильмді таңдап, пицца не басқа сүйікті тағамдарыңызды тапсырыс беріңіз. Жұмсақ жамылғы мен жастық алып, жайлы атмосфера жасаңыз. Әркім еркін отырып, фильмнен ләззат алсын. Фильм таңдау процесінің өзі отбасылық талқылауға ұласып, бір-біріңіздің талғамына көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ортақ шара мен қамқорлық сезімін қалыптастырады. Ал сіз жақындарыңызбен бірге фильм көріп отырған сәтте, LG WashTower кір жуғыш және кептіргіш құрылғысы киімдеріңізді мұқият жуып, дыбыссыз жұмысы арқылы тыныш кешіңізді бұзбайды. Мұның бәрі - DirectDrive инверторлы қозғалтқышы мен DUAL Inverter Heat Pump™ жылу сорғысының арқасында.
2. Табиғат аясындағы пикник
Табиғат аясында отбасыңызбен уақыт өткізу, бұл таза ауада ойын ойнап, естелік фотоға түсіп, балалық шақтағыдай шөпте аунап-қунауға тамаша мүмкіндік.Белсенді демалыстан кейінгі киім-кешекті жуамын деп уайымдаудың қажеті жоқ. LG WashTower-дің сыйымдылығы артқан үлгісі кір жуғыш барабанға 18 кг-ға дейін, ал кептіргішке 16 кг-ға дейін кір салуға мүмкіндік береді. Бұл бүкіл отбасының кірін бір жолы жуып-кептіруге мүмкіндік береді.
3. Қыш құмыра жасау бойынша мастер-класс
Қышпен жұмыс істеу бойынша мастер-класс ата-аналарға да, балалар мен жасөспірімдерге де ұнайды. Өз қолыңызбен жасалған бұйым, мейлі ол ваза, тәрелке немесе мүсінше болсын, жай ғана естелік емес, отбасылық бірлік пен шығармашылықтың белгісіне айналады. Бұл естелікті өзіңізде сақтап, әр жолы жылы отбасылық күнді еске түсіре аласыз. Одан да бөлек, мұндай бұйымдарды күнделікті тұрмыста қолдануға немесе жақындарыңызға сыйлауға болады. Шығармашылық процеске толықтай беріліп, киіміңізді былғап аламын деп уайымдаудың қажеті жоқ LG WashTower қыш пен бояудың дақтарынан киімді оңай тазартуға көмектеседі. Ал жасанды интеллектпен жабдықталған AI DD™ технологиясы кір салмағын және 20 000-ға дейінгі түрлі сипаттамасын ескере отырып, ең оңтайлы жуу алгоритмін автоматты түрде таңдайды.

4. Тауға жорық
Тауға жорық – отбасы мүшелерін біріктіретін және ұмытылмас әсер сыйлайтын ерекше шытырман оқиға. Жорыққа дайындық барлық отбасы мүшелерінің жасына және физикалық дайындығына сай келетін бағытты таңдаудан басталады. Бала-шағаға ауыр тимеу үшін жеңілдеу бағыттарды таңдаған жөн. Сондай-ақ, жорық кезінде қажет болатын барлық жабдықтар мен азық-түлікті өзіңізбен бірге алуды ұмытпаңыз: ұзақ жүріске ыңғайлы аяқ киім, су, рюкзактар, карта, компас және күтпеген жағдайларға арналған алғашқы көмек қобдишасы қажет. Жорық кезінде күшіңізді қалпына келтіру үшін жеңіл тіскебасар мен қуат беретін батончиктерді де алуды ұмытпаңыз.
Сапар барысында сізді таңғажайып таулы көріністер, таза ауа және жабайы жануарларды табиғи мекенінде көру мүмкіндігі күтеді. Тау шыңдарына көтеріліп, өмір бойы ұмытылмайтын ғажайып көріністі тамашалайсыз. Жол жөнекей әдемі алаңқайларда тоқтап, демалып, естелікке суретке түсіп, табиғаттың сұлулығынан ләззат алуға болады. Балалар үшін мұндай тау жорығы шынайы шытырман оқиғаға айналады. Олар жаңа дүниелерді танып, бағдар ұстауды үйреніп, компас қолдану дағдысын меңгере алады.
Үйге оралған соң барлық отбасы мүшелерінің киімін LG WashTower , құрылғысына салып, жедел жуу мен кептіру функциясының арқасында кір жуылып, кеуіп үлгереді, осылайша сіз жаңа саяхатқа бірден дайын боласыз!
5. Театрға бару
Театрға бару – өнер әлеміне еніп, отбасымен бірге ерекше естеліктер қалдырудың тамаша жолы. Баратын қойылымды алдын ала таңдап алыңыз, ол бүкіл отбасы мүшелеріне қызықты және лайықты болуы тиіс. Көптеген театрларда балалар мен отбасы үшін арнайы қойылымдар ұсынылады, олар ересектерге де, кішкентайларға да бірдей әсерлі болады. Бұл – ертегі қойылымдары, мюзиклдер, комедиялар немесе драмалық қойылымдар болуы мүмкін.
Қойылым барысында сіздер сахналық өнер әлеміне еніп, шебер актерлердің ойыны мен әсерлі декорациялар арқылы басқа бір шынайылыққа саяхат жасайсыздар. Қойылымнан кейін оқиға желісін балалармен бірге талқылап, әсерлеріңізбен бөлісе отырып, олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға және өнерге деген қызығушылығын оятуға болады. Ал LG WashTower құрылғысындағы ThinQ қосымшасы арқылы іске қосылатын кейінге қалдырылған жуу мен кептіру функциясының арқасында сіз уақытты тиімді пайдаланып, процесті қашықтан басқара аласыз. Киімдер театрдан оралғаныңызда дайын болады.
LG кір жуғыш машинасын таңдасаңыз, отбасыңызға көбірек уақыт бөле аласыз. Егер сатып алатын болсаңыз, өзіңізге лайық үлгіні LG интернет-дүкенінен дәл қазір таңдауға болады. Ал LG клубының , мүшесі ретінде сіз бірқатар артықшылықтарға ие боласыз: 5% жеңілдік беретін Сәлемдесу купоны, тұрақты 2% жеңілдік, сонымен қатар барлық техникаға тегін жеткізу және кейбір үлгілерге [1] тегін орнату қызметі.
# # #
· [1] Сіздің техника түріңізге тегін орнату мүмкіндігі бар-жоғын және толық ақпаратты LG.kz интернет-дүкенінің сайтындағы “Жиі қойылатын сұрақтар” бөлімінен біле аласыз
