We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.

Сымсыз акустикалық жүйелер жоғары сапалы дыбысты пайдалану ыңғайлығымен тамаша үйлестіреді және кинотеатр, концерт залы сияқты атмосфераны құруға немесе сүйікті музыканы артық сымдарсыз және күрделі баптауларсыз тамашалауға мүмкіндік береді. Бұл мақалада біз үйіңізге акустикалық жүйені қалай таңдауға болатынын, неге назар аудару керектегін, сондай-ақ LG компаниясы ұсынған LG S95TR жәнеS70TY саундбарларының кейбір модельдерді қарастырамыз.
Сымсыз акутискалық жүйелердің артықшылығы
Тағы бір артықшылығы -мобильділігі. Қай жерде тыңдау аймағын белгілегіңіз келеді, соған байланысты динамиктерді бөлменің кез келген бөлігіне орналастыруға болады. Сымсыз құрылғыларды үйде оңай орнын ауыстыруға болады, бұл әсіресе үлкен пәтерлерде немесе жер үйлерде өте ыңғайлы.
Ақырында, көптеген сымсыз жүйелер, соның ішінде LG S95TR, саундбары Google ассистент немесе Amazon Alexa сияқты ақылды үйлермен және дауыспен басқарылатын көмекшілермен жұмыс істейді, бұл басқаруды жеңілдетеді әрі ыңғайлы етеді.
Таңдау жасау үшін негізгі сипаттамалар
Дауыс сапасы. Динамиктердің қуатын, жиілік диапазонын және кіріктірілген сабвуфердің бар екенін ескеру қажет. Бұл әсіресе жүйені фильмдер көру немесе жоғары сапалы музыка тыңдау үшін пайдаланғыңыз келсе аса маңызды. Мысалы, LG S95TR, саундбарындағы негізгі динамик, 3 жолақты динамиктер жиынтығы және сымсыз сабвуфер виртуалды дыбыс күмбезінің әсерін қалыптастырып, үш деңгейлі кеңістіктікке таралатын дыбыс шығарады.
Дыбыс форматын қолдау. Заманауи жүйелер Dolby Atmos және DTS сияқты форматтарды қолдай алады, олар көлемді дыбыс әсерін береді және экранда жүріп жатқан атмосфераға шомғызады. href="https://www.lg.com/kz/speakers/soundbars/s95tr/" target="_blank" style="text-decoration: underline;" rel="noopener noreferrer">S95TR, саундбары мысалы, Dolby Atmos, DTS X және IMAX Enhanced форматтарын қолдайды, соның арқасында таза әрі әсерлі көлемді дыбыс шығады.
Қосылу диапазоны. Егер сіз жүйені дыбыс көзінен үлкен қашықтықта пайдалануды жоспарласаңыз, оның Bluetooth немесе Wi-Fi ұстау радиусы үлкен екеніне көз жеткізіңіз.
Динамиктердің саны және орналасуы. Көп арналы жүйелер арасындағы таңдау өзіңіздің қалауыңызға және кеңістіктің көлеміне байланысты болады. Динамиктер неғұрлым көп болса, дыбыс соғұрлым көлемді және қанық болады: LG саундбарлар кең ұсыныс жасайды және мұнда S95TR әсерлі 9.1.5 арналы дыбысқа ие, ал S70TY 3.1.1 арналы дыбысты ұсынады, бұл терең дыбыс шығару үшін жеткілікті.
Басқа құрылғылармен үйлесімділік
Сатып алмас бұрын жүйенің сіз пайдаланғалы тұрған құрылғылармен үйлесетініне көз жеткізіңіз. Заманауи сымсыз жүйелер теледидарларға, смартфондарға, компьютерлерге және тіпті ойын приставкаларына оңай қосылады. Олар сондай-ақ акустиканы сіздің «ақылды үйіңізге» кіріктіруге мүмкіндік беретін ақылды жүйелермен жұмыс істей алады..
LG саундбарлары LG теледидарларымен тамаша үйлесетінін айта кеткен жөн. Мысалы, LGS70TY моделі LG QNED теледидарларымен тамаша үйлеседі, олардың дизайны мен дыбыстық әсерін толықтырады. LG S95TR,моделі, мысалы, әмбебап және сіздің LG теледидарыңыздан барынша әсер алуға көмектеседі.
Дизайн және үйде динамиктерді орналастыру
Акустика жүйесінің дизайны үйлесімді интерьерді құруда маңызды рөл атқарады. Ықшам модельдер кішігірім кеңістіктерге өте жарасымды, ал ауқымды жүйелер - бүкіл кеңістікті дыбыспен көмкеру қажет етілетін кең бөлмелерге арналған. Минималистік дизайн арқасында LG саундбары кез-келген интерьерге жараса кетеді, ал әмбебап өлшемі оларды кез-келген кеңістікте орнатуға мүмкіндік береді.
Колонкаларды орналастыру да дыбыс сапасына әсер етеді. Мысалы, стерео жүйелер үшін дыбыс бөлмеге біркелкі таралуы үшін колонкаларды симметриялы орналастырған дұрыс S95TR, сияқты ауқымды жүйелер болса, максималды шому әсерін алу үшін артқы және ортаңғы динамиктерді қалай дұрыс орналастыруды ойлану керек.
Үйге мінсіз акустикалық жүйені қалай таңдап алу керек
Мінсіз жүйені таңдау үшін бірнеше факторларды ескерген жөн.Алдымен өз бюджетіңізді және функционалдық талаптарыңызды анықтаңыз. Бәлкім сізге музыка тыңдау және фильмдер көру үшін ықшам жүйе қажет шығар, мысалы, LG S70TY, немесе сіз толыққанды үй кинотеатры әсерін алғыңыз келсе, бұл жағдайда LG S95TRсізге өте қолайлы.
Екіншіден, үй-жай кеңістігін ескеріңіз. Шағын бөлмелер үшін тым қуатты жүйелерді таңдамаңыз, себебі дыбыстың бұрмалануына әкеп соғуы мүмкін. Үлкен бөлмелерде, керісінше, әлсіз жүйеден мықты әсер ала алмайсыз.
Ең соңында, жүйені қалай қолданатыныңызды ойланыңыз. Музыка үшін жақсы динамиктері бар стерео жүйелер, ал фильмдер үшін – көлемді дыбысты қолдайтын модельдер, ал ойындар үшін – төмен жаңғырығы төмен акустика жақсы. LG саундбарлары жоғары жиілікте терең басс пен таза дыбыс шығаруға мүмкіндік беретін қуатты динамиктермен және кіріктірілген сабвуфермен жабдықталған.
Үйге арналған сымсыз акустика жүйесін таңдағанда, дыбыс сапасы мен заманауи форматтарды қолдаудан бастап, құрылғының үйлесімділігі мен дизайнына дейінгі көптеген факторларды ескеру қажет. LG компаниясының S70TY және S95TR, cаундбарлары сияқты өнімдері заманауи технологияның үйде көңіл-көтеруді, ойын-сауықты қалай әсерлі, ал басқару – аса ыңғайлы және қарапайым ете алатынын көрсетеді.
Үйге арналған жаңа динамик жүйені дәл қазір LG интернет- дүкенінен сатып ала аласыз. LG клубының қатысушы болып, сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті, сондай-ақ техниканы тегін жеткізуді және кейбір модельдерді[1] тегін орнатуды қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз. Карталармен, Kaspi QR және Apple Pay төлемдерімен, сондай-ақ артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеу опциялары қолжетімді, сондай-ақ тауарды алған кезде қолма-қол ақша төлеуге болады.
Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкені сайтындағы “«Жиі қойылатын сұрақтар”бөлімінен біле аласыз LG.kz.
