We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
Дыбыс - әсерлі ойын атмосферасын құруда маңызды рөл атқарады. Дұрыс реттелген дыбыс ойын атмосферасына шомып, бүкіл дыбыс сыбдырын анық естуге және белгілі бір дыбыс көзін дәл анықтау арқылы бәсекелестік артықшылыққа ие болуға мүмкіндік береді. Сондықтан жоғары сапалы аудио жүйені таңдау әрбір шынайы геймер үшін маңызды қадам.

Теледидар динамиктеріне қарағанда саундбар - дыбыс сапасын едәуір жақсартады, көлемді дыбыс шығарады, диалогты айқын естуге мүмкіндік береді және қуатты басс әуенін шығарады, бұл ойынды анағұрлым екпінді әрі қызықты етеді. Ойын тәжірибесін жақсарту үшін дыбыс панелін таңдағанда, дыбыс сапасын, жаңа технологияларды қолдануды, сондай-ақ ойын әсерін едәуір арттыратын қосымша мүмкіндіктерді ескеру қажет. Бұл мақалада біз ойын саундбарының артықшылығын, үйге саундбарды қалай таңдап алуға болатынын және сатып алу кезінде ненің маңызды екенін қарастырамыз.
Дыбыстық технологияларды қолдау
LG компаниясы ойындар үшін екі тамаша дыбыс панелін ұсынады: LG S95TR саундбары және LG SC9S саундбары . Екі панель де көлемді дыбыс шығаратын Dolby Atmos және DTS:X технологияларын қолдайды, бұл ауқымды және қанық дыбыс палитрасын қамтамасыз етеді. Олардың арқасында ойынның шынайылығы арта түседі әрі сүйікті кейіпкерлер дәл қасыңызда жүріп, сізбен бірге квест өтіп жатқандай әсер береді.
Заманауи аудио технологиялар: жасанды интеллектті қолдану
LG дыбыс панельдері оңтайлы дыбыс шығару үшін жетілдірілген жасанды интеллект технологиясын қолданады. Мысалы, LG S95TR және LG SC9S саундбарларымен жабдықталған AI Sound Pro функциясы контентке байланысты дыбысты оңтайландырады. Бұл дегеніміз, саундбар позициялық дыбысты жақсартады, негізгі аудио бөлшектерге баса назар аударады және контентке байланысты дыбыс деңгейін автоматты түрде реттейді, бұл ойын процесін серпінді қылады және ойынға сүңгітіп жібереді.
AI Room Calibration Pro функциясы дыбысты үй-жай акустикасына қарай реттейді - саундбар өзі орналасқан кеңістікті анықтай алады және дыбыстың бұрмалануын түзете алады.
Кез келген бөлмеге дәл келетін саундбар
Дыбыс панелін таңдағанда, ойын жабдықтары орналасқан бөлменің көлеміне де назар аударған жөн. Мысалы LG S95TR моделі 9.1.5 арналы дыбыс шығара алады - 9 негізгі динамик, бір сабвуфер және 5 қосымша динамик, олар жоғарыдан аса сапалы аудио дыбысты қамтамасыз етеді. Осының арқасында бұл саундбар үлкен бөлмелерде неғұрлым үйлесімді — ол ғажайып көлемді дыбыс шығарады және дыбыс әсерін ерекшелеп көрсетеді, бұл ойынды одан бетер әсерлі етеді. Егер ойын консолі орнатылған бөлме шағын болса, ықшам LG SC9S саундбары нағыз тамаша таңдау болады. Осы дыбыс панелі шығаратын үш деңгейлі кеңістіктікті дыбыс арқасында кинотеатрдағы дыбыс сапасынан кем түспейтін керемет сапалы көлемді дыбыс жасалады.
Ойындарға арналған оңтайландыру құралдары
Мысалы, LG SC9S . > сияқты VRR (айнымалы жаңарту жылдамдығы) және ALLM (автоматты төмен кідіріс режимі) бар модельдерді таңдаңыз. Бұл функциялар кідірістерді азайтады және аудио мен бейнені синхрондау арқылы біркелкі естіліп, көрсетілуін қамтамасыз етеді, бұл сізге ойын барысында артықшылық береді және еліктіріп жібереді. Оған қоса, үзілістерсіз, баяуламай, экрандағы кескінді неғұрлым айқын әрі серпінді қылады. Сіз ойын әлеміне шомып, қарсыласыңыздан миллисекундтар баса озып, одан анағұрлым жылдам және күшті бола аласыз.
Басқару және қосу ыңғайлылығы
Егер LG сіз теледидары үшін басқарылуы жеңіл саундбарды қалай таңдау керектігін білгіңіз келсе, онда қам жемеңіз – WOW Interface функциясымен басқару пультін бір түртсеңіз болғаны, теледидар экранында саундбар мәзірі және оны баптау параметрлері шыға келеді. Ал WOWCAST функциясы, мысалы, сымсыз қосылуды қамтамасыз етеді.
Егер сіз кескін мен дыбыстың максималды сапалы болуын қаласаңыз, онда LG S95TR сияқты 4K pass-through қолдайтын модельдерді таңдаңыз. Бұл функция HD және Dolby Vision сияқты 4K контентті сапасын жоғалтпай көруге мүмкіндік береді, бұл ойындар мен фильмдерден алатын әсерді күшейтеді.
Осы аспектілердің барлығын ескере отырып, сіз өзіңізге ұнамды жоғары сапалы дыбыс беретін LG дыбыстық панелін , таңдай аласыз. Саундбарды қолданған кезде, ойын жай ғана көңіл-көтеру емес, кәдімгідей шым-шытырық оқиғаға айналады: кейіпкерлер қасыңызда жүргендей әсер алыңыз, детальдарды анық көріп, шынайы эмоцияға бөленіңіз.
Саундбарды дәл қазір LG интернет-дүкенінен сатып ала аласыз . LG клубының қатысушы болып C,сіз 5% жеңілдікке Құттықтау купонын, тұрақты 2% жеңілдікті, сондай-ақ техниканы тегін жеткізуді және кейбір модельдерді тегін орнатуды қоса алғанда бірқатар бонустарға ие боласыз. Карталармен, Kaspi QR және Apple Pay төлемдерімен, сондай-ақ артық төлемсіз 24 айға дейін бөліп төлеу опциялары қолжетімді, сондай-ақ тауарды алған кезде қолма-қол ақша төлеуге болады.
Сіздің техника ақысыз орнатылатынын, әлде ақылы орнатылатынын білу үшін толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкені сайтындағы https://www.lg.com/kz/
