We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.

27 жыл бұрын LG Electronics Almaty Kazakhstan (LGEAK) компаниясы Қазақстан нарығына тұтынушылар өміріне жоғары сапа мен инновациялар әкелу миссиясымен келді.Осы уақыт ішінде LG сенімді электроника өндірушісі мәртебесіне ие болып қана қоймай, жастарды қолдайтын әлеуметтік бастамалардың белсенді бастамашысы және қатысушысы бола алды. Компания тарихындағы осы маңызды кезеңді атап өтіп, біз LGEAK-тің басты жетістіктерін және оның қоғамның дамуына ықпалын жария етеміз, сондай-ақ осы тарихты жасап отырған адамдар жайлы айтамыз.
27 жыл бұрын Қазақстанда қызметін бастаған сәттен бастап LGEAK компаниясы технологиялық, сол сияқты әлеуметтік салаларда айтарлықтай жетістіктерге жетті.
Құрмет
2006 және 2012 жылдары компания сапасы мінсіз өнім шығарғаны үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығына ие болды.
Жастарды қолдау
1999 жылдан бастап 2005 жыл аралығында LG дарынды балаларды ынталандыруға бағытталған "«21 ғасырдың көшбасшысы» атты ", танымал интеллектуалды шоуға қолдау көрсетті.
2016 жылдан бастап LG түрлі іс-шаралар мен мастер-кластар өткізіп, балалар үйіндегі балаларға қолдау көрсетеді. Сондай-ақ білім беру дағдыларын дамытуға және жастарға еңбек нарығының заманауи талаптарына бейімделуге және олардың қоғамға сәтті интеграциялануына ықпал етуге бағытталған балалар үйлерінде тәрбиеленетін балалар мен студенттер үшін LG EdTech жобасын жүзеге асырады. Биылғы жылы LG Electronics әлеуметтік желі қолданушылары арасында позитивті ойлауды қолдауға бағытталған "Optimism Your Feed" науқанын бастады. Бұл науқан өзара жәрдем беру және жақсы эмоциялармен алмасуға ықпал ететін жылы шырайлы ортаны құруға бағытталған.
Әлеуметтік бастамалар
2008 жылдан 2012 жылға дейін LG "Аналар мен балалар", жобасын жүзеге асырды, бұл жоба аналар мен балалардың қал-жағдайына айтарлықтай оң ықпал етті. Бастама аясында 63 000-нан астам әйел сүт безі диагностикасынан өтіп, өзін-өзі тексеру әдістемесін оқыды. 2015 жылы тағы бір аса маңызды "«Игі істер уақыты» ", жобасы бастау алды, бұл жоба адамдарды жасаған игілікті ісі туралы айтуға шақырады, сол арқылы жергілікті халықты мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуге және қайырымдылық бастамаларына қатысуға түрткі болады.
Жоғары сапалы және фирмалық сервис
Осыдан бір жыл бұрын, 2023 жылы компания Қазақстанда интернет-дүкенін ашты осылайша ол жаңа өнімдерді жылдам көруді және техниканы тегін жеткізу мен орнату сервисін жоғары деңгейде қамтамасыз етті. Бұл клиент тәжірибесін жақсартуда және сатып алуды ыңғайлы етуде маңызды қадам болды, бұл пайдаланушыларға қажетті тауарларды үйде отырып-ақ оңай іздеуге және тапсырыс беруге мүмкіндік береді.
Жетістікке жетелеген тұлғалар
Компанияның жеткен жетістігі – бұл өз ісіне адал қызметкерлер еңбегі, олардың әрқайсысы LG тарихының жазылуына баға жетпес үлес қосқан жандар. LGEAK командасының бөлшегін құрайтын тұлғаларды, оларға қандай жобалар ұмытылмас әсер қалдырғанын, компанияның туған күні олар қандай тілек білдіргенінен назарларыңызға ұсынамыз.
Наталья Новикова, LGEAK корпоративтік маркетинг директоры:

«Менің жолым болды, мен карьерамды LG Electronics Almaty Kazakhstan-да маркетинг саласында бастадым, бүгінгі күні компанияның алпауыт өзгерісіне қарап таң қаласың. Қазақстанда LG бренді өте танымал әрі сүйікті деуге болады. LG өнімдері нарықта көш бастап тұр. Бұл орайда PR өте маңызды рөл атқарады, ол брендтің жетістіктерін, техникадағы инновацияларды жариялап тұрады және сатып алушыларға LG ымырасыз фирмалық сервисі туралы хабардар етеді. Әлеуметтік желілерде біз тұтынушылардың оң көзқарасын арттыруға тырысамыз, мұны жақында өткен науқаннан көре аласыз Optimism your feed . Өзіміз де оптимизмді дәріптейміз . Мен Бренд елшісі болғанымды мақтан тұтамын. Біздің ауқымды ұжым жоспарында әлі талай жобалар бар. Біз сатып алушының қалағанынан да, үздік болуға тырысамыз».
Санжар Козыбаев, департамент директоры:

«Егер маған LG-ді бір сөзбен сипаттау керек болса, мен "мүмкіндіктер". деп айтар едім. Мен 2010 жылы Ақтөбеде компанияға келгенімде, 14 жылдан соң Алматыдағы Бас кеңседе отырамын деп ойламаппын. 2013 жылы шыққан LG OLED теледидары маған айтып жеткізбестей әсер қалдырды, міне бүгін оның нарықтағы 11 жылдығын атап отырмыз. Мен компаниямыздың өсіп-өркендеуін тілеймін. LG Electronics техникасының әр үйде болғанын қалаймын».
Огай Дмитрий, аналитика бөлімінің басшысы:

«LG-дің жаңа өнімдерін шығуына орай ұйымдастырылған концерттерге қатысқанымда алған әсерім айтып жеткізу мүмкін емес, біз нағыз команда екенімізді сезіндік, біз бір отбасымыз. Қазақстандағы әрбір LG өнімі — үздік болғанын шын жүректен тілеймін!»
Рустам Исламов, оқыту бөлімінің бастығы:

«LG — менің екінші отбасым. Балалар үйінде тәрбиеленетін балаларға арнап мамандық таңдау бойынша шеберлік оқулары — мен үшін естен кетпес жоба. Біз олардың кейбірімен әлі де араласып тұрамыз».
Асет Смаков, B2B сату бөлімінің басшысы:

«LG компаниясы бейсенбі сайын футбол ойнау бастамамызға қолдау көрсетіп отыр. Бұл әріптестермен қарым-қатынасты нығайтуға көмектеседі. Компанияның мерейтойына орай барша қызметкерлерге - кәсіби өсу, компанияға — сатылымды арттыру, ал клиенттерімізге - бізге сенім артып, әрқашан LG-ді таңдауын тілеймін».
Адель Сатерова, қаржы бөлімінің менеджері:

«Мен LG-ге сонау 2008 жылы Sulpak компаниясына жұмыс істеуге келдім. Мен мұндай брендтің бір бөлігі боламын деп ешқашан ойламаппын. Мені корей мәдениеті қызықтырады және маған адамды ең жоғары құндылық деп санайтын компанияның негізгі ұстанымы өте ұнайды. Бұл ортада жаймашуақ әрі кеңпейіл атмосфера орнаған. Өз саласында көш бастап тұрған компанияда жұмыс істеу, мен үшін — миссияны орындау және біздің адал клиенттеріміз алдындағы жауапкершілікті орындау. Мен көп жылдар бойы кәсіпқойлар құрған құрылымның бөлшегі болғаныма қуанамын».
Қызметкерлер берген бейнесұхбатты Instagram-нан LGEAK ресми парақшасынан көреаласыз.
Қазақстанда жұмыс істеген 27 жыл ішінде LG технология нарығында көшбасшы болып қана қоймай, өзін әлеуметтік жауапты серіктес ретінде көрсете алды. Компания жастарды өте көп қолдайды, қайырымдылық бастамаларын дамытады және өмір сапасын жақсартуға бағытталған инновацияларды оңтайлы енгізеді. Әр жаңа жобаны бастаған сайын, LG қоғамды әлі де дамытуға мүдделі екенін және заманына қарай әрекеттенуге дайын екенін көрсетеді.
