We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.
LG Electronics (LG) компаниясы «Life Is Good» уәдесін нығайту үшін әлеуметтік желіде жаһандық челлендж бастады. Науқанның мақсаты – жер шарындағы клиенттерді әлеуметтік желіде оптимизм танытып, сол сәттерді бөлісуге шақыру. Әр түрлі платформаларда іске қосылған бастама қатысушыларды оптимистік сәттермен бөлісу арқылы әлеуметтік желіде оң атмосфераны ұстануға шақырады.

Қазақстандағы пайдаланушылар да «Желіге оптимизм қос» атты жаһандық науқанға қатыса алады: өз жазылмандарына шабыттандыратын контент ұсынып, LG компаниясының бағалы сыйлықтарын ұтып ала алады.
Конкурс 2024 жылғы тамыздың 31-нен қыркүйектің 30-ы аралығында Instagram-да өтеді. Жеңімпаздар есімі 3 қазан жарияланатын болады.
Конкурс шарты:
1. Қатысу үшін өмірдің неге тамаша екенін айтқаныңызды тік форматта бейнеге түсіру.
2. @lg_electronics_kz аккаунтын және #OptimismYourFeedKZ, #OptimismYourFeed хэштегін белгілеп, Instagram әлеуметтік желісінде жариялау.
3. Сіздің профиль конкурс соңына дейін ашық болуы тиіс.
Конкурстың бас жүлдесі:
1-ші орын: Теледидар LG OLED evo AI B4 4K OLED65B4
2-ші орын: LG WashTower, AI DD™ кір жуғыш машина + кептіргіш
3-ші орын: LG CordZero™ A9K-PRO1 Kompressor™ сымсыз шаңсорғыш .
Одан басқа, қатысушылар арасында LG онлайн дүкенінен брендті термостар мен сатып алу купондары ойнатылады. Термос ұтқандар 3 қазанда жарияланады, ал купон ұтқан 40 қатысушы 29 тамызда белгілі болады.
LG өзінің «Life’s Good» уәдесіне беріктігін дәлелдеуде. Бұл әлеуметтік желідегі челлендж клиенттерімізге «Life’s Good» ұранының мағынасын ашуға тырысады. Біз оптимистік көзқарас өмірді жақсы жаққа өзгерте алады деп сенеміз. Біздің " «Желіге оптимизм қос» " науқаны аясында өткізілетін челлендж виртуалды әлемде, сондай-ақ шынайы өмірде бірін-бірі игілікті амалдар жасауға шабыттандыруға арналған.
