LG Styler – Бүкіл отбасыға арналған көпфункциялы көмекші

LG Styler – Бүкіл отбасыға арналған көпфункциялы көмекші

13/09/2024

Кәсіби міндеттер отбасы мәселелерімен тоғысқанда, уақытты оңтайландыру қажеттілігі туындайды. Қарбалас жұмыс кестесі мен күнделікті шаруалар жағдайында уақытты басқару қабілеті өмірдегі тепе-теңдік пен тиімділікті сақтауда шешуші факторға айналады. Киімді үтіктеу, кептіру және бумен өңдеу сияқты күнделікті тапсырмалар көп уақыт алуы мүмкін, ал бұл уақытты отбасы мүшелерімен қарым-қатынас жасау сияқты жағымды істерге жұмсауға болар еді.



Бу шкафы LG Styler Үй шаруасындағы біраз міндетті өз мойнына алып, отбасыңыздың барлық мүшелеріне кез келген жұмыс, оқу күніне немесе маңызды оқиғаға киімдерін қиындықсыз дайындауға көмектеседі. Бұл әмбебап көмекші киімдерге мінсіз күтім жасап, сізге жақындарыңызбен уақыт өткізуге немесе сүйікті істеріңізге көңіл бөлуге мүмкіндік сыйлайды.


Жұмысқа дайындық: қыртыстарды кетіру және шалбарға арналған пресс
Жұмысқа дайындық, әр минут қымбат болғанда, шаршататын процесс болмауы керек. LG Styler есігіне орнатылған шалбарға арналған пресс күнделікті киім күтімін айтарлықтай жеңілдетеді. Бұл пресс қатпарларды тегістеп, шалбардың бедер сызықтарын мінсіз күйде сақтайды, оларға ұқыпты әрі тартымды көрініс береді. Шалбарға арналған пресс киімді жылдам әрі тиімді дайындауға көмектесіп, артық әуре-сарсаңнан құтқарады. Бұл сізге кәсіби және сенімді көрінуге мүмкіндік беріп қана қоймай, таңғы маңызды істерге көбірек уақыт бөлуге жағдай жасайды.


Сондай-ақ, LG Styler-дің шалбарға арналған прессін пайдалану киімнің қызмет ету мерзімін ұзартуға көмектеседі, өйткені ол қарапайым үтіктеу кезінде пайда болатын жоғары температура мен механикалық қысымды барынша азайтады. Бұл инновациялық шешім киімнің сыртқы көрінісін сақтап, оның пішіні мен текстурасын бүлінуден қорғайды. Қолданудың қарапайымдылығы мен тиімділігінің арқасында шалбарға арналған пресс уақытын бағалайтын және күн сайын мінсіз стильге ұмтылатын адамдар үшін таптырмас көмекшіге айналады.



Мектепке дайындық: балаларға арналған гипоаллергенді күтім
Оқу жылының басталуы мектеп формасын күнделікті дайындау мәселесінің маңызын арттырады. Балалардың терісі сезімтал келеді, сондықтан киімді дұрыс күту мүмкін болатын аллергиялық реакциялар мен тітіркенулердің алдын алуға көмектеседі.
Киімге арналған гипоаллергенді күтім — LG Styler құрылғысының негізгі функцияларының бірі. Ішіне орнатылған TrueSteam™ бу технологиясы аллергендер мен бактериялардың 99,9%-на дейін жояды[1][2]. Бұл технология толығымен қауіпсіз — бу тек таза судан тұрады, құрамында ешқандай химиялық қоспалар жоқ. Осы технологияның арқасында құрылғы киімді мұқият тазартып қана қоймай, балалардың нәзік терісінің қауіпсіздігін де қамтамасыз етеді, аллергиялық реакциялар қаупін азайтады. Бұл баланың денсаулығын қорғауға, тері ауруларының алдын алуға және форманы ұзақ уақыт жайлы киюге септігін тигізеді.
Сонымен қатар, егер бала жаңбыр астында қалып қойса, кептіру режимі киім мен аяқ киімді жылдам кептіруге көмектеседі, осылайша оны келесі оқу күніне толық дайын етеді.


Кешкі шараға дайындық: нәзік маталар күтімі
TrueSteam™ технологиясы күтімді көп қажет ететін, соның ішінде нәзік маталардан тігілген коктейль көйлектері сияқты киімдерге күтім жасауды айтарлықтай жеңілдетеді. Сондықтан ерекше кешке арналған киім үшін уайымдаудың қажеті жоқ – LG Styler нәзік киімдерді арнайы тазалауға кететін қымбат уақытыңызды үнемдеуге көмектеседі.


Styler жібек пен кашемир сияқты нәзік маталарға ұқыпты күтім жасап, олардың тозуына және пішінін жоғалтуына жол бермейді. Бу арқылы өңдеу қатпарларды тегістеп, иістерді жояды және киімнің бастапқы келбетін сақтайды, оны келесі маңызды сәттерге дайын күйде ұстайды. Ал «Жаңарту» функциясының көмегімен киімдегі жағымсыз иістерден арылуға болады – ол үшін құрылғымен бірге берілетін хош иісті майлықтарды немесе өзіңіздің сүйікті иіссуыңызды қолдануға болады. Осылайша, LG Styler-дің арқасында алдыңызда маңызды кездесу болсын, мерекелік шара болсын – киіміңіз әрдайым мінсіз күйде болады.


LG Styler кәсіби жетістіктер мен отбасылық жайлылықты үйлестіруде маңызды көмекшіге айналады. Ол киімге күтім сапасынан бас тартпай-ақ, өзіңізге және жақындарыңызға көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде стайлер жұмыс пен отбасы арасындағы тепе-теңдікті жақсартып, жалпы өмірге риза болу сезімін және өмір сапасын арттыруға септігін тигізеді.


> Сіздің жайлылығыңыз үшін тәулік бойы қолжетімді ең жаңа технологияларLG интернет-магазинінде қолжетімді . LG, клубының мүшесі бола отырып, сіз бірқатар бонустарға ие боласыз: 5% Алғашқы сатып алу жеңілдігі, тұрақты 2% жеңілдік, барлық техниканы тегін жеткізу және кейбір үлгілерді тегін орнату [3]. Сонымен қатар, төлем жасау үшін банк карталарын, Kaspi QR мен Apple Pay жүйесін пайдалануға, сондай-ақ 24 айға дейін пайызсыз бөліп төлеуге немесе тауарды алған кезде қолма-қол ақшамен төлеуге болады.


###


[1] Үй шаңындағы тірі кенелер мен бактериялардың (E. coli және S. aureus) әсерін азайтқаны үшін BAF (Британдық Аллергиямен күрес қоры) тарапынан мақұлданған.
[2] Intertek зертханасында сыналған: санитарлық-нормативтік бағдарлама қолданылған кезде бактериялардың (E. coli, P. aeruginosa және K. pneumoniae) 99,9%-ын жояды.
[3] Сіз алған техниканы тегін орнату мүмкіндігі бар-жоғын білу және толығырақ ақпарат алу үшін мына бөлімге өтіңіз LG.kz. интернет дүкенінің сайтында жиі қойылатын сұрақтар