We use cookies, including cookies from third parties, to enhance your user experience and the effectiveness of our marketing activities. These cookies are performance, analytics and advertising cookies, please see our Privacy and Cookie policy for further information. If you agree to all of our cookies select “Accept all” or select “Cookie Settings” to see which cookies we use and choose which ones you would like to accept.

Күз – бұл жарқын түстер мен мол өнімнің мезгілі, өзіңді және жақындарыңды дәмді маусымдық тағамдармен еркелетіп, жылы әрі жайлы атмосфера жасағың келетін уақыт. Бұл мезгілде тағамды тек плитада немесе пеште ғана емес, уақыт пен күшті үнемдеу үшін микротолқынды пеште де дайындауға болады. Микротолқынды пеш MH6336GIB LG NeoChef™ дәмді әрі пайдалы тағамдар дайындауға таптырмас құрал. Бұл мақалада біз LG микротолқынды пешінде әзірлеуге болатын қарапайым әрі тәбетті күзгі рецептермен бөлісеміз.
1. Асқабақтан дайындалатын крем-сорпа
Асқабақ – күз патшайымы. Бұл көкөніс дәмді ғана емес, сондай-ақ өте пайдалы. Микротолқынды пеште жұмсақ әрі нәзік асқабақ крем-сорпасын жылдам әрі оңай дайындауға болады.
Ингредиенттер:
• 400 г асқабақ
• 1 сәбіз
• 1 картоп
• 1 пияз
• 200 мл кілегей
• 1 ас қасық зәйтүн майы
• татымына қарай тұз, бұрыш
Дайындалуы:
1. Асқабақ, сәбіз, картоп және пиязды ұсақ текшелерге тураңыз.
2. Көкөністерді терең ыдысқа салыңыз, зәйтүн майы мен аздап су қосыңыз.
3. Қақпағын жауып, LG микротолқынды пешіне 800 Вт қуатта 15 минутқа қойыңыз.
4 Дайын болған соң көкөністерді блендермен біртекті массаға дейін үгітіңіз.
5. Қаймақты кілегей, тұз және бұрыш қосып, араластырыңыз да, пешке тағы 2 минутқа қойыңыз.
6. Асты ыстық күйінде көк шөп және сухарикпен әсемдеп ұсыныңыз.

2. Бал мен даршын қосып пісірілген алмалар
Пісірілген алмалар – микротолқынды пеште оңай дайындалатын классикалық күзгі десерт. Олар керемет хош иісті болып шығады әрі ауызда еріп кетеді.
Ингредиенттер:
• 4 алма
• 4 шай қасық бал
• 1 шай қасық даршын
• Бір уыс мейіз және/немесе жаңғақ (қалауыңызша)
Дайындалуы:
1. Алмалардың өзегін ойып алып, түбін бүтін күйінде қалдырыңыз.
2. Әр алманың ішіне бір қасық бал салып, үстіне даршын себіңіз. Қалауыңызша мейіз немесе жаңғақ қосуға болады.
3. Алмаларды терең ыдысқа салып, қақпағын жабыңыз.
4. LG микротолқынды пешінде 600 Вт қуатта 7–8 минут пісіріңіз.
5. Оларды ыстық күйінде бір шар ванильді балмұздақпен немесе қаймақпен бірге ұсыныңыз.
3. Тауық еті мен саңырауқұлақ қосылған жылы салат
Мұндай салат күзді күні түскі немесе кешкі асқа таптырмас ас. Саңырауқұлақ пен тауық еті асты нәрлі әрі дәмге бай етеді, ал микротолқынды пеш оны бірнеше минутта дайындауға мүмкіндік береді.
Құрамы:
• 200 г тауық сүбесі
• 150 г шампиньон
• 1 болгар бұрышы
• 1 пияз
• 1 ас қасық соя тұздығы
• 1 ас қасық сұйық май
• татымына қарай тұз, бұрыш
Дайындалуы:
1. Тауық филесі мен саңырауқұлақты ұсақ бөліктерге, ал пияз бен бұрышты жарты сақина етіп тураңы.
2. Барлық ингредиенттерді ыдысқа салып, соя тұздығын, майды, тұз және бұрыш қосыңыз. Араластырыңыз.
3. Қақпағын жауып, LG микротолқынды пешінде 700 Вт қуатта 10 минут пісіріңіз.
4. Салатты жылы күйінде көк шөппен әрлеп ұсыныңыз.
4. Алмұрт қосылған пирог
Күзгі алмұрт – бәлішке таптырмас жеміс. LG микротолқынды пешінде бүкіл отбасыға ұнайтын, тез дайындалатын әрі хош иісі мен атмосферасы ерекше алмұрт пирогын пісіруге болады.
Құрамы:
• 2 алмұрт
• 150 г ұн
• 100 г қант
• 2 жұмыртқа
• 100 мл сүт
• 50 г сары май
• 1 шай қасық қамыр қопсытқыш
• шымшым тұз
Дайындалуы:
1. Жұмыртқа мен қантты көпіршіп, көлемі ұлғайғанша жақсылап шайқаңыз.
2. Ерітілген май, сүт, тұз қосып, араластырыңыз.
3. Ұн мен қамыр қопсытқышты біртіндеп қосып, қамыр илеңіз.
4. Алмұрттарды қабығынан тазартып, жұқа тілімдерге тураңыз да, қамырға қосыңыз.
5. Массаны силикон қалыпқа құйып, икротолқынды пешке 600 Вт қуатта 10–12 минутқа қойыңыз.
6. Дайын пирогты жылы күйінде де, суытылған күйінде де ұсынуға болады. Үстіне қант ұнтағын сеуіп беріңіз.
LG микротолқынды пешінде тамақ дайындауға арналған кеңестер.
1. Қолайлы ыдысты пайдаланыңыз. Микротолқынды пеште тамақ дайындау үшін жоғары температураға төзімді шыны немесе керамикалық ыдыстарды қолданған дұрыс.
2. Қуатты реттеңіз. Егер тағам тым жылдам пісіп жатса, оның біркелкі пісуін қамтамасыз ету үшін құрылғының қуатын азайтыңыз.
3. Араластыруды ұмытпаңыз. Тағамның біркелкі пісуі үшін, әсіресе құрамында бірнеше ингредиент болса, оны араластырып тұрыңыз.
LG NeoChef™ микротолқынды пештері тағамды біркелкі қыздырып, оны жылдам дайындайды, сонымен қатар дәмі мен пайдалы қасиеттерін сақтап қалады. Осы күзгі рецептерді қолданып көріңіз де, салқын күндерде жылы әрі хош иісті тағамдардан ләззат алыңыз!
> LG микротолқынды пештерінің түрлі үлгілерімен дәл қазір мына жерде таныса аласыз LG интернет дүкенінде . LG клубының қатысушысы бола отырып сіз бірқатар бонустарға ие боласыз: 5% алғашқы сатып алу жеңілдігі, тұрақты 2% жеңілдік, барлық техниканы тегін жеткізу және кейбір үлгілерді тегін орнату [1]. Төлем жасау үшін банк карталарын, Kaspi QR мен Apple Pay жүйесін пайдалануға, сондай-ақ 24 айға дейін пайызсыз бөліп төлеуге немесе тауарды алған кезде қолма-қол ақшамен төлеуге болады.
Сіз алған техниканы тегін орнату мүмкіндігі бар-жоғын білу және толығырақ ақпарат алу үшін мына бөлімге өтіңіз “Интернет-дүкеннің сайтында” жиі қойылатын сұрақтар .kz.
