Қонақ күтеміз. LG InstaView™ тоңазытқышы — асүйдегі сенімді көмекші.

Қонақ күтеміз. LG InstaView™ тоңазытқышы — асүйдегі сенімді көмекші.

11/07/2024

Шіліңгір жаз – тосын кездесулер мен отбасы, достардың аяқ асты қонаққа келетін кезі. Мұндай сәттерде дәмді әрі балғын тіскебасар мен салқын сусындарды еш қиындықсыз, жылдам ұсыну үшін қажетті заттардың бәрі қолжетімді болғаны маңызды. Осындай жағдайда асүйдегі таптырмас көмекші – көп есікті тоңазытқыш LG InstaView™ . >. Қонақтармен уақытты жақсы өткізу үшін, көп күш жұмсамай-ақ, тоңазытқыштың барлық функцияларын пайдаланыңыз.




Балғындықты сақтау технологиялары
LG-дің көп есікті тоңазытқыштарының басты артықшылықтарының бірі — тағамның балғындығын ұзақ уақыт сақтауға мүмкіндік беретін технологиялардың болуы. Мысалы, FRESHBalancer™ технологиясының көмегімен арнайы бөлімде көкөністер мен жемістерге қажетті ылғал деңгейін орнатуға болады. Жоғарғы жағындағы ұяшықты қақпақтың бетінде артық ылғал конденсат түрінде жиналады, соның арқасында бөлім ішіндегі өнімдер ұзақ уақыт балғын күйінде сақталады. Салатқа арналған көкөністер де, десертке арналған жемістер де өз құнарын және табиғи дәмін жоғалтпайды, сондықтан уайымдаудың қажеті жоқ.
Тағы бір мысал – MetalFresh технологиясы. Тоңазытқыштың ішіндегі арнайы металл пластина температураны оңтайлы деңгейде ұстап тұруға көмектеседі, бұл тағамның балғын күйінде ұзақ сақталуын қамтамасыз етеді. Осылайша, жемістер, көкөністер және басқа да өнімдер әрдайым.


Мұз жасағыш: кез келген жағдайға дайындық
қолдануға дайын тұрады – қонақтар күтпеген жерден келсе де, бәрі қол астыңда болады. Мұз жасағыш: кез келген жағдайға дайындықLG InstaView™ қолыңызда әрдайым жеткілікті мөлшерде мұздың болуын қамтамасыз етеді. Сіз коктейль дайындағыңыз келсе де, жай ғана сусынды салқындатқыңыз келсе де, мұз жасағыш санаулы минут ішінде қажетті мөлшерде мұз-текше немесе үгітілген түрінде дайындап береді.


Үлкен сыйымдылық: барлық қорларыңызға арналған орын
Көпесікті тоңазытқыш LG InstaView™ үлкен сыйымдылығымен таңғалдырады. Мұндай тоңазытқыштар тек негізгі өнімдерді ғана емес, қосымша тіскебасарлар мен сусындарды да оңай сыйғыза алады. Кең сөрелер мен ыңғайлы жәшіктер үлкен кастрөлдер мен тостақтарды орналастыруға мүмкіндік береді, сонымен қатар ұсақ заттарды жинақы қоюға жағдай жасайды. Бұл тоңазытқышты кез келген шараға дайындалу кезінде нағыз таптырмас көмекші етеді.




Экспресс мұздату функциясы: лезде дайындық ExpressFreeze экспресс мұздату функциясы көп мөлшердегі өнімді қысқа уақыт ішінде мұздатуға мүмкіндік береді. Бұл қонақтарға тез бірдеңе дайындау қажет болғанда өте қолайлы. LG ThinQ мобильді қосымшасына кіріп, бір ғана түрту арқылы бұл функцияны іске қосуға болады. Балмұздақ болсын, ұзақ уақыт жылы жерде тұрған сусындар немесе мұздатылған тіскебасарлар болсын – бәрі дер кезінде дайын болады.


InstaView Door-in-Door™: Өнімдерге жедел қолжетімділік InstaView Door-in-Door™ инновациялық функциясы тоңазытқыштың ішіне жай ғана есікке түрту арқылы қарауға мүмкіндік береді. Бұл тоңазытқышты ашпай, ішіндегі қандай өнімдер бар екенін жылдам көру қажет болғанда өте ыңғайлы, әрі суық ауаның сыртқа шығуына жол бермейді. InstaView™ ішкі температураны тұрақты сақтауға және электр энергиясын үнемдеуге көмектеседі.


Тағы бір маңызды артықшылық: кең әрі заманауи технологиялармен жабдықталған LG тоңазытқышына ие болу үшін сауда орталығына барып, уақытыңызды жұмсаудың қажеті жоқ – ас үй кеңістігін ұйымдастыруда таптырмас көмекшіні дәл қазір-ақ мына жерден сатып ала аласыз интернет дүкенде LG .


LG клубының , мүшесі бола отырып, сіз бірқатар бонустарға ие боласыз: 5% алғашқы сатып алу жеңілдігі, тұрақты 2% жеңілдік, барлық техниканы тегін жеткізу және кейбір түрлерін тегін орнату.


# # #


· [1] Сіз алған техниканы тегін орнату мүмкіндігінің бар немесе жоқтығын, толығырақ ақпаратты LG.kz интернет-дүкен сайтындағы «Жиі қойылатын сұрақтар» бөлімінен біле аласыз.kz